30-тарау. КӨЛІКТЕГІ, ЖОЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
559-бап. Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
1. Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және
табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Темiржолды, қорғаныштық ағаш екпелерін, қардан қорғайтын қоршауларды және басқа да жол
объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғыларын бүлдiру –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
4. Темiржолдарға поездар қозғалысының бұзылуын туындатуы мүмкін заттар төсеу, тастау
немесе қалдыру –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
6. Қазақстан Республикасының темiржол көлігі туралы
талаптарын
заңнамасының
1) теміржол желісінің станциялық және магистральдық жолдарын және темір жол кірме
жолдарын күтіп-ұстау;
2) теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жылжымалы
составты, техникалық құралдарды, теміржолдың жасанды құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану және
жөндеу кезінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жеті, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
сегіз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын жылжымалы теміржол составының қалпына
келтіруге келмейтін жағдайға дейін зақымдануына әкеп соққан бұзушылық
–
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
8. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын соның салдарынан жылжымалы составты ағыту
және жөндеуге беру талап етілетін көлемде зақымдауға жол берілген бұзушылық
–
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
9. Тасымалдау процесіне қатысушылардың уәкілетті органға теміржолдардағы қауіпсіздік
бойынша жол берілген бұзушылықтар туралы ақпаратты теміржол көлігіндегі қауіпсіздік
белгіленген мерзімдерде бермеуі -
қағидаларында
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
560-бап. Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын
бұзу
1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру,
вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды заңсыз тоқтату
–
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды
тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу
–
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
561-бап. Жылжымалы теміржол составын мемлекеттік
тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану
1. Жылжымалы теміржол составын уәкілетті органда
немесе қайта
мемлекеттік тіркеусіз
тіркеусіз пайдалану -
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жеті, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
562-бап. Ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарын және
олардың iшкi жабдығын бүлдiру
Ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiржол көлiгiнде жолаушылар
вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды,
троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдығын бүлдiру –
жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
563-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін
пайдалану тәртібін бұзу
1. Қазақстан Республикасының
, атап айтқанда әуе кемелерінің және
әуе кеңiстiгiн пайдалану
басқа да ұшу аппараттарының ұшуы, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде атыстың,
зымырандар ұшырудың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң
қозғалуымен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн:
1) ұшу жоспарын ұсынбай (бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде хабардар етпей) және
(немесе) ұшуды орындауға рұқсатсыз және (немесе) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер
төндіретін қызметті жүзеге асыруға рұқсатсыз қызметті жүзеге асыру;
2) саны рұқсатта көрсетілгеннен артық әуе кемелері тобының ұшуы;
3) әуе кемелерінің әуе кеңiстiгiн пайдалану режимдерін сақтамауы;
4) мәжбүрлі түрде қону және қосалқы әуеайлаққа жіберу жағдайларынан басқа, әуе
кемелерінің ұшу жоспарында көрсетілмеген әуеайлаққа қонуы;
5) әуе кемесінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатынсыз, тыйым
салынған аймақ және шек қойылған аймақ аумағының үстінен ұшып өтуі;
6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын
қоспағанда, әуе кемелерінің тік, ұзына бойына, қапталдан эшелондауды сақтамауы, әуе
трассаларынан, жергілікті әуе желілерінен, маршрут осьтерінен белгіленген нормалардан артық
қашықтыққа ауытқуы;
7) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын
қоспағанда, әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе
қозғалысын басқару органдарының командаларын орындамауы түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылық жасаудың құралы болған зат тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес,
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
564-бап. Ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзу
1. Әуеайлақ ауданында әуеайлақтарды тану үшін қабылданған таңбалық белгілер мен
құрылғыларға ұқсайтын қандай да бір белгілер мен құрылғыларды орналастыру немесе әуежай,
әуеайлақ әкімшілігінің рұқсатынсыз пиротехникалық бұйымдарды жағу немесе құстардың топталып
жиналуына ықпал ететін, әуе кемелерінің ұшуы үшін қауіпті объектілер орнату –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттар мен құрылыстарда түнде және күндіз көрінетін таңбалық белгілерді немесе
құрылғыларды орналастыру туралы қағидаларды орындамау –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуеайлақ жабдығын, әуеайлақ белгілерін, әуе кемелері мен олардың жабдығын бүлдіру –
жеке тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Әуежайлардың (аэровокзалдардан басқа), әуеайлақтардың, ұшуды радиомен және жарықпен
қамтамасыз ету объектілерінің аумағы бойынша тиісті рұқсатсыз жүріп өту немесе көлікпен өту –
жеке тұлғаларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жолаушының әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігі қағидаларын бұзуы, егер бұл іс-әрекет ұшу
қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай туындатса, –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес
тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
565-бап. Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі
жоқ авиация
персоналын жұмысқа жіберу
Кәсіптік даярлықтан өтпеген не тиісті біліктілігі жоқ авиация персоналын жұмысқа жіберу –
лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
566-бап. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзу
1. Әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын әуе кемесіндегі адамның әуе кемесі командирінің
немесе экипаждың басқа да мүшелерінің өкімдерін орындамауы түрінде жасаған бұзуы, егер осы
адамның іс-әрекеті ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе, –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс
қызметтерін, әуе кемесін жермен жүру, биіктікті алу, қонуға бет алу кезеңдерінде тұрмыстық
мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
567-бап. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған
немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш
келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан
рейс кідіртілген, орындалмаған кезде
тасымалдаушының жолаушыға қызметтер көрсету
жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше
орындамауы
1. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің
кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде
тасымалдаушының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы
Қазақстан Республикасының
көзделген, жолаушыға қызметтер көрсету жөніндегі
заңнамасында
міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
568-бап. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны қасақана
жасыру
Авиациялық оқиғаны, оқыс оқиғаны немесе бұлар туралы мәліметтерді қасақана жасыру не
ақпаратты бұрмалау не борттағы немесе жерүстіндегі объективтік бақылау құралдарын немесе
авиациялық оқиғамен немесе оқыс оқиғамен байланысты басқа да дәлелдеме материалдарды бүлдіру
немесе жою –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде,
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
569-бап. Әуе кемелерін пайдаланудың қауіпсіздік
қағидаларын бұзу
1. Осы баптың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші
бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерін ұшуды орындауға жіберу
не
тәртібін
ұшуға дайындау және оны орындау
бұзу, егер бұл әрекеттер абайсызда жәбірленушінің
қағидаларын
денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, –
жеке тұлғаларға әуе кемесін басқару (әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе кемесіне
техникалық қызмет көрсету) құқығынан алты ай мерзімге айыра отырып, отыз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкілетті органның рұқсатынсыз ұшуды орындауды бастауға тыйым салынған ақаулар болған
кезде не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормаларын немесе әуе кемесінің ұшу массасы
немесе орталықтануы бойынша шектеулерді бұза отырып әуе кемесінде ұшу –
әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе
әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Әуе кемесін басқаруға құқығы жоқ адамның оны басқаруы – қырық айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ не
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда есепте тұрмаған не көрінеу жалған мемлекеттік
және тіркеу тану белгілері бар әуе кемесін басқару –
әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе
әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ әуе
кемесін басқару не өзімен бірге әуе кемесінің осы түрін басқару құқығына құжаттары жоқ ұшу
экипажы мүшесінің әуе кемесін басқаруы –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ, не
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда есепте тұрмаған не көрінеу жалған мемлекеттік
және тіркеу тану белгілері бар не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және
ұшу құжаттамасы жоқ не ұшу немесе кабина экипажы жасақталмаған не уәкілетті орган беретін
рұқсатсыз оны пайдалануға тыйым салынған ақаулары бар, не жолаушылар сыйымдылығы (жүк
сыйымдылығы) нормалары немесе әуе кемесінің ұшу массасы немесе орталықтануы бойынша шектеулер
бұзылған әуе кемесін ұшуға жіберу, сол сияқты әуе кемесіне қызмет көрсетуге осыған құқығы жоқ
немесе масаң күйдегі адамды жіберу не оның әуе кемесіне қызмет көрсетуі –
жеке және лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Бортында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іздеу және авариялық-құтқару
құралдары жоқ әуе кемелерінің ұшуды орындауы –
жеке және лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Авиация персоналы куәлігін бүлдіру немесе жоғалту –
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
570-бап. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзу
1. Авиациялық қауіпсіздік
бұзу –
қағидаларын
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуежай, әуеайлақ аумағының периметрі қоршауларын күтіп-ұстау жөнінде шаралар қолданбау
, егер бұл іс-әрекет авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға әкеп соқпаса, –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
571-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау
қағидаларын бұзу
1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді
халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау
бұзу –
қағидаларын
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі).
572-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде
жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің
бұзылуы
1. Мыналарды:
1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушыларды, багажды автомобильмен облысаралық қалааралық, тұрақты және ауданішілік
тасымалдауды;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қаларалық, ауданаралық (
облысiшiлiк қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiлердiң еңбек
және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ақауы жоқ
осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен немесе бұрын
пайдаланылған диаграммалық дискiлердi қолдана отырып не электрондық (цифрлық) тахографтарды
қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты жүгiзушiлердiң еңбек және
демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей (бақылау құрылғысының ақауы болған
жағдайда) автокөлiк құралын пайдалану –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен
тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық
қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы
көзделген жағдайларда,
заңнамасында
шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында
автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы –
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне – жиырма бес, заңды тұлғаларға бес жүз айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат ету карточкаларында көрсетiлмеген автокөлiк құралына
отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсатты пайдалануы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсаттар бланкiлерiн басқа отандық тасымалдаушыға
беруi –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес
, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде
жүргiзушiнiң келiсiлген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк тасымалдаушының Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаулардың
рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану
сәйкес ресiмделмеген отандық
қағидаларына
рұқсатты пайдалануы –
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
574-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
халықаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге
асыру кезiнде автокөлiк құралдары
жүргiзушiлерінде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы
Жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты емес тасымалдауды жүзеге
асыру кезiнде автокөлiк құралдары жүргiзушiлерінде жолаушылар тiзiмiнiң болмауы –
жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
575-бап. Шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен
Қазақстан Республикасының аумағында
автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген автокөлiк құралдарымен тасымалдауды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды,
багажды немесе жүктердi шет мемлекеттiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен тасымалдау –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
576-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және
багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды
жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары
жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес
тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының
болмауы –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге
асыру кезiнде Қазақстан Республикасының
аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды
тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан
Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшiн жол жүру құжаттарын (
билеттердi) сатуды ұйымдастыру –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан
Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдау –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
578-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз
ету қағидаларын бұзу
1.
кемелердің маневр жасауы мен қозғалуының белгіленген тәртібін бұзу,
Теңіз көлігінде
нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен
белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе
тоқтата тұру, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын
орындамау –
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы жұмыстар
кезінде сигналдар беру қағидаларын сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
579-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс
құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
580-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ
шағын көлемді кемелерде жолаушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
және
кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде құтқару және
Теңіз
өзен көлігі
авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру
мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды
жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
581-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе
тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ
адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз,
жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде,
жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен
шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын көлемді кемеден басқасын) жүзуге
шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi
немесе оның механизмдерi мен жабдығын басқаруға жiберу
–
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан)
өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жабдықтармен
жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын көлемді кемелердi жүзуге
шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi
басқаруға жiберу
–
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi
пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi,
оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы
жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан)
өтпеген, немесе борт нөмiрлерi мен белгiлеулерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған
немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жолаушылар сыйымдылығы
нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып кеменi
(оның iшiнде шағын көлемді кеменi) басқару
–
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кеменi, оның
iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруы, сол сияқты кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi
өзімен бірге осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығын растайтын құжаты жоқ
адамның басқаруы немесе мұндай кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ
адамға басқаруға беру –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме
құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған тiркеу
борт нөмiрлерiмен және белгiлеулерiмен басқару –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
583-бап. Кемелердiң жүзу, оларға жүк тиеу және олардан жүк
түсiру қағидаларын бұзу
1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқасы) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және
дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын,
кемелерге жүк тиеу және олардан жүк түсiру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және
гидротехникалық құрылыстар мен жабдықты бүлдіру
–
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге де жүзетін объектілердің
белгiленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгiлердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған
жерлерде кеменi әдейi тоқтату немесе тоқтата тұру, гидротехникалық құрылыстарды немесе
техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгiлерiн бүлдiруi, маневр
жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы
–
ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр
жылға дейiнгi мерзiмге шағын көлемді кеменi басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын көлемді кемелерді пайдаланудың
өзге де қағидаларын бұзуы
–
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
584-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигналдар
беру қағидаларын сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру
тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда
балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртiбiн бұзу
–
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы
құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа да
гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және
оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен сигналдарды айырып-тануға
кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздерді
тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату
–
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау –
ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу,
түсiру және жинап қою қағидаларын бұзу
Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеудің, түсiрудің және жинап қоюдың техникалық
шарттарын, кемеде жүктердi бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу (түсiру) актiсiн
ресiмдемеу –
екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
586-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрақ орындарына
арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану
қағидаларын бұзу
1. Шағын көлемдi кемелердiң тұрақ орындарына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын
көлемдi кемелердi базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауiпсiздiгiне
арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетiлген базаларда (құрылыстарда
)
тәртiппен тiркелмеген шағын көлемдi кемелердi күтіп-ұстау –
белгiленген
жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемдi кемелердiң жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгiленген
режимiн сақтамау –
ескерту жасауға немесе жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
587-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөнiндегi
талаптарды бұзу
Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдiк техникалық қарап-тексерулерден өткiзу
мерзiмдерiн бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және керi итергiш
құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерiнiң сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуi,
сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап-тексеру журналының және теңiз порты паспортының
болмауы –
жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
588-бап. Кемелермен, оның iшiнде шағын көлемдi кемелермен
болған авариялық жағдайлар мен көлiк оқиғаларын
тергеп-тексеру қағидаларын бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесiнiң, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының
көлiктiк бақылау органдарына теңiз көлiгi кемесiмен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлiгi
кемесiмен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –
жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргiзушiсiнiң немесе кеме иесiнiң көлiктiк бақылау органдарына шағын көлемдi
кемемен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –
жеке және лауазымды адамдарға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлiк оқиғасын тергеп-тексеруді жүргiзетiн органның не
лауазымды адамның сұрау салуы бойынша материалдарды, анықтамаларды, түсiнiктемелердi, кеме
құжаттарынан үзiндi көшiрмелердi не тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да ақпаратты
бермеу немесе уақтылы бермеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
590-бап. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары
бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан
кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi
белгiлерiн (белгiсiн) орнату –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi)
бар көлiк құралын басқару –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк
құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару
–
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк
құралдарын басқару –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды,
сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы)
техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс
алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына
рұқсат беру –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару
–
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк
жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың
барлық түрлерiн және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды,
сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
591-бап. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң
телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе
қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
592-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген
жүру жылдамдығын арттыруы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма
километрге дейiнгi шамаға арттыруы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге
дейiнгi шамаға арттыру –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға
арттыру –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
593-бап. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын
аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi
тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол
жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы
1. Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және
жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде
қауiпсiздiк белдіктерiн, мотоциклдердi басқару және олармен жолаушыларды тасымалдау кезiнде
мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйрету, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық
көрiнбейтiн кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не
мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi
тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатсыз, салмақтық
асыра
параметрлерді
отырып, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн
жүрiп өтуi –
жол берілетін салмақтық параметрлер бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға –
елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он
тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір
жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға –
екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сегіз
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының көлемдік
асыра отырып, арнайы
параметрлерін
рұқсатсыз, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн
жүрiп өтуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының арнайы рұқсатта
көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімдерден ауытқи отырып
жүрiп өтуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Барынша рұқсат етiлген массасы Қазақстан Республикасының
белгiленген
заңнамасында
автокөлiк құралының жол берiлген жалпы массасынан асып түсетiн өзi аударғышпен ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүктердi тасымалдау –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының
белгiленген, жол берілген салмақтық және көлемдiк параметрлерді асыруы –
заңнамасында
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
594-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе
жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп
соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік
құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол
қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
595-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау
алдындағы сигнал беру талабын орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің
екінші бөлігінде және
көзделген жағдайларды
594-бабының
598-бабында
қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру
талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
596-бап. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру,
қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын
бұзу
1. Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе
тротуарлармен жүру –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру
бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты
ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң
қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу –
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не
ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
597-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру
қағидаларын бұзу
1. Осы Кодекстің
бірінші бөлігінде,
және осы баптың екінші,
593-бабының
607-бабында
үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап
тұру қағидаларын бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ
көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын
жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік
құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы
органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың
орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған
орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 597-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015
№ 312-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
598-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған
жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының
жүруiне басымдық бермеу
1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және
арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр
мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер
көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
599-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе
реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту
1. Осы Кодекстiң
бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,
607-бабының
бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
600-бап. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де
қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу
1. Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол
жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру
талаптарын орындамау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
601-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi
таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен
немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің жүргiзiп
үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын
және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану,
авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын
бұзуы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру
аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық
тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
603-бап. Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс
сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату
қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер
автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық
схемаларын заңсыз жазу
1. Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл
түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк
құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату –
көрсетілген аспаптар мен бейімдеме құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет
сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату –
көрсетілген құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы
түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
604-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау
қағидаларын бұзу
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау
жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің «Жол жүрісі
туралы» Қазақстан Республикасының
көзделген міндеттерді орындамауы –
Заңында
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кәсіптік бірлестіктердің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті
органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы
және (немесе) тиісінше орындамауы –
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы
куәлікті тоқтата тұрып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдары
жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын
тоқтата тұрған себептерді жоймау –
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу
туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің «Жол жүрісі
туралы» Қазақстан Республикасы
аккредиттеу туралы куәліктен айыруға негіздер болып
Заңының
табылатын талаптарын бұзуы –
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу
туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі туралы»
Қазақстан Республикасының
көзделген міндеттерді орындамауы –
Заңында
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастай
отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
7. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын
белгіленген мерзімде орындамауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
606-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын
авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы
1. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне
басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi
қағидаларын бұзуы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
607-бап. Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу
1. Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе жабылып
жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшiсiнің тыйым салатын сигналы берілген
кезде темiржол өтпелерiне шығу, сол сияқты темiржол өтпесiнде тоқтау немесе тоқтап тұру –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,
есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде
басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,
есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң
күйдегі адамның басқаруына беру
1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң
күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық
масаң күйдегі адамның басқаруына беру –
көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан
әрекеттер –
көлік құралын басқару құқығынан төрт жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол
құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер –
көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі
өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын басқару
құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару
құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын
басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің
50-бабының
екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
609-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты
тасымалдауды көрсетiлген тасымалдау
Достарыңызбен бөлісу: |