233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып
кредит, қарыз алу не оларды пайдалану
1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымға дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi
немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алу үшiн
елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну арқылы кредит не
кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алуы, сол сияқты банкке немесе өзге де кредиторға кредит
берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердiң күшін жоюға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғуы
мүмкiн мән-жайлардың туындауы туралы ақпаратты хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал
келтiрмесе, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет жеке
тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз
қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға,
сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану –
мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы – тиісті заңды тұлғаның бірінші
басшыларына, олардың орынбасарларына не тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген оларды
алмастыратын адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге
түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық есепке
жатқызбау –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы, толық есепке
жатқызбау –
лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
235-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi
жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу
алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу –
Бюджеттiк есепке
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
236-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер
мен мемлекет кепiлгерлiктерін беру шарттары мен
рәсiмдерiн бұзу
,
мен
Бюджеттiк кредиттердi
мемлекеттiк кепiлдiктер
мемлекет кепiлгерлiктерiн беру
шарттары мен рәсiмдерiн бұзу –
лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
237-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу
1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген
көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу
бұзуы –
қағидаларын
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет
–
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады
.
238-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
пен қаржылық есептiлiк туралы
көзделген мiндеттердi:
заңнамасында
1) iрi залал келтiрмеген, бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару;
2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын
деректердi жасыру, сол сияқты iрi залал келтiрмеген бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
3) жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер сертификаты жоқ адамды
тағайындау түрiнде жасалған орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде
камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жойылған жағдайда,
лауазымды адам осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Ескерту. 238-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
239-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
заңнамасын бұзуы
1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк
туралы
:
заңнамасын
1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын
iс-әрекет белгiлерi болмаса;
2) құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны
бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттiк бақылау және
қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу
анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну, қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген
мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау;
3) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын
деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
4) қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас
бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының
, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму Банкінің операцияларды
бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпей жүргізуі –
заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің
кемінде бір жүз және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының
, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстан Даму Банкінің қаржылық
есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк
есеп пен қаржылық есептілік туралы
белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп
заңнамасында
әдістерін (қағидаттарын) бұзып жүргізуі –
заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық
есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
239-1-бап. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау
жөніндегі ұйымдардың емтихан өткізу тәртібін
бұзуы
1. Бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың Қазақстан
Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
келмейтін емтихан модульдері бойынша емтихан өткізуі, –
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет, аккредиттеу туралы куәліктен айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 239-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оған қолжетімділігі бар тұлғалардың
iрi залал келтiрмей жария етуi –
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
241-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында
белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында
белгiленген аккредиттеу қағидаларын бұзу –
заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Осы бапта көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап
жасалған әрекет –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
242-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының
пруденциялық нормативтердi және (немесе)
сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен
лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептілікте қамтылған көрсеткіштерді не
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы
айқындалған
заңнамасында
пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді
орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген
пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi
бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы –
заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
243-бап. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама
туралы куәліктер бойынша немесе валюталық
мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операциялары бойынша есептілікті,
сондай-ақ ұлттық валюта мен шетел валютасын
репатриациялау мерзімдеріне және шарттарына
әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын
растайтын ақпарат пен құжаттарды беру тәртібін
бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе
валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша анық
емес есептілікті ұсыну –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында
бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес – заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе
валюталық мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша
есептілікті уақтылы ұсынбау –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында
бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес – заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық
мониторинг бойынша, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бойынша есептілікті
ұсынбау –
жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының аумағында
бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына
әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды уақтылы бермеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
8. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) шарттарына
әсерін тигізетін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпарат пен құжаттарды бермеу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
244-бап. Валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы
куәлікті немесе валюталық операцияларға тіркеу
куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар жөнінде хабарлама туралы
куәлікті
немесе валюталық операцияларға
алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы –
тіркеу куәлігін
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
245-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге
тапсырыс берушiлерден жасыруы
Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiлерден
жасыруы –
«аудитор» бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
246-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның анық емес
аудиторлық есеп, сондай-ақ анық емес аудиторлық
қорытынды жасауы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014
Заңымен (01.01.2015 бастап
№ 269-V
қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Кодекстің
көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық
249-бабында
ұйымның анық емес аудиторлық есепті жасауы –
аудиторларға – сексен, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата
тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу анық емес аудиторлық есепті жасауы –
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға – бір жүз он айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, аудиторлық
ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
біліктілік куәлігінен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы –
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұрып не онсыз,
аудиторлық ұйымға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымға екі жүз
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен (01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі).
246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит
жүргізу, квазимемлекеттік сектор
субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу
тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын бұзушылықтарды
қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне
арнайы мақсаттағы аудит жүргізу тәртібін бұзуы, –
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның
аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын
салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы
түсініледі.
2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу
тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі
уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу
бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайтын,
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік
сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша тәртібінде белгіленген міндеттерді
аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
Ескерту. 15-тарау 246-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы
заңнамасында
көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
тыйым салынған
Заңында
жағдайларда жүргізу –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде
анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін
заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарламау және осы
аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу –
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
5. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тиісті уәкілетті органдарға Қазақстан
Республикасының аудиторлық қызмет туралы
сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты
заңнамасына
уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты анық емес мәліметтерді беруі –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Аудиттелетін субъектілер атынан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың,
мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдардың аудиті, сондай-ақ
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит нәтижесінде анықталған, бюджет
қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ
мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы, –
бірінші басшыларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
7.
біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға есептілікті және
Аудиторлық ұйымдардың
(немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі –
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
8. Аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аудиторлық есептi
ұсынбауы –
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың:
1) аудиторлық ұйымдар – кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының он пайызында, бірақ
кемінде бесеуінде күнтізбелік он екі ай осындай кәсіби ұйым тарапынан өтінішхатсыз аудиторлық
қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылуының болуы;
2) уәкілетті орган ескерту шығарған себептерді үш ай ішінде жоймауы;
3) аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізудің Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі;
4) Аккредиттеу қағидаларын бір жыл ішінде жүйелі түрде (қатарынан екі реттен көп) бұзуы;
5) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Аудиторларға кандидаттарды
аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын құрмау түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының
аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзуы, –
аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес
келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
көзделген мерзімде
Заңында
аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы кірмеуі, –
лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Ескерту. 247-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға
байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы
белгiленген
заңнамасында
жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға
уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес аудиторлық
есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару
жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi
Мiндеттi аудит
келтiру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау
талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына ұлттық валюта мен шетел валютасын:
1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық валюта мен
шетел валютасындағы түсiмдердi;
2) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң
пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер
көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға
жататын ұлттық валюта мен шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған, ұлттық валюта мен
шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел
валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі
өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ
долларына баламалы сомадан асып түскен және егер осы әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда басталады.
Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта
болмайды.
252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан
Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып
жүргізу
1. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау
пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізбеу, резиденттер
арасында тыйым салынған валюталық операциялар жүргізу, ақша төлемдері мен аударымдарын
уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүргізбеу, егер мұндай талап Қазақстан Республикасының
валюта
белгіленсе, –
заңнамасында
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға, белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының – елу,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
белгілеген айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге
сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қолма-қол шетел валютасын иелену және (немесе) сату бағамдарын белгілеу туралы өкім
шығарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртібін өкім шығарылған жердің
жергілікті уақытымен күндізгі сағат 18.00-ден келесі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі кезеңде және (
немесе) «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамының жұмыс емес күндері осындай өкім шығару
арқылы бұзу –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 422-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу
Арнаулы валюталық режимді:
1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы рұқсатын
алу талабын орындамау;
2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
5) Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді
сақтамау бөлігінде бұзу –
жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген операция
сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер
жасау кезінде
пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз
инсайдерлік ақпаратты
беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы қағаздармен және (немесе)
туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар беру жөніндегі
әрекеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының эмитенттерге қатысты инсайдерлер деп
танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге ақпарат беруі жөніндегі талаптарын орындамауы, егер
осы әрекеттер ірі залал келтірмесе, –
жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы
инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру бөлігінде
эмитенттердің Қазақстан Республикасының
белгіленген талаптарды бұзуы –
заңнамасында
заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз
жарнамалау
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес мәлiметтер
ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз жарнамалау –
жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
256-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге
де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты,
мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің)
және (немесе) үлестес тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын
ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет)
ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп
рет) уақтылы ұсынбауы –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің)
және (немесе) үлестес тұлғаларының, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің
қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді
және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде
екі және одан да көп рет) ұсынуы –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң бағалы қағаздармен жасалатын операциялар туралы
көрiнеу жалған, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәліметтер ұсынуы –
заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп берілуі эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне
өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе)
өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметі туралы және
облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау туралы хабарлау;
тәуекелдерді басқару және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды ішкі бақылау жүйесіне
қойылатын талаптардың орындалуын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген құжаттар мен есептілік түсініледі.
Ескерту. 256-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі); 24.11.2015
№ 422-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі)
Заңдарымен.
257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, кіріс бөлiгiн бөлу (
дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi
туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен
өткiзудiң Қазақстан Республикасының
белгiленген тәртiбiн бұзу –
заңнамасында
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алудың Қазақстан
Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде
белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы, сондай-ақ өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып
алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару
проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
258-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы
құралдарымен мәмiлелер жасау тәртібін, сондай-ақ
мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаудың Қазақстан
Республикасының
белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан
заңнамасында
Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз
, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық
есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
мақсатында мәмiлелер жасасу
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау
мақсатында мәмiлелер жасауы –
жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен (бағамдарымен), оның
ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасасуы –
жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер сомасының он
пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. 259-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
№ 422-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
260-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар
бойынша құқықтарды есепке алу және растау
тәртiбiн бұзу
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар
тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол
сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар
мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығына басқа кәсiби қатысушыға берудің Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
261-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары
мен тәртiбiн бұзуы
1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, оның ішінде
қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген, осы
баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, облигацияларды орналастырудан алынған
ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы –
лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес
ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, шет мемлекеттің
аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы –
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу
пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
262-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және
бағалы қағаздармен сауда-саттықты
ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты
ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының
белгiленген
заңнамасында
талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы
–
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу
жөніндегі міндетті бұзу
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе
) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалатын тәртіппен және шарттармен ақпаратты ашу
жөніндегі міндетті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет)
орындамауы, сол сияқты өз қызметі туралы толық емес немесе анық емес ақпаратты бірнеше рет (
қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 263-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
қолданысқа енгізіледі).
264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының және
инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы
заңнамасын бұзуы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының
салымшылардың (алушылардың) дербес шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы,
сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы
белгiленген тәртiбiн iрi залал
заңнамасында
келтiрмей бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы қорының
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзып, мәмілелер мен
операцияларды жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
265-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының талаптарын бұзу
1. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өз
қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер
туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы
талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы –
Заңының
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының дәл
емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
266-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде
төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi
бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына бір
мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы –
төлемдi жүзеге асырған заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
267-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және жедел басқару
құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық
кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай
мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты
есебiнен қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (
қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет
қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi
белгiленген тiркеусiз және (немесе)
заңнамада
уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң
немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның)
мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы
органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл
iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2.
биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда
Тауар биржасының
қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар
енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу –
тізбесіне
жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке
жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле
жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
268-бапты 5 және 6-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015
№ 364-V
Заңымен (
01.07.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында
орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
268-бапты 9 және 10-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015
№ 364-V
Заңымен (
01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
11. Тауар биржаларының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға есептіліктің
күнделікті нысандарын ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған ұсынуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты жүргізу режимдерін орындамауы –
заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл
ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
268-бапты 15-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015
№ 364-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015
№ 364-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |