Реферат қ. Р-ның әлеуметтік кәсіпкерлік капорациялық қалыптасуы мен дамуы



бет1/4
Дата12.10.2022
өлшемі97,97 Kb.
#42639
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Nurlan3


ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


РЕФЕРАТ

Қ.Р-ның әлеуметтік кәсіпкерлік капорациялық қалыптасуы мен дамуы

Тобы:МТк21-1h
Орындаған:Алибаев Н
Қабылдаған:Өтебекова Б

Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.


Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы коптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рыноты экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын кездейді. Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.
ҚР Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. /2/
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кэненiң, А.Смиттiң, Ж.Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Кәсіпкерліктің даму тарихына тоқталатын болсақ, алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік мәмілелер (тауар — тауар) формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған қауымдастықтардың ыдырап, құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты — жаулап алу нәтижесінде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар. Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі — сауданың пайда болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болган.  Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу нарықтарында қиыншылық тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік қоғамдардың құрылуына — Ост-Индиямен, Гудзон шыганағымен сауда жасаған ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын тапты. /3/


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет