Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша: «салық органына», «салық органдарына»


-БӨЛIМ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУ



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата13.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#4009
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

4-БӨЛIМ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУ
37-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
      736-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс
                жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен 
айқындалады.
      2. Қылмыстық немесе азаматтық iстi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану 
тәртiбi осы Кодекстiң және тиісінше Қазақстан Республикасының 
 мен 
Қылмыстық-процестік кодексi
Қазақстан Республикасының 
 ережелерімен айқындалады.
Азаматтық процестік кодексiнің
      737-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс
                жүргiзу мiндеттерi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерi:
      1) әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы 
Кодекске сәйкес шешу;
      2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының орындалуын қамтамасыз ету болып 
табылады.
      738-бап. Iс жүргiзу тiлi
      1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу 
мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да 
тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, органдар (
лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады. 
      3. Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске 
қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, 
түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен 
танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының 
қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа 
тiлде жазылған, заң бойынша оларға қажеттi iс материалдарын iс жүргiзу тiліне тегiн аударып 
беру қамтамасыз етiледi.
      5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға жататын процестік құжаттар олардың ана 
тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуға тиiс.
      6. Аударма бойынша шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметтерi мемлекеттiк бюджет 
есебiнен төленедi.
      739-бап. Мерзiмдердi есептеу
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайдаланылатын 
мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен және жылдармен есептеледi.
      2. Мерзiмдердi есептеген кезде мерзiмнің өтуі басталатын сол сағат пен тәулiк есепке 
алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
      3. Мерзiм тәулiктермен есептелетін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi есептеген кезде оған 
жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
      4. Мерзiмді тәулiктермен есептеген кезде мерзiм бірінші тәулiктiң нөл сағатынан кейiн 
есептеледі және мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында бітеді.
      5. Мерзiмді айлармен немесе жылдармен есептеген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде 
бітеді, ал егер бұл айда тиiстi күні болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер 
мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, әкiмшiлiк ұстап алу кезiнде 
мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы 
күнi деп есептеледi.
      740-бап. Өтiнiшхат
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысатын адамдардың, 
жүргiзуінде осы iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына 
жататын өтiнiшхатты мәлiмдеуге құқығы бар.

      2. Өтiнiшхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық 
құжат нысанында мәлiмделедi және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу қарау мүмкін болмаған
жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға
тиіс.
      3. Өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас 
тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына 
жеткізіледі.
      
 
 
 
Ескерту. 740-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016 бастап
 
қолданысқа
енгізіледі).
      741-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс
                жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар
      1. Мынадай мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болмауы;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы,
      3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi 
жойылуы;
      4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе 
іс-әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан 
Республикасының Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес деп тануы;
      5) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтуi;
      6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша судьяның, 
органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысының не әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстi тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт 
бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;
      7) өзіне қатысты іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуы, заңды 
тұлғаның таратылуы;
      8) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету 
саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде 
техникалық қателер туындаған жағдайда, салық төлеушiнiң салық есептiлiгi нысандарын электрондық 
түрде ұсыну бойынша салықтық мiндеттеменi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
мерзiмде орындамауына әкеп соғуы;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;
      10) Осы Кодекстің 
 белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл төлегенін растайтын
897-бабында
құжаттың болуы;
      11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен адам саудасына
байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылуы.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2)
тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не 
іс-әрекет осы Кодекстiң 
 сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты жоққа шығаратын мән-жайларда 
5-тарауына
жасалған жағдайда тоқтатылады.
      742-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк
                беретiн мән-жайлар
      Қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болуына 
байланысты материал прокурорға, сотқа дейінгі іс жүргізу органына берiлген жағдайда әкiмшiлiк 

құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн
.
      743-бап. Хабардар ету (хабарлама)
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға істі қарау 
немесе жекелеген процестік әрекеттер жасау уақыты мен орны туралы хабарланады және олар 
хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады.
      2. Хабардар ету (хабарлама), оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хат, 
телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық 
мекенжай бойынша мәтіндік хабар не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін 
өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.      
      3. Егер істе көрсетілген мекенжай бойынша адам шын мәнінде тұрмаса, хабарлама немесе 
шақыру заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға 
арналған хабардар ету (хабарлама) оның тұрған жері бойынша жіберіледі.
      4. Хабардар ету (хабарлама):
      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың тиісті бағанында әкімшілік жауаптылыққа 
тартылатын адамның қолы болған;
      2) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне
тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын 
тапсырыс хатпен, жеделхатпен адам хабарланған жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады. 
Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылады, ол 
өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны 
алғаны жөнінде қол қояды;
      3) хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қол қоюымен 
растаған, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша 
мәтіндік хабар жіберілген;
      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық 
төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар 
етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.
      5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылатын
адам өзі көрсеткен тұрғылықты жері (тұрған жері) мекенжайының, жұмыс орнының, ұялы байланыстың 
абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен танысқанын өзінің қол қоюымен 
растайды, ал көрсетілген мекенжайларға жіберілген хабардар ету (хабарлама) тиісінше және 
жеткілікті деп есептелетін болады.
      5-1. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің өзге де 
қатысушыларына ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама арқылы сотқа келу 
туралы хабардар етуді алуға келісімі туралы талон беріледі, шығыстар олардың өз есебінен 
төленеді.
      Талонның үзілетін бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен бірге 
беріледі.      
      6. Адресат хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін 
немесе тапсыратын адам сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарылатын хабардар етуге (
хабарламаға) тиісті белгі соғады.
      7. Адресаттың хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартуы істі қарауға немесе 
жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды.
      
Ескерту. 743-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
  (01.01.2015 бастап 
 
  
 
 
қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015
№ 432-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі); 
 
  
 
 
31.10.2015
№ 378-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.

38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША IС
ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
      744-бап. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
                іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға
      1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам 
хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың 
мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мен 
қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті қарау кезінде ана тiлiнде 
немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы 
көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының 
қолданылуына, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға,
одан үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне 
осы Кодекспен берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға iстiң қаралатын орны
мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру 
туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.
      3. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамаққа алу, сондай-ақ 
шетелдiкті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып 
жiберу немесе адамға берiлген арнайы құқықтан (көлiк құралдарын басқару құқығын қоспағанда) 
айыру түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау 
кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның қатысуы мiндеттi.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған тұлғалар жүргiзуiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iс жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судьяның, органның (лауазымды 
адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұл адамға күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн.
      Соттың күштеп әкелу туралы ұйғарымын – сот приставы немесе iшкi iстер органы; әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органның (лауазымды адамның) ұйғарымын iшкi iстер органы (
полиция) орындайды.
      5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
кәмелетке толмаған адам, талқылануы оған терiс әсер етуi мүмкiн iстiң мән-жайларын қарау 
кезiнде шығарыла тұруы мүмкiн.
      745-бап. Жәбiрленушi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан дене жарақатын алған, мүлiктiк немесе моральдық зиян 
келтiрiлген жеке немесе заңды тұлға жәбiрленушi болып табылады.
      2. Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, дәлелдемелер
ұсынуға, өтiнiшхаттар мен қарсылықтар мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзiне 
осы Кодекспен берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Оған iстiң 
қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды 
кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде 
қаралуы мүмкiн.
      4. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 
 көзделген тәртiппен куә ретiнде жауап алынуы 
754-бабында
мүмкiн. Егер жәбiрленушi заңды тұлға болып табылса, куә ретiнде оның өкiлiнен жауап алынуы 
мүмкiн.

      746-бап. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi
      1. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша өз 
құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыру мүмкiндiгiнен айырылғандар болып табылатын, өзiне қатысты 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның немесе 
жәбiрленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады.
      2. Ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қамқоршысы немесе 
асыраушысы болып отырған өзге де адамдар жеке тұлғаның заңды өкiлдерi деп танылады.
      3. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туыстық байланыстары немесе 
тиiстi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен куәландырылады
.
      4. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке 
тұлғаның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алған немесе 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi.
      5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке 
тұлғаның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiлі болып отырған тұлғаларға қатысты 
осы Кодексте көзделген құқықтары болады және мiндеттердi алады.
      6. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау 
кезінде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлi келуден 
жалтарған жағдайда, оған iшкi iстер органы (полиция) жүзеге асыратын күштеп әкелу қолданылуы 
мүмкiн.
      747-бап. Заңды тұлғаның өкiлдерi
      1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан немесе 
жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды оның 
өкiлдерi жүзеге асырады.
      2. Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкiлi болып табылады, 
ол заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң өкiлеттiктерi оның 
қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
      Заңды тұлғаның мүдделерiн бiлдiретiн өзге де адамдар тапсырма бойынша өкiлдер болып 
табылады, олардың өкiлеттiктерi заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның атынан беретiн 
және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенiмхатта айқындалады.
      3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды 
тұлға және жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкіл болып отырған тұлғаларға қатысты осы Кодексте 
көзделген құқықтары болады және мiндеттердi алады.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға өкiлiнiң қатысуымен қаралады. Аталған тұлғаға iстiң 
қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған, егер одан iстi қарауды 
кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде 
қаралуы мүмкiн.
      5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу не 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақшаны және 
бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын заңды тұлға өкiлiнiң қатысуы 
мiндеттi.
      6. Заңды тұлғаның өкiлi жүргiзуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) 
шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, аталған тұлғаға жүргiзуінде iс жатқан судьяның, 
органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер (полиция) және қаржы полициясы 
органдары күштеп әкелуді қолдануы мүмкiн.

      748-бап. Қорғаушы
      1. Қорғаушы – әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн заңда 
белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн адам.
      2. Қорғаушылар ретiнде адвокаттар қатысады. Қорғаушылар ретінде адвокаттармен бірге 
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкiлдерi
жiберiледi. Егер 
 айқындалатын тәртiппен өзара негiзде Қазақстан Республикасының 
заңнамада
тиiстi мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк адвокаттар iске қорғаушылар 
ретiнде қатысуға жiберiледi.
      3. Қорғаушы әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамды әкiмшiлiк ұстап алған, әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс 
қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс 
бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында iске қатысуға жіберіледі.
      4. Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы істер бойынша іс жүргізудің екі қатысушысына нақ сол бiр адам қорғаушы бола алмайды.
      5. Адвокат, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушы ретінде қатысудан бас тартуға құқылы емес.
      749-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, егер:
      1) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнiнде өтiнiшхат жасаса;
      2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемiстiктерiне орай өзiн
қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;
      3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе;
      4) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса, 
қорғаушының қатысуы мiндетті.
      2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны 
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның тапсыруымен 
басқа да адамдар шақырмаса, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк 
берілген орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз 
етуге мiндеттi, олар бұл туралы қаулы шығарады. Қаулы облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін 
жіберіледі және оны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға 
жатады.
      750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның
                еңбегiне ақы төлеу
      1. Қорғаушыны өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп 
жатқан тұлға, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тапсыруымен немесе келiсімімен басқа да адамдар шақырады.
Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға қорғау 
үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
      2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
тұлғаның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген 
судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
      3. Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының жиырма төрт сағат iшiнде қатысуы 
мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк 
берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе адвокаттар алқасы 

немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға шаралар қолдануға құқылы. 
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды 
адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға 
қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыным жасауға құқылы емес.
      4. Әкiмшiлiк ұстап алу жағдайында, егер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға таңдап алған қорғаушының үш сағат iшiнде келуi мүмкiн 
болмаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, орган (
лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
тұлғаға басқа қорғаушы шақыруды ұсынады, ал бас тартылған жағдайда адвокаттар алқасы немесе 
оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындауға шаралар қолданады.
      5. Адвокаттың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының 
 сәйкес жүргізіледі
заңнамасына
. Судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды 
адам) оған негiздер болған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс 
жүргiзiлiп жатқан тұлғаны 
 ақы төлеуден босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы
заң көмегiне
төлеу бюджет қаражаты есебiнен жүргізіледі.
      6. Осы Кодекстiң 
 екiншi бөлiгiнде көзделген, адвокат іс бойынша іс жүргізуге 
749-бабының
тағайындау арқылы қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу бойынша шығыстар бюджет
қаражаты есебiнен жүргізіледі.
      7. Адвокат қорғаушы ретiнде адвокаттың куәлiгiн және нақты iстi жүргiзуге оның 
өкiлеттiктерiн куәландыратын ордердi көрсетуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iске 
қатысуға жiберiледi. Осы Кодекстiң 
 екiншi бөлiгiнде аталған басқа да адамдар 
748-бабының
қорғаушы ретiнде олардың iске қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлiгiн, 
сондай-ақ осы Кодекстiң 
 үшiншi бөлiгiнде және 
 үшiншi бөлiгiнде 
746-бабының
747-бабының
көрсетілген құжаттарды) ұсынады.
      751-бап. Қорғаушыдан бас тарту
      1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға 
іс бойынша iс жүргiзудiң кез келген кезiнде қорғаушыдан бас тартуға құқылы, бұл оның өзiн 
қорғауды өз бетiнше жүзеге асыру ниетiн бiлдiредi. Заң көмегiне ақы төлеуге қаражаты жоқтығын 
уәж етiп қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi.
      2. Қорғаушыдан бас тарту өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс 
жүргiзiлiп жатқан тұлғаның бұдан былай қорғаушыны iске қатысуға жiберу туралы өтiнiшхат жасау 
құқығынан айырмайды. Қорғаушының iске кiрiсуi сол уақытқа дейiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстi қарау барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.
      752-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi
      1. Қорғаушы: iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қатысуға; дәлелдемелер 
ұсынуға; өтiнiшхаттарды және қарсылықтарды мәлiмдеуге; судьяның, iстi қарауға уәкiлеттiк 
берілген органның (лауазымды адамның) рұқсатымен iстi қарау процесiнде жауап алынатын адамдарға
сұрақтар қоюға; іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға және iс бойынша 
қаулыға шағым жасауға; өзiне заңмен берiлген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
      2. Қорғаушы: қорғалушының мүдделерiне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған 
тиесілі құқықтарын жүзеге асыруына кедергi келтiруге; қорғалушының ұстанымына қарамастан, оның 
әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа қатыстылығын және оны жасауға кiнәлiлiгiн тануға, қорғалушының 
жәбiрленушiмен татуласқандығы туралы мәлiмдеуге; қорғалушының берген шағымдары мен 
өтiнiшхаттарын қайтарып алуға; заң көмегiн сұрау мен оның жүзеге асырылуына байланысты өзiне 
белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге құқылы емес.

      753-бап. Жәбiрленушiнiң өкiлi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iстi жүргiзу кезiнде жәбірленушінің заңды 
мүдделерін білдіруге заң бойынша құқығы бар адамдар жәбiрленушiнiң өкiлдері бола алады.
      2. Жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкiл болып отырған жеке және заңды тұлғалармен осы 
Кодексте көзделген шекте процестік құқықтары бiрдей болады.
      3. Өкiлдiң өзi өкiлi болып отырған тұлғаның мүдделерiне қарамастан қандай да бiр 
әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
      4. Жәбiрленушiнiң iске жеке қатысуы оны осы iс бойынша өкiл алу құқығынан айырмайды.
      754-бап. Куә
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, осы iс үшiн
маңызы бар мән-жайлар өзіне мәлім болуы мүмкiн кез келген адам куә ретiнде шақырылуы мүмкiн.
      2. Куә: өзiне, жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден бас 
тартуға; өз айғақтарының тиiстi хаттамаға енгiзiлуiнiң дұрыстығы жөнiнде мәлiмдемелер және 
ескертулер жасауға; iстi қарау кезiнде ана тiлiнде сөз сөйлеуге; аудармашының көмегiн тегiн 
пайдалануға құқылы.
      3. Куә жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (
лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге, өзiне iс бойынша мәлім мән-жайдың бәрiн шынайы түрде
хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге, өзi берген айғақтардың тиiстi хаттамаға 
енгiзiлуiнiң дұрыстығын өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
      4. Куәға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органға (
лауазымды адамға) айғақтар беруден жалтарғаны немесе одан бас тартқаны, көрiнеу жалған айғақтар
бергенi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы және сотта осы іс-әрекеттердi жасағаны үшiн қылмыстық 
жауаптылық туралы ескертiледi.
      5. Куә жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (
лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда судьяның, органның (лауазымды 
адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органы (полиция) оны күштеп әкелуі мүмкiн.
      6. Он төрт жасқа толмаған, кәмелетке толмаған куәға сауал қою кезiнде педагогтiң немесе 
психологтің қатысуы мiндеттi. Қажет болған жағдайда сауал қою осындай куәның заңды өкiлiнiң 
қатысуымен жүргiзiледi.
      755-бап. Куәгер
      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстiң қорытындысына мүдделi емес, өзi қатысып 
тұрған кездегi әрекеттердi толық және дұрыс ұғынуға қабiлеттi кәмелетке толған адам куәгер 
ретiнде тартылады.
      2. Куәгердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуы жеке басын 
тексерiп-қарау, көлiк құралын, заттарды тексерiп қарау, жеке тұлғада болған құжаттар мен 
заттарды алып қою, заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайлар мен мүлiктi қарап-тексеру, заңды
тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою туралы хаттамаларда көрсетiледi.
      3. Куәгер жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан лауазымды адамның 
шақыруы бойынша келуге, осы iс бойынша іс жүргiзуге қатысуға және өзiнiң қатысуымен жүргізілген
әрекеттердi жүзеге асырылу фактiсiн, олардың мазмұны мен нәтижелерiн тиiстi хаттамаға өзi қол 
қойып куәландыруға мiндеттi.
      4. Куәгердiң жүргізіліп отырған әрекеттер жөнiнде хаттамаға енгiзiлуге жататын 
мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға құқығы бар.
      5. Қажет болған жағдайда куәгерден осы Кодекстiң 
 көзделген тәртiппен куә 
754-бабында
ретiнде жауап алынуы мүмкiн.

       756-бап. Маман
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшін маман ретiнде 
дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануға 
жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi мен дағдысы бар, iстiң қорытындысына мүдделi емес 
кез келген кәмелетке толған адам тағайындалуы мүмкін.
      2. Маман: өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдылары 
болмаса, іс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; өзiнiң қатысуымен жасалатын процестік 
әрекетке қатысты iс материалдарымен танысуға; жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) рұқсатымен процестік әрекетке қатысушыларға 
сұрақтар қоюға; салыстырма зерттеулердi қоспағанда, хаттамада не процестік әрекет хаттамасының 
бiр бөлiгi болып табылатын ресми құжатта барысы мен нәтижелерiн көрсете отырып, процестік 
әрекет шеңберiнде iс материалдарына зерттеу жүргiзуге; өзi қатысқан процестік әрекет 
хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнің 
тіркелуде толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаға енгiзiлуге тиісті мәлiмдемелер мен 
ескертулер жасауға құқылы.
      3. Маман: әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуді жүзеге асыратын 
судьяның, органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; арнаулы бiлiмiн, дағдысын және 
ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, процестік әрекетке қатысуға; өзi жасаған 
әрекеттер бойынша түсiнiк беруге; көрсетілген әрекеттердiң жасалу фактiсiн, олардың мазмұны мен
нәтижелерiн өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
      757-бап. Сарапшы
      1. Арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам сарапшы ретiнде шақырылуы мүмкiн. 
Сот сараптамасын жүргiзу:
      1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;
      2) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;
      3) заң талаптарына сәйкес бiржолғы тәртiппен өзге де тұлғаларға тапсырылуы мүмкiн.
      2. Сарапшы: сараптама нысанасына қатысты iс материалдарымен танысуға; қорытынды беру үшiн
қажеттi қосымша материалдарды өзiне беру туралы өтiнiшхаттарды мәлiмдеуге, жүргізуінде 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен процестік 
әрекеттердi жүргiзуге қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға сараптама нысанасына қатысты 
сұрақтар қоюға; өзi қатысқан процестік әрекеттiң хаттамасымен танысуға және өзiнiң әрекеттерi 
мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетiлуiне қатысты хаттамаларға енгiзiлуге тиiстi ескертулер
жасауға; сот сараптамасын тағайындаған судьяның, органның (лауазымды адамның) келiсуi бойынша 
сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, iс үшiн маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау 
туралы ұйғарымда қамтылған мәселелердiң шегiнен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде 
қорытынды беруге; ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; 
аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; аудармашыдан бас тартуды мәлiмдеуге; сараптама жүргiзу 
кезiнде өзiнiң құқықтарына нұқсан келтiретiн соттың және іс бойынша iс жүргiзуге қатысатын өзге
де тұлғалардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағым жасауға; сараптама жүргiзу кезiнде шеккен 
шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргiзу өзiнiң лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне 
кiрмейтiн болса, орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқылы.
      3. Сарапшы: іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органды хабардар етпей, әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты 
мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға; егер 
сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара
жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер
жүргізуге құқылы емес.
      4. Сарапшы: жүргiзуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (
лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; өзiне ұсынылған объектiлерге жан-жақты, толық және 

объективтi зерттеу жүргiзуге, өзiнiң алдына қойылған мәселелер бойынша негiзделген жазбаша 
қорытынды беруге; осы Кодекстiң 
 он үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, 
772-бабының
қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi жазбаша 
хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (лауазымды адамға) жiберуге; 
жүргiзiлген зерттеуге және берiлген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; 
зерттелiп жатқан объектiлердiң сақталуын қамтамасыз етуге; iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi
және сараптама жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге 
мiндеттi.
      5. Сарапшы көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн 
 көзделген қылмыстық жауаптылықта 
заңда
болады.
      6. 
 қызметкерi болып табылатын сарапшы өз қызметiнiң сипатына 
Сот сараптамасы органының
қарай құқықтарымен және мiндеттерiмен танысты және сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн 
қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлді деп есептеледi.
      758-бап. Аудармашы
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу кезiнде аударма үшін қажет 
болатын тiлдердi бiлетiн (мылқаудың немесе саңыраудың белгiлерiн түсiнетiн), iстiң 
қорытындысына мүдделi емес кез келген кәмелетке толған адам аудармашы ретінде тағайындалады.
      2. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) 
аудармашыны тағайындайды.
      3. Аудармашы: егер аударма үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, іс бойынша iс жүргiзуге қатысудан
бас тартуға; аударманы жүзеге асыру кезiнде аударманы нақтылау үшiн қатысушы адамдарға сұрақтар
қоюға; өзi жүргiзiлуiне қатысқан процестік әрекеттiң хаттамасымен танысуға және аударманың толық
және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгiзiлуге тиісті ескертулер жасауға құқылы.
      4. Аудармашы: жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судьяның, органның (
лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге және өзiне тапсырылған аударманы толық және дәлме-дәл
жасауға; аударманың дұрыстығын тиiстi хаттамада өзi қол қойып куәландыруға мiндеттi.
      5. Аудармашыға әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген 
орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде көрiнеу жалған 
аударма жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы және сотта осы іс-әрекеттi жасағаны үшiн 
қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi.
      6. Осы баптың қағидалары мылқаудың немесе саңыраудың белгiлерiн түсiнетiн, әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iске қатысуға тартылған адамға қолданылады.
      759-бап. Прокурор
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзу процесiнде заңдардың 
дәлме-дәл және бiркелкi қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне 
бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
      Прокурор өзiнiң процестік өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде тәуелсiз болады және заңға 
ғана бағынады.
      2. Прокурор осы Кодекстiң 
 көзделген өз өкiлеттiктерiн iске асыру мақсатында: 
760-бабында
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргiзуге қатысуға; дәлелдемелерді ұсынуға
және оларды зерттеуге қатысуға; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) өзіне 
қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп отырған тұлғаның кiнәлiлiгi 
туралы, сондай-ақ iстi қарау процесiнде туындайтын басқа да мәселелер жөнiнде өз пiкiрiн 
білдіруге; iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) заңның ережелерiн қолдану және 
әкiмшiлiк жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтуға құқылы.
      3. Прокурор кәмелетке толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық, сондай-ақ 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы iстiң қаралатын орны мен уақыты 

туралы міндетті түрде хабардар етiледi. Ол болмаған кезде, мұндай iс тек iстiң қаралатын орны 
мен уақыты туралы прокурорға уақтылы хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды
кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкiн.
      
Ескерту. 759-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
      760-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс
                жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету
                жөнiндегi өкiлеттiктерi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi 
бойынша прокурор:
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, органға (лауазымды адамға) 
наразылық келтiруге;
      2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу 
туралы жазбаша нұсқаулар беруге;
      3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өздерiне ведомстволық бағынысты 
ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;
      4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;
      5) әкiмшiлiк шара туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;
      6) әкiмшiлiк ұстап алуға заңсыз тартылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;
      7) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылатын 
жағдайларда, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға 
байланысты қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы 
туралы қаулы шығаруға немесе талап келтіруге;
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға 
құқылы.
      2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген 
актiлерi дереу орындалуға жатады. Прокурордың көрсетілген актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге 
кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленген жауаптылықта болады.
      761-бап. Процестік мiндеттердi орындамағаны үшiн
                жауаптылық
      1. Куәнiң, маманның, сарапшының және аудармашының осы Кодекстiң 



754
756
757
758-
 көзделген процестік мiндеттердi орындамауы осы Кодекстiң 


 
баптарында
658
659
661-баптарында
белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда, әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстi, iс бойынша қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау кезiнде iс бойынша 
қаулыға шағымды немесе наразылықты қарау хаттамаларында тиiстi жазба жүргiзiледi.
      762-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс
                жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болғызбайтын
                мән-жайлар
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қорғаушы және өкiл ретiнде 
қатысуға бұзылуы осы iстi қозғау үшiн негiз болған қағидалардың сақталуына қадағалауды және 
бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi болып табылатын адамдар немесе 
олар бұрын осы іс бойынша iс жүргізуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, жiберiлмейдi.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысуға сарапшы мен 

аудармашы, егер: олардың бiлiксіз екенi анықталса; олар әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып жатқан 
адаммен, жәбiрленушiмен, олардың өкiлдерiмен, қорғаушымен, өкiлмен, жүргiзуінде осы iс жатқан 
прокурормен, судьямен, лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса не егер олар бұрын осы іс 
бойынша iстi жүргiзуге өзге қатысушылар ретiнде әрекет етсе, сол сияқты бұл адамдарды осы iске 
тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп есептеуге негiздер болса, жiберiлмейдi.
      3. Адамның iске сарапшы ретiнде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргiзiлген сараптамадан
кейiн сараптама қайта тағайындалатын жағдайларда, оған сараптама жүргiзудi тапсыруды 
болғызбайтын мән-жай болып табылады.
      763-бап. Iс бойынша іс жүргiзуге қатысуына жол берiлмейтiн
                тұлғаларға қарсылық білдіру
      1. Қорғаушының, өкiлдiң, прокурордың, сарапшының және аудармашының әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысу мүмкiндiгiн болғызбайтын, осы Кодекстiң 762-
 көзделген мән-жайлар болған кезде аталған тұлғалар қарсылық білдіруге жатады.
бабында
      2. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз жүргізуінде әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс жатқан судьяға, органға (лауазымды адамға) берiледi.
      3. Өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы арыз берiлген күнiнен бастап үш 
тәулік ішінде қаралады.
      4. Судья, орган (лауазымды адам) өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру туралы 
арызды қарап, арызды қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
      764-бап. Жәбiрленушiге, куәға, сарапшыға, маманға,
                аудармашыға немесе куәгерге шығыстарды өтеу
      1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, сарапшының, маманның, аудармашының және куәгердің жүргiзуінде 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) келуiне байланысты
шеккен шығыстары, оның iшiнде аталған адамдардың тұрғылықты немесе жүрген жерінен іс бойынша іс
жүргізіліп жатқан жерге бару және керi қайту жолақысының құны, ал бұл басқа жерде болуына 
байланысты жағдайларда – тұрғын үй-жайды жалдау, сондай-ақ тәулiктiк шығын құны оларға 
азаматтық процестік 
 белгiленген тәртiппен өтеледі.
заңнамада
      2. Жәбiрленушi, куә, сарапшы, маман, аудармашы және куәгер ретiнде шақырылатын адамның, 
жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) 
келуiне байланысты олар жұмыс орнында болмаған кезде орташа табысы белгiленген тәртiппен 
сақталады.
      3. Сарапшының, маман мен аудармашының еңбегiне заңнамада белгiленген тәртiппен ақы 
төленедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет