"Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы"Қазақстан
Республикасының 07.07.2020 жылғы № 360-VI ҚРЗ кодексі. ҚР
санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы мен
функциялары
Химиялық сипаттағы өндірістік факторлар. Өндірістік улардың
әрекетінің сипаты.
Орындаған: Серік Балнұр
Тобы: ТФП-21-026
Жоспар:
Қоғамдық денсаулық сақтау
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі
Кодекстің қолданылу аясы
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары
Қорытынды
Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың
денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың
алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті
қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс
әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды
қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі. Денсаулық
сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық,
ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде
жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және
жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып
отырады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігі әзірленген 2009
жылғы 18 қыркүйектегі №193- IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы» ҚР-ның Кодексі 10 бөлім, 32 тарау, 186 баптан тұрады.
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
туралы» Кодексінде мемлекеттің халық денсаулығын
сақтауда және азаматтардың өздерінің жауапкершілігін
нақты айқындау қағидаттарына орай денсаулық
сақтауда жүргізілетін реформаларды құқтықтық
сүйемелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Кодекс
ұлттық медицинаның мәртебесін арттыруға, денсаулық
сақтау саласындағы заңнаманы реттеуге, оны
халақаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған.
Құжат аясында азаматтарға медициналық қызымет
корсету деңгейін жақсарту, қоғамдық денсаулық және
денсаулық мәселелеріне қоғамның көзқарасын өзгерту
көзделеді.
Кодекстің қолданылу аясы
Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын
іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттейді.
Тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі
қызметтер берушіні таңдау және денсаулық сақтау ұйымдарының
шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық көмектiң кепiлдiк
берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының
күші қолданылмайды.
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік факторлар ол адамның
денсаулық жағдайы мен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды,
қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік
аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік
факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға
нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер
ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе
жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің
ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар төрт топқа
бөлінеді:
1) Биологиялық факторлар – ауру туғызатын
микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер,
жәндіктер т.б.
2) Психофизиологиялық факторлар – физикалық,
нервпсихиялық және эмоциялық қажу т.б.
3) Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар
мен механизмдер, электр тоғы, үлкен мөлшерлі шуыл
мен вибрациялар
4) Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар,
газдар, булар, шаңдар.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы» Кодексінде денсаулық сақтаудың негізгі бағыттары
айқындалған. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын қорғаудың
құқықтық, әлеуметтік, қаржылық, сапалық негіздері анықталған.
Медициналық абасқаруда және сапалы қызмет көрсетуде мемлекеттік
органдардың қатысуы және басқару ұстанымдары берілген.
Өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторлары белгілі бір
жағдайларда адамның денсаулығында қандай бір ауытқуларды тудыруы,
ал кейде өндірістік қамтамасыз етілген және кәсіптік ауруларды тудыруы
мүмкін. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру, ресурстармен толық қамтамасыз
ету, қауіпсіздік ережелерін сақтау өндіріс факторларының қауібін
азайтады.
Қолданылған әдебиеттер
https://emirsaba.org/himiyali-sipattafi-ondiristik-faktorlar.html
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000360
Назарларыңызға рахмет!!!
Document Outline - Слайд 1, "Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы"Қазақстан Республикасының 07.07.2020 жылғы № 360-VI ҚРЗ кодексі. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы мен функциялары Химиялық сипаттағы өндірістік факторлар. Өндірістік улардың
- Слайд 2, Жоспар:
- Слайд 3
- Слайд 4
- Слайд 5
- Слайд 6, Кодекстің қолданылу аясы
- Слайд 7
- Слайд 8, Қорытынды:
- Слайд 9, Қолданылған әдебиеттер
- Слайд 10, Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |