"Коғам, оның әлеуметтік құрылымы мен түрлері"


Қоғамның әлеуметтік құрылымы



бет2/4
Дата31.03.2023
өлшемі35,6 Kb.
#77979
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Экспелиармус000

2.2 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы,оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.
Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста,қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізі болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады
Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.
Қоғамда адамдар қоғ зуының алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін кездігі үш өлшем тұрғысына жіктеуге болады.
1)Тұрақтылық дәрежесіне қарай a)Қысқа мерзімділік байланысқа негізделген тұрақтылығы төмен қоғамдасулар,оларды квазитоптар деп те атайды.
Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін,поезд вагоныңдағы жолаушыларды, туристтік топ немесе митингке- қатысатын адамдарды жатқызуға болады.Бұл топ амдар арасындағы байланыс әлі де кездейсоқ сипаты басым болады.
б)Тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар(ұлттар,топтар)
2)Көлеміне қарай а)Үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар,таптар,әлеуметтік жіктер,кәсіби бірлестіктер, т.б.) 6) Орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); в) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағың ұжымның қызметкерлері, оқу таптары, т.б.) Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат мүдделері де жақын жақын болады.
3). Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар; а) Әлеуметтік-эқономикалық (қасталар,сословиелар,таптар); б)Әлеуметтік-этникалық(ру,тайпа,ұлыстар); в) Әлеуметтік -демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер,әйелдер; г) Әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.)

Д) әлеуметтік-территориялық (аймақтың; блыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.


Қоғамның әлеуметтік құрыламын осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады.Өйткені қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздітің мәнің,себептерін түсіну үшін бұл аталған өлшемнің мәні зор.
Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік.Әлеуметтік институттар - қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүруін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптаскан тұрақты формалары.Әлеуметтік институттардың Көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынас белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез- құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады.Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз егіледі
Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды ( қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция(милиция) институттары пайда болды.
Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге бол ды.Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:
1)Экономикалық институттар экономиканың тиәмді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе ақша - тауар айырбасының жалпылама эквивалент болып табылады.
Еңбек ақысы - жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.
2). Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.
3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің,өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді
4). Отбасы институты - әлеуметтік-жүйенің негізгі және маңызды саласы.Отбасы саналы азаматтың қалыптасуынада басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты
болуынқамтамасыз етеді.
Мемлекет тек саяси билікті ғана Жүзеге асырып қоймайды,сонымен қатар экономикалық рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет