"Коғам, оның әлеуметтік құрылымы мен түрлері"



бет1/4
Дата31.03.2023
өлшемі35,6 Kb.
#77979
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Экспелиармус000


Министерство Образования Республики Казахстан
Таразский региональный университет имени М.Х.Дулати

Реферат
на тему:
"Коғам, оның әлеуметтік құрылымы мен түрлері"

орындаған: Алғабай Данияр


тексерген: Баярисов Режеп
Жоспар

I Кіріспе


II негізгі бөлім
2.1«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары.
2.2 Қоғамның әлеуметтік құрылымы
3. Қоғамдардың жіктелуі
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қоғам дегеніміз не?Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын.Қоғам – өте нәзік әрі күрделі материя.Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
Қоғам деген сөздің мағынасы кең:алғашқы қауымдық қоғам,феодалдық қоғам,капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б.Бұл арада ең алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз.Бұл – әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ,адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларізнан түратын,табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек,көғім деп - бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз.Біріншісі қоғам - адамның өмір сүру тәсілі қоғамсыз адам жоқ,адамсыз коғам жоқ. Екіншіден, коғам жеке адамдардан ғана тұрмай ол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді Жеке адамқоғам арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек,партия, кәсіподақ, т.б.) Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы,бірлігі болып көрінеді.

2.1«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі, анықтамалары.
«Қоғам» “тең ұғым, Әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады:
Қоғам дегеніміз - адамдардың жиынтығы ,олардың бірігуі,бір-біріне қатынасы. Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген ол бір адам емес,ең кемінде бір-бірімен байланысты екі адам.К.Маркс «Қоғам» дегеніміз - адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп есептеді.Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынандай жағдайлар қажет.
1. Адамдардың өмір сүруі үшін тұрастылықты жер территориясының ортақтығы. Әдетте ол мемлекеі территориясымен сәйкес келеді.
2. Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы.
3.Ұдайы өндіру өзін-өзі камтамасыз ету және өзін-өзі басқару.
4. Дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.
Қоң анықтамасы: ол өз кажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен (ұдайы өндірілгендігімен, өзін-өзі реттеуімен, кажетті мәдениег дейгейіне жеткен жетістігімен ерекшеленіп,сипатталатын адамдардың жиынтығы.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен,
1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей емесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы,және т.б.мағынада қолдау бар.Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады.Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған ғалым Н.Макиавелли болды.Ол мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін stafo деген арнайы термин енгізді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды сипоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам - бір-бірімен өзара байланысты қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы;мемлекет сол қоғамды басқаратын билік ораны; ел - әлгі аталған қоғам қалып хендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам.Әрине, олардың бәрі бірдей, «қоғам деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы,таптар жіне мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді.Яғни, қоғамның тұтастығынын негізі - коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М.Вебер: «коғам - адамдардың бір біріне ыкпал,әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байлайыстардың жиынтығы» дейді
Американдық әлеуметтанушы “Парсонстың пікірінше, қоғам – адамдар арасындағы қарым қатыңнастардың жүйесі, ал ол қарым қатынастардың негізі ережелер мен құндылықтар болып табылады деген.
Ал,К.Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипаты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде карастыру тән.Бұл қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принцептеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе дегенге анықтама беру керек. Жүйе өзара байланыста болып, белгілі бір тәргіпке келтірілген элементтерден тұратын,өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық.Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын,мазмұның оны құрайтын элементтердің құрамы айқындайды.Қоғам-әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болды және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір-ұрпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік байланыстар - фіктілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету- нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар обьективті қажеттіліктерден туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.
Әлеуметтік өзара ықпалдасу - бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын процестер.Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді.Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар - адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі, біршама тұрақты байланыстар.Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі.Мәселен, өзінің отбасымен, туған туысқандарымен - туыстық қарым қатынаста болса, құрбыластарымен достық,жолдастық қатынаста; өндірісге - еңбек қатынасында; билік орындарымен - саяси қатынас орнатады.
Сонымен, қоғамдық тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметгік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өйара әсерлесуі қамтамасыз етеді,бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады.Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар.Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-катынастар мен байланыстарға тап болады.Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады.Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.
Координация - жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім.Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімей өзара келісімде өмір сүрулері қажет
Субординация - тұғас жүйедегі элементтердің тең емес,әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тауелді болу қатынастары. Бұл – коғамда иерархия бар деген сөз. Ал қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызды орын алатындығы баршамызға мәлім.
Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерменистік көзқаспен толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан,Маркс ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси,әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара керісінше, басқалармен өзара тығыз байланыста болады.Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді.Өйткені экономикалық жүйенің негізінде материалды- игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті айғышарттармен қамтамасыз етеді.Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси,идеология салаларымен өзара тығыз байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет