Көгентүп Қазақтар алыс туыстарына қонаққа барған кезде, олар өздерімен бірге баласын алып, сәби алғаш рет болған әрбір үйде, осы айтулы оқиғаның құрметіне оған үй иелері мал атайтын
Салт-дәстүр
Көгентүп Қазақтар алыс туыстарына қонаққа барған кезде, олар өздерімен бірге баласын алып, сәби алғаш рет болған әрбір үйде, осы айтулы оқиғаның құрметіне оған үй иелері мал атайтын. Бала үшін мұндай сыйлық үлкен қуаныш үшін себеп болды, ал оның ата - аналары үшін оларға ерекше құрмет көрсету дегенді білдіретін.
Иткөйлек Өмірдің алғашқы 40 күнінде сәбиге кигізген көйлектің бірін арнайы рәсім үшін пайдаланды. Оған тәттілерді орап, ауыл иттерінің мойынына байлап жіберетін. Осы сәтті асыға күткен балалар бірден итті ұстап, бір - бірімен тәттілерді бөліседі. Баласыз әйелдер де балаларды тамақтандыратын. Мұндай көйлек сәттілік әкеліп, олар көп ұзамай балалы болады деген ырым болған.
Үлпершек Үлпершек — әкелері өз қыздарына сарқыт ретінде беріп жіберетін тағам. Бұл ата - аналар қызын жақсы көреді және оны қонаққа күтеді дегенді білдіреді. Оны жылқының жүрегінен дайындап, ұн салынған қапқа салып, бір айға қалдырады. Осыдан кейін оны дайындауға болады.
Сырбаз қуырдақ Сырбаз қуырдақ — сүтке немесе қымызға дайындалған белгілі қазақ тағамының түрі. Жаңа піскен етке сүт құйып, қақпағы тығыз жабылған қазанда пісіретін.
Күйеуаяқ Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді.
Жігіт түйе «Жігіт түйе» (дәстүр). Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе («жігіт түйе» деген сөз осыдан шыққан), жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.
Аушадияр дәстүрі – Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Мұны іздеп тапқан жазушы Уахап Қыдырханов. Аушадияр деп атаалтын бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген.
Деңгене Көрші ауылдан келген үш-төрт жігіт алдымен түсетін үйін сайлап алып, сол үйдің жанына барып "Деңгене! Деңгене жеуге келдік" деп айғайлайды. Ал үй иесі бұл сөзді естіген соң, семіз бір қойды сойып, етін түгел қазанға салдыртады. Деңгене дәстүрі бойынша келген жігіттер сол қойдың етін түгелімен жеп, сорпасын ішулері керек. Егер тауысып жемесе, бір қойды екі қой қылып қайтаруға мәжбүр болған.
Сыралғы Қазақта аң аулау – үлкен мереке болған. Бірақ аң аулаудың қанша қызығына түскенмен, ерекше белгілері байқалған аңдарды атпаған. Әсіресе, мола басына жақын жерде жүрген жан-жануарларға тиіспеген. Өйткені әр аңның киесінен қорыққан. Ал қанжығаларын майлап, аң аулаудан қайтқан аңшы өзіне "Майлансын" деп айтқан адамға ойланбастан атып алған аңын сыйға тартқан. Аңшының сыйын "сыралғы" деп атаған. Ал қақпанға түскен аңды алу ұрлыққа жатпаған. Бірақ орнына бір зат қалдырып кету керек екен.
Мойнына бұршақ салу Мойнына бұршақ салу Қазақтың ертеден келе жатқан ғұрпы. Ертеде баласы жоқ адамдар немесе балаға зар болып жүрген адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Алла Тағаладан перзент сұрап жалбарынған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.