Когнитивтік лингвистика ғылымдар қатысымдылығы негізінде пайда болуы



бет1/2
Дата09.03.2023
өлшемі31,34 Kb.
#72706
  1   2
Байланысты:
9 дәріс КЛ


КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМДАР ҚАТЫСЫМДЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫ
1. Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когиотология).
Оның зерттеу обьектісі – адами білімнің құрылымы мен қызметі, оның өзі жасанды интеллект ретінде танылатын инженерлік пәндердің негізінде қалыптасқан. 1960-70 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер «адам ойлауының әмбебап заңымен» пара-пар бола алмайды. интеллектуалды тапсырмалардың басым көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес, жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады. Тіпті белгілі бір ережелер мен формулаларға құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған білім қоры болуы қажет. Когнитивті ғылымдар аясында білімге негізделген тілдер жасалынды. Жасанды интеллектіде «ақпаратты символдап беретін» семиотикалық парадигма қалыптасты (А. Ньюэлл мен Г.Саймонның теориясы). Жасанды интеллект зертханасының директоры П.Уинстон: «есептеу машинасын табиғи тілді түсінуге
күштеу, ол да интеллект жасағанмен бірдей» деп көрсетті. Осындай фонда, когнитивті ғылымдар жасаған адамның ойлау қабілетінің моделіне қарайлау негізінде когнитивтік лингвистика қалыптасты. Когнитивті ғылым ақпарат теориясынан ақпарат ұғымы, білім құрылымы, ақпаратты өңдеу, оны жадыда сақтау, одан қажетті мәліметтерді алу, тілдік формалар мен адам санасындағы ақпараттарды таратып түсіндіру (репрезентация) туралы мәселелерді иемденеді және адам санасы қалай ұйымдастырылған, адам дүниені қалай таниды, дүние туралы қандай мәліметтер білімге жатады, менталды кеңістік қалай жасалады деген сұрақтарға жауап табуға ұмтылады. Когнитивті психологияның көрсетуінше, айналадағы заттар мен құбылыстарды категоризациялау мен классификациялау
адам миының маңызды қабілетінен саналады. Категоризациялаудың нәтижелері адамның когнитивті аппаратының негізін құрайды, ұзақ уақытқа арналған жадыда сақталатын менталды концептілер болып табылады. Адамның интеллектуалды процесіне қатысты мәселелер, белгілі бір образдар мен мәтіндерді тану бұрыннан қалыптасқан білімдер негізінде анықталады. Когнитология пәнаралық қана емес, синтетикалық та ғылымдар қатарына жатады, адамның когнитивті процестерін зерттей отырып, математика, философия, лингвистика, психология, ақпарат теориясы ғылымдарын біріктіреді
2. Когнитивтік психология пәнін де когнитивті лингвистиканыңқалыптасу көзіне (источник) жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті психологиядан концепт және когнитивті моделдер туралы ұғымды алады. Шындығында да тілдің қызмет етуі психологиялық механизмдерге сүйенеді, тіл адамның дүниемен, біліммен қарым-қатынас тәжірибесінің қалыптасуы мен жинақталуының маңызды бөлігі болып табылады. Лингвистика да, психология да гуманитарлық пәндер қатарына жатады, бірақ біреуі пәндердің семиотикалық циклі, екіншісі ғылымның «физикалық» саласына біршама жақын. Лингвистика өзінің даму тарихында үш рет психологиямен түйісіп, толығуды бастан өткізді: XIX ғасырдың 80 жылдары (жасграмматистер), XX ғасырдың ортасында (психолингвистиканың пайда болуы), XX ғасырдың 80 жылдары (когнитивті лингвистиканың пайда болуы).
3. Лингвистикалық семантика когнитивті лингвистиканың даму көзі болып табылады. Кейбір зерттеушілер когнитивті лингвистиканы «аса тереңдетілген семантика» деп есептейді, оны семантиканың табиғи даму нәтижесі ретінде қарастырады. Олар тілдік семантиканың категориясын адам танымы арқылы дүниені меңгерудің нәтижесін көрсететін жалпылама ұғымдық категория ретінде түсінеді. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нәтижелері тек семантикада ғана қолданылып қоймайды, мәселен, прототип ұғымы сонымен бірге фонологияда, морфологияда, диалектологияда қолданылады және т.с.с. Когнитивті лингвистиканың семантикалық проблематикамен табиғи тепе-теңдікте болуы және оның лингвистикалық семантикамен методологиялық жақындықта болуы, әсіресе, Ресей ғалымдарының когнитивті лингвистика немесе когнитивті грамматика туралы емес, когнитивті семантика туралы сөз қозғауына жол ашты. Когнититі лингвистиканың бірден-
бір зерттеушілері Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия дәл осы семантикалық зерттеулер арқылы когтивті лингвистикаға келді. Жоғарыда аталған даму көздерінен басқа когнитивті лингвистиканың дамуында белгілі деңгейде роль атқарған
Лингвистикалық типология мен этнолингвистика, нейролингвистика(тілді адам миының тұтас менталды қызметінің ұғымдық негіздемесі ретінде түсіндіреді), психолингвистика, култорология, тарихи-салыстырмалы тіл білімі.
Когнитивтік лингвистиканың қалыптасуының төмендегідей кезеңдерін көрсетуге болады. «Когнитивтік грамматика» термині 1975 жылы Дж Лакофф пен Г.Томпсонның «Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз» атты мақаласында қолданылды. 1987 жылы Р.Ланкагердің «Когнитивті лингвистиканың негіздемесі» еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай-ақ осы бағытқа арналған Дж Лакоффтың «Әйелдер, от және қатерлі заттар» атты еңбегі, М.Джонсонның «Ойлаудағы дене» аталатын кітабы жарияланды.
XX ғасырдың 80 жылдарындағы Л.Тальми, Ч.Филмор, У.Чейфтің мақалалары когнитивті лингвистиканың дамуындағы ерекше кезеңі болды. XX ғасырдың 90 жылдарының басына дейін когнитивті лингвистика ғылымы бір-бірімен байланысы жоқ жекезерттеулермен толықты. Бұл – Дж.Лакофтың, Р.Ланкагердің, Т.ван Дейктің (Нидерландтық), Дж. Хэйманның (Канадалық) зерттеу бағдарламалары. 90 жылдардың ортасында Европада когнитивті лингвистикаға арналған алғашқы оқулықтар жарық көре бастады, олар: Ф. Укегер, Х-Й. Шмид. «Когнитивтік лингвистикаға кіріспе» (1996) және Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздемесі» (1997). Орыс тіл білімінде алғаш рет когнитивті лингвистика В.И. Герасимовтың шолулары (1985) арқылы таныс болып, сексенінші жылдары қарқынды дами бастады. Оның қалыптасуында табиғи тілді түсінуді моделдеуге арналған мына ғылыми жарияланымдардың ролі болды: «Табиғи тілді түсінетін бағдарлама» (1976, түпнұсқа 1972) атты Т Виноградтың кітабының орысша аудармасы және Р.Шенкидің өзге әріптестерімен бірлесіп шығарған «Концептуалды ақпаратты өңдеу» (1980, түпнұсқа 1975), осы тақырыпқа арналған «Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар» жинағының XII томы.
1988 жылы Кеңес Одағында тілдің когнитивтік аспектісіне арналған «Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар» жинағының XXIII томы, 1995 жылы «Тіл және интеллект» жинағы жарық көрді.
Н.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және басқа да ғалымдардың күшімен жарыққа шыққан зерттеу еңбектерде тілдегі адамдық фактор, тіл мен философияның, тіл мен психологияның тығыз байланыстылығы сөз болды.
Когнитивтік лингвистиканың дамуына ерекше үлесі болды деп Ю.С.Степановтың «Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі» кітабын айтуға болады. Бұнда бірінші рет мәдениет константы мен концептілеріндегі мәдени құндылықтар талданады. Мәселен: «Шындық», «Заң», «Махаббат», «Сөз», «Жан», «Күнә», «Ғылым», «Интеллегенция», «От», «Су», «Нан» т.б. Е. С. Кубрякованың «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі» еңбегінің де айтарлықтай маңызы болды.
Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың басты орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан-Диего бөлімдері, сондай-ақ, Буффалодағы Нью-Йорк университетінің Когнитивті ғылымдар орталығы. Европада когнитивті лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда.
Когнитивтік ғылымдардың басты объектілерінің бірі тіл болып табылады. Тілді зерттемейінше адамның қабылдау, тілдік өңдеулерді қабылдау, меңгеру, білімді қолдану, талдау, жоспарлау, мәселелерді шешу мүмкін емес. Е.С.Кубрякованың пікірінше, когнитивтік лингвистика тек тілді зерттеп қоймайды, сонымен бірге когницияны (таным, ойлау) да категоризациялаудың базистік деңгейінде зерттейді.
Зерттеушілердің көрсетуінше, қазіргі таңда когнитивтік лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады: 1.Табиғи тілдің түсінілу және жасалу үдерісін зерттеу; Тарихи жағынан біршама байырғы зерттеу түрі. Мәтіннің туылуы мен түсінілуін компьютерлік модельдеуге бағытталады. Бұл салада У.Чейфтің еңбектері белгілі. 2. Тілдік категоризациялау ұстанымын зерттеу; Бұл салада Э.Роштың идеяларын ілгері дамыту арқылы Дж. Лакофф біршама табыстарға қол жеткізді. Категория туралы дәстүрлі түсінік бойынша категориялардың мүшелері бірыңғай белгілермен сипатталады, сондықтан белгілі бір заттар бірдей категорияға жатуы да, жатпауы да мүмкін. Соңғы зерттеулер бұл түсініктің дәл бола бермейтінін дәлелдеп отыр. Экспериментті зерттеулер көрсеткендей шын мәнісінде категориялардың шегі бұзылып, астасып кеткен, категориялардың өзіндік ішкі құрылымдары бар: олардың кейбір элементтері басқаларға қарағанда категорияны артығырақ танытуы мүмкін, яғни категорияның ішіндегі прототипті сипаттағы мүшесібола алады. Мысалы, ағылшындар үшін прототипті құс атауы малиновка болса, орыстар үшін – қараторғай, ондай жағдайда пингвин мен түйеқұс құстан категориясының шеткі қабатынан орын алады. Прототип ұғымы өте кең аяда қолданыла бастады:фонем мен аллофон ұғымдарын сипаттау үшін, морфологиялық және синтаксистік құбылыстарды түсіндіру үшін де прототип ұғымы алынады. 3.Ұғымдық құрылым мен оның тілдік қатынасын зерттеу; Бұл жұмыстар да жасанды интеллект шеңберінде қалыптасып, Ч.Филлмор еңбектерінде лингвистикалық зерттеулердің қажетіне қарай ыңғайластырылған. Зерттеудің бұл түрінде когнитивтік лингвистика әлеуметтанумен және мәдениеттанумен іргелес зерттеулер жүргізеді. 4. Когнитивті-семантикалық суперкатегорияларды зерттеу; 5. Тілдегі қозғалыстың концептуализациялау типтерін және кеңістік қатынастарын зерттеу; 6.Адам санасы мен тілінің денелік (тәндік) базисін зерттеу; Оның негізінде концептуалды жүзеге асыру (conceptual embodiment) идеясы жатыр. Адамның түсінік әлемінің (понятийный мир человека) құрылымы оның абстрактілі фрагменттерін қоса алғанда, адамның биологиялық табиғатымен, әлеуметтік дүниедегі физикалық қарым-қатынас тәжірибесімен тығыз байланысты. Көптеген ұғымдық және тілдік категориялардың түп-төркіні адам тәнінің құрылымына, қызметіне, мәселен, ассиметриялылық, адамның қимылының түрлі жағдайына байланысты оның «жоғарысы», «төмені», «алды», «арты», «оңы», «солы» болуы, дененің физиологиялық қызмет атқаруы, түрлі салт жоралар т.б. Дене туралы ұғым адамның тәндік табиғаты мен тілдік табиғаты арасындағы аралық саты болып есептеледі. Дененің өзі адамның ішкі әлемі мен сыртқы дүниенің арасындағы шегара қызметін атқарады. Яғни дүниені қабылдау, оның тілде бейнеленуінің орталық шеңберінде адамның денесі мен тілі тұрады. Осындай идеяға негізделген теорияны шет елдерде Дж. Лакофф, М.Джонсон, Ф. Варель, Э. Рош негіздеді, Ресейде осындай идея тілдің
антропоөзектілігі (Ю.Д.Апресян) терминімен аталатын теориятүрінде қалыптасқан. Концептуалды жүзеге асыру доктринасы практика жүзінде семиотикалық зерттеулермен сәйкеседі. 7. Тілдегі метафоралық және метонимиялық құбылыстарды зерттеу; Дж.Лакоффтың философ М.Джонсонмен бірлесіп жазған «Біздің өміріміздегі метафоралар» еңбегінде метафораны жаңа ұғымдар қалыптастырудың адам тәжірибесіне негізделген құралы ретінде сипаттайды. Мысалы, биік (высокий) геометриялық анықтауышының биік адам, биік ағаш тіркестерінде қолданылуы оның мағынасында метафоралық ауысудың келесі түрлерін туғызды (высокий сөзіне қазақ тілінде биік және жоғары сөздері балама болады); механикада – жоғары жылдамдық, термодинамикада – жоғары температуры, электродинамикада – жоғары кернеу, этикада – жоғары мораль, жауапкершілік, еңбек қызметінде – жоғары машық, эстетикада – биік талғам, құқықта – жоғары сот т.б.
Дамудың қазіргі деңгейінде когнитивтік лингвистиканың алдында үш негізгі мәселе тұр: тілдік білімнің табиғаты жөнінде, оны игеруге қатысты, тілдік білімді қолдануға байланысты. Сондықтан зерттеу мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:
а) таңбалар арқылы берілген білім түрлері мен табиғаты (гносеология – таным теориясы), таңбадан білімді айырып танудың механизмі, яғни интерпретациялау тәртібі (когнитивті семантика және прагматика);


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет