б) таңбалар мен олардың қызметін бағыттап отыратын заңдылықтардың қалыптасу алғы шарттары;
в) тілдік таңбалар мен онда көрініс тапқан мәдени реалилердің арақатынасы.
Когнитивтік лингвистикада бәріне бірдей ортақ мәселе «ақыл-ой– тіл – репрезентациялау – концептуализациялау – категоризациялау– қабылдау» ұғымдарының когнитивтік шынжырдағы өзара қарым- қатынасын анықтау мәселесі болып отыр [Маслова,2001].
Бүгінгі таңда тілді зерттеудің күрделенгендігі соншалықты тілдік коммуникацияның ішкі құрылымын түсіну үшін лингвистердің, философтардың, психологтардың, мәдениеттанушылардың, өнертану саласындағы өзге де интеллектінің бірлескен күші қажет.
Когнитивтік лингвистиканың алдына қойған міндеттері: 1. Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;
2. Дүние туралы ақпаратты қабылдау, жалғастыру (тасымалдау), қайта өңдеу;
3. Білімді концептуализациялау, категоризациялау, мәдени константтарды тілдік категоризациялау және концептуализациялау;
4. Концептосфераны жасайтын әмбебап концептілердің жүйесін жасау;
5. Тілдік дүние бейнесі проблемасы.
Когнитивтік лингвистика тілдік талдауларды сөйлеу түрлерін, белгілі бір лексемалар қолданылып тұрған контекстерді, мәтін деңгейінде концептілердің танылуын, концепт көрініс беретін фразеологизмдерді, мақал мәтел, афоризмдерді, олардың сөздіктердегі мағыналарын талдаумен толықтырады.