Глоссарий
Когнитивтік тіл білімі (лат. cognito - білім, түсінік) – табиғи тілді сана әрекетінің корінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейдін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және оған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді.
парадигма – 1) «еуропа ғылымында», нақтырақ айтқанда, роман, герман топтарында, орыс тілдерінде жүйелі түрде тек бір мағынада қолданылмаған термин, алғашында латын тіліне грек тілінде жарық көрген теологиялық жазбалар мен риторикалық еңбектер арқылы енген ұғым бастапқы кезде
«жағымды, жағымсыз мысалдардың айтылуы»; «өмірден алынған үлгілер» (итальян тілінде); «жүйе» және «заңдылық» (испан тілінде) деген сөздермен ұштаса беріліп келсе, кейін француз сөздіктерінде «мысал», ағылшын тілінде жазылған лексикографиялық зерттеулерде «үлгі немесе модель», «жалпы түсінік яки концепт», «лексеманың сөз түрлену мүмкіндіктерін айқындар септелу формалары» деген мағыналарда қарастырылған екен; 2) п. деп барлығы қолдайтын және белгілі бір уақыт аралығында ғылыми қауымға алдына қойылар міндеттер мен оларды шешу жолдарының моделін ұсынатын ғылыми жетістіктер аталады (Т.Кун);
|