Когнитивтік тіл білімі (лат cognito білім, түсінік)



бет3/10
Дата31.12.2021
өлшемі25,18 Kb.
#22213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

тілдің бағалағыштық немесе коннотативтік қызметі-тілдің «жағымды, жағымсыз» әсерлер арқылы қабылдануы -«Нәрсе түрлісипатты болады. Ол сипаттардың біреулері бойына біткен сипат болса, екіншілері адамның қосқан, таңған сипаттары болады. Мәселен, нәрсенің бірін жылы, бірін суық, бірін тегіс, бірін бұдырмақ, бірін қатты, бірін жұмсақ дейміз. Бұл сипаттар нәрсенің бойында бар сипаттар. Бұл сипаттаудың біреулері адамға ұнайтын болар да, біреулері ұнамайтын болар...Бұлардың біреулерін жағымды, сүйкімді деп, екіншілерін жағымсыз, сүйкімсіз деп сипаттау нәрсені тиісінше сипаттау емес. Адам өз көңілінің түйісінше сипаттау болады»; яғни дүниенің өзі адам санасына «шынайы жағымен» яки табиғи болмысымен әсер еткенде, оның тек «тиіс» белгілері ескеріледі де, ал жеке психологиялық тұрғыдан не болмаса субъективті бағалау, оған өзіндік көзқарасыңды білдіру тұрғысынан алып қарағанда, тысқы ғаламдық заттар «түйістің» елегінен өте қабылданып, «көңілдің түйген, қиялдың меңзеген» қалпын «әліптейді» (А.Байтұрсынұлы);


  • адам - белгілі бір психо-физиологиялық ерекшеліктер жиынтығы, табиғатынан ойлы, пәлсапалы мүмкіндіктер орталығы болып табылатын,

    сан қилы маңызды әрекеттер тоғысын құрайтын жаратылыс иесі;

    • адамның ойлауы - тіл арқылы материалдық жамылғышқа оранатын, объективті шындықты көрсететін ерекшелік (К.Аханов);

    • ақыл ісі аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып райлау (А.Байтұрсынұлы);

    • адамның санасы фотография (сүгірет машинасы) емес, нәрсенің тұрпатын

    ғана түсіріп қоятын нәрсенің саңлауы келіп адамның санасына түскенде, адамның ойын да, көңілін де бірдей оятатын құбылыс (А.Байтұрсынұлы);

    • алғашқы атау - тілдік ұжымға тән танымдық-бейнелегіш қызметтің нәтижесі (К.Хусаинов);



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет