Көңіл бақшасынан Осман Нұри топбаш


«Кімге  ұзақ  өмір  берсек,  біз  оның  жаратылы-



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата10.01.2017
өлшемі3,85 Mb.
#1602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

«Кімге  ұзақ  өмір  берсек,  біз  оның  жаратылы-
сын  (жастығы  мен  келбетін)  бұзып,  оның  белін 
бүкірейтеміз. Ол адамдар осыны түсінбей ме? (Сапар 
қай жаққа?)»
 (Ясин сүресі 68)
Хазіреті 
Пайғамбардан 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә  сәлләм)  бұрын  өмір  сүріп,  Оның  келетіндігін 
хабарлаған  Қус  бин  Сайда  деген  салих  құл  бейне 
бір  жоғарыдағы  аят  кәримәні  түсіндіргендей  Уқаз 
жәрмеңкесінде  жасаған  баяндамасында  адамға  бай-
ланысты  құдірет  ағысын,  бұл  фәни  өмірдің  шытыр-

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
21
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мандары мен көріністерін қандай жақсы көрсеткен:
«Ей, адамдар!
Келіңдер, тыңдаңдар, түсініп, ғибрат алыңдар!
Тірілер  өліп,  өлгендер  жоғалады.  Жаңбыр  жауып, 
шөп  шығар.  Балалар  туып,  әке-шешелерінің  орнын 
басар.  Сосын  бәрі  де  жоқ  болар.  Оқиғалардың  соңы 
болмайды. Бәрі бірінен соң бірі жалғасады...»
Біз  де  Хақ  Тағала  берген  санаулы  деміміз-
ді  қолданып,  ақтық  демді  берген  күні  дүние  мен 
ондағы  барлық  байланыстарымызбен  не  қоштасып, 
не  қоштаса  алмай,  өлімге  жолығамыз.  Бірақ,  Хақ 
Тағаланың  шынайы  әрі  ғашық  құлдары  үшін  бұл 
жолығу,  бәлкім,  өлім  емес,  қуанышты  біртірілу  бо-
лып, той күніндей жарыққа шығар. Сондықтан:
«Өлмей  тұрып  өліңдер»  сырына  жету  керек.  Бұл 
сырды Хазіреті Мәуләнә:
«Тірілу үшін өліңдер!» сөзімен жеткізеді. Сондай-
ақ, Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) айтқандай:
«Адамдар ұйықтап жатыр. Өліммен оянатын бо-
лады...»
Сол себепті нәпсілік сезімдеріміз бен дүниелік ті-
лектерімізге  ерік  бермей,  нағыз  өмірдің  хайуандық 
рухпен емес, бізге Аллаһ Тағала тарапынан үрленген 
иләһи рухпен болғандығын білуіміз керек.
Сондықтан ең қорқынышты өлім - Хақ Тағаладан 
ғапыл болып, Оның ризашылығынан айырылу... Сол 
үшін әрбір мүмин қалай өмір сүріп, қалай өлу керек-
тігін  біліп,  иманнан  ихсанға  жету  тәрбиесіне  кірге-
ні  жөн.  Өйткені  пайғамбарлардан  басқа  ешкімнің 

22
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қандай жағдайда өлетіндігі және қандай халде тіріле-
тіндігі туралы еш кепілдік жоқ. Олай болса, Юсуфтың 
(алейһиссәләм) Аллаһ Тағалаға:
َ�� ِ�ِ�� ����ِ� �ِ�ْ� ِ�ْ�َأ َو ً��ِ� ْ�ُ� �ِ���َ�َ�
«...(Уа, Раббым!) Менің жанымды мұсылман етіп 
ал да салихтардың қатарына қос» 
(Юсуф сүресі 101) 
деп 
жалбарынуы біз үшін өте терең мағына білдіреді.
Бұл тұрғыдан әр бір құл үміт пен үрей сезімдерінің 
арасындағы  бір  жүрек  қалыбына  ие  болуға  мәжбүр. 
Сондықтан бүндай рухани халден пайда болатын сер-
гектік пен жүрек сезімталдығымен қатар өмірін үнемі 
ақтық демін иманмен беру ойымен өткізуі керек.
Ақыреттегі халіміздің не болатындығына байланы-
сты ең алғашқы және нақты ишарат ақтық демімізде-
гі халімізден белгілі болады. Ақтық демінде мәңгілік 
табысқа  жету  үшін  күрескен  иман  қаһармандары 
мен  олардың  қол  жеткізген  жетістіктері  һидайят 
бағдаршымыз болған Құран Кәримде бізге бір ғибрат 
көрінісі түрінде баяндалады:
Сондай-ақ  Перғауынның  сиқыршылары  Хазіреті 
Мұса көрсеткен айқын мұғжизаның алдында:
«Күллі  Әлемнің  Раббысына,  Мұса  мен  һарунның 
Раббысына  иман  еттік!»  деп,  дереу  сәждеге  барып, 
иман нығметіне бөленген еді.
Алайда, ақымақ Перғауын ашуланып, қолындағы 
салтанаты  мен  күшін  қолданып  бейне  бір  ұжданға 
үкім жүргізетіндей, оларды қорқытқан еді:
«Мен  сендерге  рүқсат  бермей  оған  иман  еттіңдер 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
23
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ғой! Ант етемін, қолдарың мен аяқтарыңды қиғаштап 
кестіріп,  барлығыңды  дарға  астырамын!»  -  деген 
еді.
Сиқыршылар болса, иман шаттығымен:
«Сенің  зұлымдығың  бізге  ешқандай  зиян  тигі-
зе  алмайды!  Сенің  зияның  дүниеге  тән.  Ақырет 
бақыты болса, мәңгілік!» - деп, иман батылдығымен 
қабылдаған еді.
Осындай  ғибратты  жайт  -  осы  ауыр  зүлымдықты 
көре  түра  олар  зұлымдықтан  құтылуды  емес,  соңғы 
демде  иман  әлсіздігін  көрсетпей,  мұсылман  болып, 
жан тәслім етуді ойлап, Аллаһ Тағалаға былай жал-
барынды:
َ��ِ�ِ� ْ�ُ� �َ���َ�َ� َو اً�ْ� َ� �َ�ْ�َ�َ� ْغِ�ْ�َأ �َ���َر
«Раббымыз!  Бізге  мол  сабыр  бер  де,  мұсылман 
күйде жанымызды ал!» 
(Ағраф сүресі 126)
Ақыры  сол  жеткен  һидайяттарының  құнын  қол-
аяқтарының  қиғаш  кесілген  түрде  өтеп,  шейіттік 
және әулиелік абыроймен Аллаһ Тағалаға қауышты.
Залымдар  Ұхдуд  иелерін  (ор  иелері)  де  Аллаһқа 
иман еткендіктерін қылмыс санап, ішіне от жағылған 
орға  тастады.  Ол  шынайы  мүминдер  болса,  бұл 
зұлымдыққа  қарамастан  сенімдерінен  бас  тартпай 
үстанған  бағытының  жолында  қорықпай  өлімге 
барып  имандарының  беделін  Хақ  Тағалаға  күшті 
иман  шаттығымен  өтеді.  Өйткені  Аллаһ  Тағаладан 
лайықты түрде қорқатындар басқа ешбір нәрседен де 
қорықпайды.

24
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қаря  иелерінің  бірі  Хабибүн  Нәжжар  иманы  мен 
уағызы  үшін  таспен  атылып  өлтірілген  еді.  Бірақ, 
осы  дүниеге  тән  терезелер  жабылатын  ақтық  демін-
де  баратын  әлеміне  байланысты  терезелер  ашылып, 
қол жеткізетін сыйлықтар оған көрсетілген кезде ол 
қауымының ғапылдығына жаны ашып:
«... Әттең, қауымым осыны білсе еді!» 
(Ясин сүресі 26)
 
деді. Өйткені, оған фәни әлемдегі таспен атылуының 
беделінде шексіз бақыт берілген еді.
Сондай-ақ христиан дінінің алғаш таралған кезде-
рінде римдіктер, гректер пұтқа табынушылармен бір-
лесіп, сол кездегі иман иелерін алаңда арыстандарға 
талататын.  Ал  мүминдер  болса,  арыстандардың 
азуы  арасында  тірі  қалу  үшін  емес,  керісінше,  има-
нын қүтқару үшін күресетін. Өйткені олар осы ауыр 
зүлымдыққа  шыдап,  Аллаһ  алдындағы  ұлы  сыйды 
таңдаған еді.
Шүбә  жоқ,  барлық  осы  тамаша  мысалдар  өмір 
бойы Аллаһпен бірге болу ойында өмір сүрудің үлгілі 
нәтижелері.  Бұл  женінен  Аллаһпен  бірге  болу  - 
құлшылықтың  ең  жоғарғы  шыңы  әрі  шарты  болып 
табылады.
Риуаят  бойынша  бір  уағызшы  мінбеде  қиямет 
ахуалын  түсіндіріп  жатады.  Жамағаттың  арасын-
да  Шәйх  Шибли  Хазіреті  де  бар  болатын.  Уағызшы 
сұхбатының соңына қарай Аллаһ Тағаланың қабірде 
қоятын сүрақтарын айтып:
«Біліміңді  қайда  қолданғаның  сұралады!  Мал-
мүлкіңді қайда жүмсағаның сүралады! Ғибадаттарың 
қандай халде болғаны сүралады! Харам-халалға назар 
аудардың ба, сұралады!.. Мыналар сүралады, аналар 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
25
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
сүралады!..»  -  деп,  біраз  уақыт  көптеген  жайттарды 
айтады.
Соншама түсініктеме берілсе де мәселенің негізіне 
назар аударылмаған соң Шибли Хазіреті уағызшыға 
былай деп дауыстады:
«Ей, уағызшы мырза! Аллаһ Тағала соншама көп 
сұрақ сұрамайды. Ол: Ей, Құлым! Мен сенімен бірге 
едім, сен кіммен бірге болдың?!» - деп сұрайды.
Олай болса, ең үлкен қағида Хақ Тағаламен бірге 
бола  білу,  демді  босқа  жүмсамау.  Мына  бір  нақыл 
сөзде осы хал қандай тамаша айтылады:
Сенсіз өткен сағаттарымыз
Зая кеткен екен, түсіндік...
Осы  қағидаға  шақыру  бабында  Расулуллаһ 
(саллаллаһу  алейһи  уә  сәлләм)  Ибн  Омардың 
(радиаллаһу анһу) екі иығынан үстап, былай деген:
«Дүниеде бейне бір ғаріп немесе жолаушы сияқгы 
бол!» 
(Бұхари, Риқақ, 3)
Осы  сезіммен  Ибн  Омар  (радиаллаһу  анһу)  да 
сүхбаттарында үнемі мына насихатты айтатын:
«Ақшамға жетсең таңцы күтпе, таңға қауышсаң 
ақшамды  кутпе.  Сау  кездеріңде  наукдс  кезің  үшін, 
тірі кезіңде өлімің үшін дайындал». 
(Бұхари, Риқақ, 3)
Жазғы жаңбыр сияқты өмірдің ағысын білдіретін 
бұл сөздер біздің бетімізді нағыз емірге бұрады. Сон-
дай-ақ Аллаһ Расулы (саллаллаһу алейһи уә сәлләм), 
мұны бір дұғасында былай жеткізеді:
«Аллаһым!  Нақты  өмір  -  тек  ақыреттегі  өмір 
ғана»
 (Бұхари, Риқақ, 1)

26
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Осы сырды дұрыс түсінген сахабалардың өмірі сан-
сыз парасаттылық, хикмет пен ғибратқа толы:
Мүшриктерге  тұтқындалып  өлтірілу  сәтінде 
Хубәйбтің  (радиаллаһу  анһу)  шейіт  болар  алдында 
бір  ғана  өтініші  бар  еді,  ол  -  «Хазіреті  Пайғамбарға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйіспеншілікке толы 
бір сәлем жолдау» еді. Қасіретпен аспанға қарап:
«Аллаһым!  Бұл  жерде  Расулүллаһқа  (саллаллаһу 
алейһи  уә  сәлләм)  сәлемімді  жеткізетін  ешкім  жоқ. 
Оған сәлемімді Сен жеткіз!..» - деп мінәжат етті.
Сол  кезде  сахабалармен  бірге  Мәдинада  отырған 
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Оған да сәлем!» деген мағынада «уә аләйһиссәләм» 
- деді. Мұны естіген сахабалар таңданып:
«Уа, 
Расулаллаһ! 
Кімнің 
сәлеміне 
жауап 
қайтардыңыз?» - деп сұрағанда:
«Бауырларың  Хубәйбтің  сәлеміне»  -  деді. 
(Бұхари, 
Мәғази, 10; Уақиди, Мәғази, 280-281 б)
Содан  кейін  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи 
уә сәлләм), Хазіреті Хубәйбке «шейіттердің ұлысы» 
деп:
«Ол  жәннатта  менің  көршім  болады!»  -  деген. 
Осы ғашықтық пен ынтаға екінші бір мысал:
Ұхұд 
соғысының 
соңында 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  шейіттер  мен 
жаралылардың  халін  білуді  бұйырды.  Әсіресе  бір 
сахабаның жағдайын білгісі келген еді. Ол Сағд бин 
Рәби (радиаллаһу анһу).

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
27
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны 
тауып  алып,  хап-жағдайын  білу  үшін  бір  сахабаны 
ұрыс алаңына жібереді. Сахаба Сағдты қанша іздесе 
де таба алмайды, қанша айқайласа да жауап болмай-
ды. Ақыры соңғы үмітпен:
«Ей,  Сағд!  Мені  Расулуллаһ  жіберді.  Аллаһ  Расу-
лы  сенің  тірілердің  арасында  ма,  әлде  шейіттердің 
арасында ма екендігіңді біліуімді бұйырды»- деп, жа-
ралылар мен шейіттер жаққа дауыстады.
Сол  кезде  өлім  үстінде  жатқан  және  жауап 
қайтаруға шамасы қалмаған Сағд (радиаллаһу анһу) 
өзін Аллаһ Расулының білгісі келгенін естігенде бар 
күшін жинап, бірақ дауысы әлсіреп:
«Мен  енді  өлілер  арасындамын!»  -  деуге  ғана 
шамасы  әрең  жетті:  Оның  ана  жақты  тамашалап 
жатқандығы анық еді.
Сахаба  Сағдтың  (радиаллаһу  анһу)  қасына 
жүгіріп барады. Оның денесі қылыш соққыларымен 
қидаланып,  бейне  бір  елекке  айналғандығын  көрді. 
Және де қысылып шыққан әлсіз үнімен сыбырлаған 
мына мәнді сездерді естіді:
«Уаллаһи, 
көздерің 
қозғалып 
тұрғанда 
Пайғамбарымызды  дұшпандардан  қорғамай,  Оның 
басына пәлекеттің келуіне мүмкіндік берсеңдер, сен-
дер үшін Аллаһ алдында алға тартатын ешқандай 
сылтау болмайды!». 
(Ибн Абдилбер, Истиаб, II т. 590 б)
Сағд  бин  Рәбидің  (радиаллаһу  анһу)  үмметке 
өсиеттей айтылған осы сөздері фәни өмірмен қоштасу 
сөздеріндей де болды.
Хазіреті  Хузайфа  баяндаған  мына  бір  оқиға  да 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
сахабалардың соңғы демінде көрсеткен жоғары ахлақ 
пен парасаттылығын көрсетулеріндегі өте мәнді мы-
сал:
Ярмук  соғысында  болатынбыз.  Айқастың  табы 
басылып,  оқ  пен  найза  соққысынан  жараланған 
мұсылмандар  ыстық  құм  үстінде  жан  тапсыра  ба-
стады.  Осы  кезде  мен  де  өз  күшімді  әреңжинап,  не-
мере  ағамның  үлын  іздедім.  Хал  үстінде  жатқан 
жаралылардың  арасын  біраз  аралап  жүріп,  ақыры 
таптым. Бірақ шарасыз, қанға боялған ағамның ұлы 
кез ишарасымен әрең сөйледі. Алдында әзірлеген су 
торсығымды көрсетіп:
«Су ішесің бе?» - дедім.
Ішкісі  келетіндігі  белгілі  еді,  өйткені  еріндері 
ыстықтан  қуырылғандай  еді.  Бірақ,  жауап  қататын 
шамасы жоқ еді. Бейне бір көзімен аянышты халіне 
ишарат етті.
Мен торсықтың аузын ашып, суды оған қарай соза 
бергенімде  арғы  жағындағы  жаралылардың  арасы-
нан Икримәнің дауысы естілді:
«Су! Су! Бір тамшы болса да су!»
Немере ағамның үлы Харис осы жан дауысты ести 
сала, өзі судан бас тартып, ымдап суды Икримәға апа-
руымды сұрады.
Ыстық құмның үстінде жатқан шейіттердің арасы-
нан жүгіре-жүгіре Икримәға барып, торсығымды соз-
дым. Икримә торсыққа қолын соза бергенде Ыяштың 
аянышты дауысы естілді:
«Өтінем,  бір  тамшы  су  беріңдерші!  Аллаһ 
ризашылығы үшін бір тамшы су!»
28

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұл дауысты естіген Икримә қолын тартып, суды 
Ыяшқа апаруды меңзеді. Харис сияқты ол да ішкен 
жоқ.
Мен торсықты алып, шейіттердің арасымен жүріп, 
Ыяшқа жеткенімде, оның соңғы сөздерін естідім. 
Ол:
«Тәңірім!  Иманныңжолындажанымызды  пида 
етуден  ешқашан  бас  тартпадық.  Енді  бізден  шейіт-
тік  мәртебесін  аяма.  Қателіктерімізді  кеш!»-деді. 
Ыяштың шейіттік сусынын ішкені белгілі еді. Менің 
әкелген  суымды  көрді,  бірақ  уақыт  қалмаған  еді... 
Иман сөзін әрең бітірді.
Дереу  кері  қайтып,  жүгіріп  Икримәнің  қасына 
келдім,  торсықты  созып  жатып,  Икримәнің  шейіт 
болғанын көрдім.
Тым  болмаса  немере  ағамның  ұлы  Хариске 
үлгерейін деп ойладым.
Жүгіріп,  оған  бардым.  Шара  жоқ,  ол  да  оттай 
қызған  құм  үстінде  қуырылып,  жан  тәсілім  еткен 
еді...  Өкінішке  орай  су  торсығы  толы  қалпында  үш 
шейіттің ортасында қалды. 
(Хаким, Мүстәдрәк, III, 270)
Хузайфа (радиаллаһу анһу) сол сәттегі көңіл күйін 
былай баяндайды:
«Өмірімде 
көптеген 
оқиғаларға 
жолықтым. 
Бірақ,  ешбірі  мені  осындай  тебіренткен  емес.  Ара-
ларында  туысқандық  сияқты  бір  байланыс  болмаса 
да,  олардың  осыншама  бірінің  қамын  бірі  ойлауын, 
жанқияр әрі мейірімді халдерін, (яғни ақтық демде-
рінде  өмірлерін-дегі  сияқты  жан  тәнімен  мұсылман 
29

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
бауырының қамын ойлауын және «тек мұсылман бо-
лып өліңдер» деген аят кәриманын жолымен өмірмен 
қоштаса  білуін)  қызығушылықпен  тамашалап, 
қайран қалған үлкен иман батылдығы санамда терең 
әсер қалдырды...»
Аллаһ  Тағала  барлығымыздың  Ақтық  деміміз-
ді әрлендірсін. Осы фәни дүниедегі актық демімізді 
мәңгілік қауышуымыздың алғашқы демі етсін!
Әмин!
30

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Өмірдің  мақсаты  –  үлгілі  құл  бо-
лып  өмір  сүру  және  ізгі  адам  болып, 
жан  тапсыру.  Сірә,  мақсат  Аллаһ 
Тағаланың  адамзатқа  сыйлаған  Ха-
зіреті 
Пайғамбардың 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) сыпайы әрі сезімтал 
өмірінен  үлгі  алып;  терең,  нәзік,  сезім-
тал құл бола білу.
A¢òû¢ äåì
2

32
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
A¢òû¢ äåì -2-
Ізгі жан болып осы фәни әлеммен қоштасу үшін са-
наулы демді ақтық демге әзірлеу қажет. Яғни бақытты 
ақырет өмірі үшін салих амалмен безенген, тамаша, 
нұрлы,  шаттыққа  толы  және  де  дұрыс  бағыттағы 
дүние емірі қажет. Өйткені хадисте баяндалғандай:
«Адам қалай өмір сүрсе, солай өледі, қалай өлсе, со-
лай  махшарға  барады  (тірілтіледі)». 
(Мүнауи,  Фәйзул-
қадир Шәрхул-Жамиис-Сағир, X, 663)
Мұның сансыз мысалдары бар. Ғибрат пен хикмет-
ке толы осы мысалдардың бірі мынадай:
Адапазарын  деген  қалада  бір  азаншы  мырза 
құрметті  әкем  Мұса  мырзаны  (құддисә  сирруһ)  зия-
рат  сүхбатына  бесін  намазындағы  міндетін  атқарып 
болып  келе  жатып,  велосипедімен  жанған  жасыл 
бағдаршамнан  кейін  жолдан  өтеді.  Сол  кезде  өте 
қатты келе жатып, қызыл жарыққа тоқтай алмаған 
бір көлік келіп, азаншы мырзаны қағып кетеді. Қатты 
соққыдан азаншы анадай жерге үшып түсіп, бір ауыз 
сөз айтуға ғана шамасы жетіп, жан тәсілім етеді. Оны 
соққан жүргізуші мен жол шетіндегілер естіген оның 
соңғы сөзі мынау еді:
«Саған келе жатырмын Раббым!..» - дейді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
33
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Міне,  барлық  мәселе  -  өмірін  ақтық  демінде 
қуанышпен, шат-тықпен Аллаһ Тағалаға алып бару, 
яғни, барлық адамның қорқынышты түсі болған сол 
демде  қуаныш  сезініп:  «Раббым,  саған  келе  жатыр-
мын!»  -  деп  айта  білу.  Аллаһ  Тағала  барлығымызды 
осы бақытқа жеткізсін! Әмин!
Бұрынғылардың сөзімен бұл хал:
«Су  құмырасы  су  жолында  сынады...»  нақылы-
ның өте мәнді көрінісі. Яғни көңіл өмірде немен көп 
шұғылданса өлген кезде де соған ауады.
Әрине, мұның ерекше жағдайлары да бар. Яғни құл 
ақтық демін иманмен тапсыру үшін қаншалықты са-
лих амалға толы өмір сүруі қажет болса да, осыған се-
ніп, Аллаһтың рахметіне қол жеткізетіндігіне нақты 
көзбен қарауға болмайды. Сонымен қатар құлдың өз 
күнәлары  мен  жағымсыз  өміріне  қарап,  Аллаһтың 
рахметінен  үмітін  үзуіне  де  болмайды.  Өйткені, 
ақтық демнің қалай болары иләһи бір сыр.
Ұлы  кітабымыз  Құран  Кәримде  ақтық  демін-
де  иманын  құтқару  үшін  арлалысқан  салих  құлдар 
өнегелі тұлға ретінде көрсетілгені сияқты осыған ке-
рісінше салих өмір сүріп жатып, нәпсіқұмарлығына 
көніп, соңынан күпірлікке душар болып өлгендердің 
аянышты ақырлары да бір ғибрат көрінісі ретінде ба-
яндалады.
Сондай-ақ, ие болған ілімін парасаттылықпен без-
ендіре алмай, нәпсісін тазарта алмаған Ібліс, Қарун, 
Бәл’ам  бин  Баура  және  сахаба  болып,  дүниелік 
мансапқа алданған Салебе осылардың ең айқын мы-
салдары.
33

34
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Біз  білетіндей,  Ібіліс  алғашында  Хақ  алдында 
үлкен мәртебеге ие еді. Бірақ, тәкаппарлығының ке-
сірінен  Аллаһ  Тағаланың  әмірінің  құдірет,  ұлылық 
пен  айбынын  көре  алмай,  өзінің  Хазіреті  Адамнан 
жоғары екендігін айтты. «Мен» сезімі арқылы өзінде 
абырой мен мансап бар деп ойлағаны оны Раббысының 
әміріне  қарсы  шығуға  дейін  итермеледі.  Ақыры, 
тәкәппарлығы  мен  қырсықтығының  құлы  болып, 
мәңгілік қасіретке тап болды.
Қарун  да  алдында  пақыр  әрі  салих  адам  еді. 
Тәуратты  Хазіреті  Мұсадан  кейін  ең  жақсы 
тәпсірлейтін еді. Хазіреті Мұсаның дұғасының бере-
кетімен оған алхимия ілімі берілген болатын. Бірақ, 
кейіннен  нәпсісі  мен  шайтанның  азғыруына  еріп, 
жүрегі  дүниеге  бұрылды.  Қазыналарының  кілтте-
рін  күшті-қуатты  біртоп  адам  әрең  көтеретін  еді. 
Осыған  алданып,  мақтаншақтықпен  байлықтың  иі-
ріміне  түсті.  Бірақ  Хазіреті  Мұса  оған  зекет  беруді 
бұйырғанда ол:
«Малыма кез салдың ба? Мұны мен өзім таптым» 
деуге  батылы  барып,  қателікжасады.  Малы  оны 
мақтаншақ етіп, жойылуына себеп болды.
Сейтіп,  Қарун,  Хазіреті  Мұса  мен  Хазіреті 
һарунның рухани дәрежелерін қызғана бастады. Ха-
зіреті Мұсаның арына жала жабатындай қызғанышы 
артты да, ақырында мақтанған қазыналарымен бірге 
жер түбіне батып, жоқ болды.
Мүліктің  иесі  болған  Аллаһ  Тағаланы  ұмытып, 
мал-мүлік  мәртебе  сияқты  тұзақтары  бар  дүниеге 
көңіл бөлу - ғапылдықтың ең ащысы.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
35
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бәлам  бин  Баура  да  Аллаһ  Тағаладан  исми-ағзам 
үйренген,  кәрамәт  (керемет)  иесі  бір  салих  құл  еді. 
Бұл  адам  Исрайл  ұлдарының  арасында  ғалым  әрі 
әулие болып танылатын. Бірақ, кейіннен әуестігі мен 
нәпсінің құмарлықтарына бет бұрғандықтан әлгі ру-
хани халін жоғалтып, тіпті, имансыз өлді. Бұл оқиға 
Құран Кәримде былай баяндалады:
«Оларға  шайтанның  соңынан  ерген  және  өзіне 
берген  аяттарымыздан  алшақтап,  азғындарға 
қосылған  адамның  оқиғасын  баянда.  Қаласақ, 
оны  аяттарымыз  арқылы  үстем  етер  едік,  бірақ  ол 
дүниеге бұрылып, әуестігіне ерді (ақымақтыққа ду-
шар  болып,  есі  шықты).  Оныңхалі  құдды  иттей,  зе-
кіп  кусаңда,  солықгап,  тілін  салақтатады...» 
(Ағраф 
сүресі 175-176)
Тамаша  құлшылыққа  толы  өмір  сүріп  жатып, 
дүниеге  алданып,  мәңгілік  бақытын  мәңгілік 
қасіретке 
айырбастау 
бақытсыздығына 
тап 
болғандар  туралы  Пайғамбар  дәуірінде  болған  бір 
мысал, Салебеніңжағдайы. Салебе алдында мешіттен 
және  Пайғамбардың  (саллаллаһу  алейһи  уә  сәлләм) 
сұхбаттарынан  шықпайтын  болса,  мал-мүлікке  ие 
болып,  дүние  сүйіспеншілігі  көңілінде  орын  алған 
соң уақыт өте жамағатты тастап, парыз болған зекет-
ті  беруден  де  бастартып,  соңы  өкінішпен  аяқталған 
еді.  Кейіннен  Аллаһ  Расулының  сөзін  ұстай 
алмағаны үшін өкінсе де, пайдасыз арпалыс үстінде 
жан  тапсырған  сәтте  құлағында  Расулуллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ей, Салебе, шүкіршілігін жасай алатын аз мал, 
шүкіршілігін жасай алмайтын көп малдан жақсы» - 

36
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
деген сөзі жаңғырды. 
(Табәри, Тәфсир, XIV, 370-372; Ибн Кесир, 
Тәфсир, II, 388)
Тасаввуф  тарихының  ұлы  тұлғаларының  бірі  Су-
фиян Сәури Хазіретінің жас кезінде белі бүгіледі. Се-
бебін сұрағандарға былай дейтін:
«Өзінен ілім үйренген бір ұстазым бар еді. Қайтыс 
болар сәтінде иман айтсам да тәухид сөзін айта алма-
ды. Бұл жағдайды көрген соң менің белім бүгілді».
Көріп  отырғанымыздай,  соңымыздың  не  бола-
ры  белгісіз.  Перғауынның  сиқыршылары  сияқты 
азғындықпен емір сүріп, емірінің соңында һидайятқа 
келгендер  сияқты,  Қарун  және  Бәлам  бин  Баура 
сияқты һидайятпен өмір сүріп, соңында амал дәптерін 
қасіретпен жапқандар да бар. Сондықтан құл қандай 
рухани мәртебе, жоғары дәрежеде болса да, нәпсі мен 
шайтан  үнемі  тұзақ  құрып,  мүмкіндік  тапқан  сәтте 
аяқты тура жолдан тайдыруы мүмкін. Өйткені, шай-
тан Құран Кәримде айтылғандай Аллаһ Тағаладан:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет