Көңілінде, халықтың жүрегінде


бозарғанда  қайттық.  Бір  түсінгеніміз  бұл  мамандық  иесіне  үлкен  жүрек  керек



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

бозарғанда  қайттық.  Бір  түсінгеніміз  бұл  мамандық  иесіне  үлкен  жүрек  керек 

екен.

Мәңгілік мұра



КӨНЕ ТАРАЗҒА ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ ТАМСАНАТЫН БОЛАДЫ

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ 

БОЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

ЕҢ КӨНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ 

ШАҺАР ТАРАЗДЫҢ ТАСЫН 

ТҮРТСЕҢ ТАРИХЫ КӨРІНЕДІ. 

ОНЫҢ ДƏЛЕЛІ 2011 ЖЫЛДАН 

БАСТАП, ОБЛЫС ƏКІМДІГІНІҢ 

ҚОЛДАУЫМЕН «ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ» 

ҚАЛАСЫНДА АКАДЕМИК 

КАРЛ БАЙПАҚОВТЫҢ 

ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН 

АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН 

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА 

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БҮГІНГІ 

НƏТИЖЕСІ.  ОСЫ РЕТТЕ 

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА 

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН 

ТАНЫСТЫРЫП, ТАРИХИ-

МƏДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ƏЛЕМДІК 

ДЕҢГЕЙДЕ НАСИХАТТАУ 

МАҚСАТЫНДА БАСПАСӨЗ 

ОРТАЛЫҒЫНДА БРИФИНГ 

БОЛЫП ӨТКЕН ЕДІ.

Ағымдағы  жылы  облыс  басшысы 

Кəрім  Көкірекбаев  еліміздің  тарихшы, 

археолог 

ғалымдарын 

шақырып, 

жүргізілетін 

қазба 


жұмыстары 

туралы 


кеңес 

өткізген 

болатын. 

Басқосу    барысында  «Ежелгі  Тараз» 

қалашығының  бүгінге  дейінгі  жəне 

алда  атқарылатын  тұжырымдамалары 

талқыға 

түсіп, 


ғалымдарға 

нақты 


міндеттер  жүктелген  еді.  Осы  аралықта 

атқарылған  шаруалар  туралы  облыс 

əкімдігінің  мəдениет,  мұрағаттар,  жəне 

құжаттама  басқармасының  басшысы 

Дүйсеналы Бықыбаев баяндама жасады.

– «Ежелгі  Тараз»  қаласын  iшкi 

қамал  (цитадель),  шахристан – 

дуалмен  бекiндiрiлген  қала,  рабад – 

қала төңiрегiндегi сауда-қолөнер орны, 

қорғау  қамалының  қазба  жұмыстары 

деп төртке бөліп жүргізу тапсырылған 

болатын. «Мемлекеттік  сатып  алу» 

Заңының  аясында  конкурс  өткізіліп, 

100  млн.  теңгеге 4 мердігер  жеңімпаз 

атанып,  мамыр  айынан  басталған 

жұмыс 

жалғасын 

тауып 

келеді. 

Нəтижесінде,  керуен  сарайлары,  ірі 

қоғамдық ғимараттар, қолөнершілердің 

шеберханасы,  көпестердің  дүкендері 

біздің өңірде сəулет өнерінің кеңге қанат 

жайғандығын  айғақтап  берді.  Айта 

кетейін,  Тараз  қаласын  Бүкілəлемдік 

«EXPO-2017»  көрмесіне    қатыстыру 

мақсатында  археологиялық  саябақ 

құру  мəселесі  көтеріліп,  облыс  əкімі 

мен  Медениет  жəне  спорт  министрі 

Арыстанбек 

Мұхамедиұлымен 

меморандумға  қол  қойылды.  Сонымен 

қатар,  Қытай  Халық  Республикасы 

«Ұлы  Жібек  жолы»  экономикалық 

белдеуі  институтының  директоры 

Лю 

Шанбингпен 

археологиялық 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп 

атқаруға  жол  ашатын  меморандумға 

қол қойылды, – деді Д. Бықыбаев. 

Сонымен  қатар,  басқарма  басшысы 

Тараздың 

өзіндік 


бедері, 

айшығы 


бар, 

көне 


дəуірдің 

қайталанбас 

қолтаңбасындай мұраларын сақтау үшін  

өңірлік  салалық  бағдарлама  аясында 

жасалған 

жұмыстарға 

тоқталды. 

Облысымызда бүгінде екі мыңнан астам 

ескерткіштер  болса,  олар  жергілікті, 

республикалық жəне халықаралық болып 

жіктеледі.  Соның  ішінде  археологиялық 

ескерткіштерді зерттейтін ғылыми қазба 

жұмыстары  жылдан-жылға  жалғасын 

тауып келеді. Мəселен, Тамды, Бектөбе 

қаларында,  Жетітөбе  сақ  обаларында 

зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  жатса, 

халықаралық 

дəрежедегі 

жұмыстар 

бойынша  Т.  Рысқұлов  ауданындағы 

Құлан,  Өрнек  қалашықтары,  Байзақ 

ауданындағы 

Қостөбе 

қалашығы, 

Шу  ауданындағы  Ақтөбе  (Баласағұн) 

қалашығы, 

Жамбыл 

ауданындағы 



Ақыртас 

кешендері 

ЮНЕСКО-ның 

сараптама    комиссиясымен  бірлесе 

Бүкілəлемдік  мəдени  мұра  тізбесіне 

енгізілді.  Айта  кетейік,  ЮНЕСКО 

ұйымына 193 мемлекет  мүше.  Бүгінгі 

күнге  дейін  əлемнің  əр  қиырынан 1067 

тарихи    нысан  енгізілген.  Ал,  Қазақстан 

бойынша  сегіз  тарихи  нысан  ЮНЕСКО-

ның  қорғауында  болса,  оның  бесеуі 

біздің өңірден. 

Келесі  кезекте  сөз  алған  академик 

Карл  Байпақов  Дүниежүзілік  мəдени 

мұра тізіміне енгізілген тарихи нысандар 

туралы сөз қозғады.



–  Жамбыл облысы  –  тарихи-мəдени 

ескерткіштердің  шоғырланған  жері. 

Тіпті, сонау тас дəуірінен келе жатқан 

таңбалы тастардың осы аймақтардан 

табылып  жатқандығы  осы  сөзіміздің 

дəлелі.  Дегенмен,  бүгінгі  күнге  дейін 

біздің  елімізден  ЮНЕСКО-ның  мəдени 

мұралар  тізіміне  сегіз-ақ  табиғи  жəне 

мəдени  ескерткіш  енгізілген.  Бұл  біз 

үшін  аздық  етеді.  Кең-байтақ  қазақ 

жерінде сан алуан мəдени жəне табиғи 

ескерткіштер жетерлік. Оның кейбірін 

əлі  күнге  дейін  өзіміз  де  толық  тани 

алмай  келеміз.  Соның  салдарынан 

қаншама мұрамыз толыққанды бағасын 

алмай, əлі күнге дейін ғылыми тұрғыда 

зерделене  қоймағаны  белгілі.  Кезінде 

түркі жұртының атамекеніне айналған 

өңірде қаншама көне шаһарлар, мəдени-

тарихи  ескерткіштер  жəне  өзге  де 

құндылықтар  болды.  Кейбірі  замана 

ағымымен  көзден  ғайып  болса,  ендігі 

бірінің  жұрнақтары  бүгінгі  заманға 

дейін  жетіп  отыр.  Біз  өткенімізді 

бағалай  білсек,  осындай  құндылықты 

қастерлеп, 

оларға 

қамқорлық 

көрсете  отырып,  тиянақты  жұмыс 

жүргізгеніміз артықтық етпейді, – деді 

К. Молдахметұлы.

Жамбыл  өңірі  əлі  де  тыңғылықты 

зерттеуді  қажет  етеді.  Бұл  жөнінде 

басқосуда 

тарих 


ғылымдарының 

кандидаты, «Археологиялық экспертиза» 

ЖШС-нің директоры Дмитрий Воякин өз 

ой-пікірін білдірді.



–  Ғалымдар  тарихи  қала  Таразда 

2000-ға 

жуық 

тарихи-мəдени 

ескерткіштердің 

бар 

екендігін 

айтады.  Мұндай  мол  ескерткіш 

еліміздің  өзге  өңірлерінде  кездесе 

бермейді.  Өкінішке  қарай,  қайсыбір 

жылдарда  соның  ішінде  кейбіріне 

ғана  ғалымдар  зерттеу  жүргізе 

алса,  қалғаны  сол  күйінше  жұмбақ 

болып қалған. Ендігі кезекте соларды 

жаңғыртып, 

бабалардың 

бүгінгі 

ұрпаққа аманатына адалдық таныту 

біздің парызымыз болса керек-ті. 

Бүкіл əлемдік мəдени мұра тізіміне 

елу бірдей нысаны енгізілген Италия 

көп мемлекеттерден озық тұр. Олай 

болатын  себебі,  осы  салаға  бар 

ынта-ықыласымен  назар  аударып 

отырған 

мемлекет 

біріншіден 

өздерінің мəдени-тарихи нысандарын 

əлемге  танытып  отырса,  екінші 

жағынан    сол  нысандарды  көруге 

ағылған 

туристер 

арқылы 

мемлекет 

бюджетіне 

қыруар 

қаржы  түсіріп  жатыр.  Сондықтан, 

біздің 

олардан 

үйренеріміз 

көп. 

Сол  себепті  аталмыш  бағытта 

жүйелі 

іс-шараларды 

қолға 

алу 

негізгі  мақсаттың  біріне  айналып 

отыр,  –  дейді  тарих  ғылымдарының 

кандидаты. 

Қазба 

жұмыстарына 



жауапты 

мамандардың 

сөзіне 

сенсек, 


қаламызға 

туристердің 

лек-

легімен  ағылатын  күні  алыс  емес. 



Сондай-ақ,  қазіргі  таңда  аршылып 

жатқан  қонақүйлер  мен  моншалар, 

шайханалар,  базарлар  арқылы  қала 

тұрғындары  Тараздың  ортағасырлық 

кейпін көзбен көруге мүмкіндік алады.  

Осы  мақсатта  атқарылып  жатқан 

шаруалар аз емес. Үстіміздегі жылдан 

бастап 


археологиялық 

ғылыми-


зерттеу 

жұмыстарын 

жалғастыру 

мақсатында 2014-2017 жылдарға 

арналған «Көне Тараз – мəңгілік елдің 

бесігі» атты археологиялық саябақтың 

бизнес  жоспары  жасалуда.  Аталған 

жоба 


бойынша 

«Ежелгі 


Тараз» 

қаласын 


аспанасты 

мұражайына 

айналдыру, 

қалашық 


аумағында 

туристерге 

арналған 

демалыс 


орталықтары  мен  қонақүйлер  салу 

жоспарланып отыр.



Тараз  химия-технологиялық  колледжінің  базасында  өңірдегі  химия 

кəсіпорындарына маман даярлайтын заманауи оқу орталығы ашылмақ.  Бұл 

туралы  Жамбыл  облысының  кəсіпкерлер  палатасының  ұйымдастыруымен 

өткен  «дөңгелек  үстел»  отырысы  барысында  айтылды.  Жиынға  «Біріккен 

химия  компаниясы»  ЖШС, «Kazakhstan Petrofac B.V.» компаниясы, 

облысымыздың химия кəсіпорындарының, колледждердің басшылары жəне 

облыс əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысты.

  Бүгінгі  таңда  Шу  ауданының 

аумағында  Елбасы  Жарлығына  сəйкес 

құрылып  жатқан  «Тараз  химия  паркі» 

еркін экономикалық аймағында əлемдік 

талаптарға 

сай 

химия 


өнімдерін 

шығаратын 20-ға жуық кəсіпорын жұмыс 

істейді деп жоспарлануда. Осыған орай, 

өңірде химия саласына қажет мамандар 

даярлау ісі өте өзекті болып тұр. Жамбыл 

облысының  кəсіпкерлер  палатасының 

облыс  аумағында  химия  саласының 

мамандарын 

даярлайтын, 

қайта 


даярлайтын,  біліктілігін  арттыратын  оқу 

орталығын  ашу  туралы  мəселе  көтеруі 

де сондықтан.  

–  Облысымызда  химия  саласына 

9  мамандық  бойынша  кадр  даярлау 

ісімен жеті колледж айналысуда. Яғни, 

колледждерде  білім  алып  жатқан 

30  мың  студенттің 1500-і  болашақ 

химиктер. 

Биылғы 

оқу 

жылында 

мамандық  алып  шыққан  жастардың 

60  пайыздан  астамы  ғана  жұмыспен 

қамтылған. 

Сондықтан 

да 

бұл 

мəселеде  келісіп  жасайтын  жұмыстар 

өте  көп.  Біз  сіздермен  кез  келген 

форматта  жұмыс  істеуге  дайынбыз. 

Қазіргі жағдайда біз үшін əріптестіктің 

барлық  түрі  қолайлы, – деді  облыс 

əкімінің орынбасары Е.Манжуов жиында 

сөйлеген сөзінде. 

Үстіміздегі  жылы  Тараз  қаласында 

Елбасы  тапсырмасына  сəйкес 600 

орындық 


Тараз 

химия-технология 

колледжі  пайдалануға  берілді.  Жиын 

барысында  қатысушылар  осы  оқу 

орнының  базасында  химия  саласына 

қажет  мамандар  даярлайтын  орталық 

ашу туралы келісімге келді.  

Жобаны 


 

«Біріккен 

химия 

компаниясы»  ЖШС-нің    «Самұрық» 



компетенция 

орталығы 

қаржыландырмақ.  Аталмыш  орталық 

бұл  жұмысты «Kazakhstan Petrofac 

B.V.»  компаниясымен  бірлесе  атқаруды 

жоспарлап  отыр.  «Kazakhstan Petrofac 

B.V.»  отыз  жылдан  бері  осындай  оқу 

орындарын  ашумен  айналысып  келе 

жатқан  тəжірибелі  компания.  Аталмыш 

компания  салған  мұнай-химия  саласы 

мамандарын даялайтын оқу орны бүгінгі 

таңда Сингапурда табысты жұмыс істеп 

тұр екен. 

«Самұрық» 

компетенция 

орталығының  бас  директоры  Жангелді 

Сейітов 

аталмыш 


оқу 

орталығын 

ашуға  жарты  жылдай  уақыт  қажет 

дейді.  Орталықта  оқу  корпустарынан 

бөлек  шағын  зауыттар  да  салынады. 

Онда 


колледж 

студенттері 

өз 

мамандықтарының 



қыр-сырына 

тəжірибе  жүзінде  қанығатын  болады. 

Осындай  орталық  нақтылы  кезеңде 

Атырау  қаласында  салынып,  жақын 

арада  пайдалануға  беріледі  деп 

жоспарлануда. 



– Тараздағы орталық     өңірдегі химия 

кəсіпорындарының 

қажеттілігін 

өтейтін  болады  деген  сенімдемін. 

Мұндай  орталықта  тəлім  алған  жас 

мамандар  мен  өндірісте  тəжірибе 

жинақтаған 

кəсіби 

мамандар 

арасында  ешқандай  айырмашылық 

болмайды, – дейді «Kazakhstan 

Petrofac B.V.» компаниясының 

басшысы Энди Морис.

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына – 1 жыл



КƏСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУДАН КЕНДЕ ЕМЕС

Шеберлер  тігін  тігу,  квиллинг, 

оригами жəне басқа да өнер түрлерінен 

өзара  бақ  сынасты.  Көздің  жауын 

алатын 

қолөнер 


бұйымдарына 

қарап  тұрып,  кəсіпкерлер  палатасы 

қызметкерлерінің 

саусағынан 

өнер 

тамған  демеске  амалымыз  жоқ.  Ал, 



шараға  қатысушы  қонақтар  тəуелсіз 

қазылар  алқасы  ретінде  өздерінің 

бағаларын  берді.  Көрмеге  қойылған 

қолөнер 


бұйымдарымен 

танысып 


болған  соң,  кəсіпкерлер  палатасының 

директоры 

Асан 

Қошмамбетовтың 



жүргізуімен  баспасөз  конференциясы 

өтіп,  өңірлік  кəсіпкерлер  палатасының 

атқарған  жұмысы  туралы  баяндама 

жасалды.


Кəсіпкерлер 

палатасының 

директоры, 

шалғайдағы 

кəсіпкерлермен 

тығыз 


қарым-

қатынас 


орнатып, 

кəсіпкерліктің 

қыр-сырымен 

таныстырып 

отыру 

мақсатында    «Кəсіпкерлер  палатасы» 



атты  газет  шығарып  жатқандығын 

жəне  электрондық  сайттар  арқылы 

кəсіпкерлер  өз  сауалдарын  жолдап, 

жауап  ала  алатындығын  тілге  тиек 

етті.  Ашылғанына  бір  жыл  ғана  толған 

облыстық  кəсіпкерлер  палатасының 

себепкер  болуымен  шағын  жəне  орта 

кəсіпкерлікке  байланысты 90 түрлі 

мəселе  оң  шешімін  тауып  үлгерген.  

Жəне  де  заңға  қайшы  əрекет  еткен 

кəсіпкерлерге  айыппұл  салынып,  100 

млн.  теңгеге  жуық  қаржы  қайтарылған 

екен.

Конференция 



соңында 

шығармашылық 

сайыстың 

жеңімпаздары марапатталды.  Тəуелсіз 

сарапшылардың  бағалауы  бойынша 

байқау жеңімпазы болып экономикалық 

бөлімі  танылса,  екінші  орын  құқықтық 

бөлім 


қызметкерлеріне 

бұйырды.  

Ал  əкімшілік  бөлім  үшінші  орыннан 

көрінді.  Сайыс  жеңімпаздары  арнайы 

дипломдармен марапатталды.

ЕНДІ ХИМИЯ САЛАСЫНЫҢ 

МАМАНДАРЫН СЫРТТАН ІЗДЕМЕЙМІЗ

КӨПТЕГЕН 

КƏСІПКЕРЛЕРІМІЗДІҢ 

КƏСІБІН 

ДӨҢГЕЛЕТУІНЕ 

ҮЛКЕН 

ЖОЛ  АШЫП,  БАҒЫТ  СІЛТЕУШІ  БОЛЫП  ЖҮРГЕН  ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСЫ 

КƏСІПКЕРЛЕР  ПАЛАТАСЫНЫҢ  ҚҰРЫЛҒАНЫНА  БІР  ЖЫЛ  ТОЛУЫНА  ОРАЙ 

БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ  ӨТІП,  ҰЙЫМ  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ    АРАСЫНДА 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. 

қ

ур



рд

д

д қ р



Сондай-ақ,  құт

үшін жыл сайын

халықаралық с

екен. «Қазқұтқ

елден  келген

тəсілдерін  ба

өздеріне  кере

Өз жұмысын

мама

істе


деге

жаб


алып

көлік


нүк

ба

бе



қа

қ

құ



қызм

««КӨНЕ ТАРАЗ

КӨНЕ ТАРАЗ» археологиялық саябағының жобасы.

» археологиялық саябағының жобасы.

Бетті дайындаған Талғат НҰРХАНОВ.

5

23 қазан,

№43 (471)

ОҚШАУ ОЙ

БАҚ материалдары арқылы дайындалды.

ДҮНИЕ

ДҮБІР

ИЕ

Д

Біздің мінбер



«ҚЫЗМЕТТІК ӨРЛЕУДЕ БІРДЕ-БІР САТЫНЫ 

АТТАП КЕТКЕН ЕМЕСПІН»

–  Бағлан  Жиенəліұлы,  еліміздің  Тəуелсіздік 

алғанына бұйыртса жиырма төртінші жылға аяқ 

басады.  Осы  уақыт  аралығында    мемлекетіміз 

барынша дамып, төрткүл əлемге белгілі болды. 

Айтыңызшы,  Қазақ  халқына  егемендіктің  ең 

бірінші берген құндылығы не деп білесіз?

– Шынымды айтсам, «Егемендік», «Тəуелсіздік» 

деген сөздер  мен үшін киелі де қастерлі ұғымдар. 

Мұны  қарапайым  сөзбен  айтып  жеткізу  өзін 

«Қазақпын»  деген  жұмырбасты  пенде  үшін 

қиын  шығар.  Бұлай  дейтін  себебім,  сексенінші 

жылдары  реті  келіп,  Мəскеу  қаласына  жақын 

орналасқан  белгілі  бір  демалыс  аймағына 

бардым.  Сонда  сол  жердегі  жергілікті  халықтың 

өкілдеріне «Қазақстаннан келдім, қазақпын» десем, 

бізді  мүлдем  білмейді,  тіпті,  естімеген  сыңай 

танытады.  Əбден  намыстанып,  қиналғаным  бар 

еді.  Міне,  сол    кезең  де  басымыздан  өтті.  Қазір 

еліміз  Құдайға  шүкір,  егемендігін  алып,  төрткүл 

дүниенің  мемлекеттерімен  иық  тіресе  өркендеп, 

дамып  келеді.  Түрлі  саланың  өкілдері,  əсіресе, 

спортшыларымыз  көк  байрағымызды    айтулы 

жарыстарда  биіктен  желбіретіп,  еліміздің  мерейін 

тасытуда.  Анығы,  Қазақстан  деген  мемлекетті 

дүниежүзіне  мойындату  үстінде.  Мұның  барлығы 

егемендіктің, 

тəуелсіздіктің 

арқасында 

ғана 


болатын дүниелер емес пе? Сондықтан, осы құнды 

дүниелерді  қадірлеп,  қастерлей  білуіміз  қажет. 

Сондай-ақ,  Елбасының  жүргізіп  отырған  сарабдал 

саясатына  барынша  қолдау  білдіріп,  елдің,  жердің 

өркендеуіне  тамшыдай  болса  да  үлес  қосуға 

əрбір  адам  тырысса,  алдыңғы  қатарлы  елдердің 

қатарына қосыларымыз хақ. Əсіресе, бұл жұмыста 

жастарымыз  белсенділік  танытып,  биіктен  көрінуі 

тиіс. Сонда ғана бұл межелерді бағындыра аламыз. 

–  Бұл  биік  межелерді  бағындырып, 

Тəуелсіздігімізді баянды етуде жастарға қандай 

қасиеттер қажет деп ойлайсыз?

–  Ең    бірінші    жастарымыз    жігерлі,  патриот 

болуы керек. Елін, жерін, туған топырағын сүюден 

жаңылмаған  адам  кез  келген  жетістікке  жетері 

анық.  Одан  соң  Қазақтығын  қастерлеп,  тіл  мен 

дінін, салт-дəстүрін құрметтесе, алынбайтын қамал 

болмайды.  Бұл  тұрғыда  жастарға  сапалы  білім  де 

қажет. «Білімсіздің күні ғаріп» – деп ұлы Абай бекер 

айтпаған ғой. Сондықтан, жастар зейінді, əрбір істің 

парқына бара білсе, егемен еліміз одан əрі жайнап, 

жандана түседі.

– Аздап артқа шегініс жасасақ. Облысымызға 

қарасты  төрт  бірдей  ауданға  басшылық 

жасапсыз.  Осы  басқарған  өңірлеріңізде  «Мына 

дүниені Бағлан Қарашолақов аудан əкімі болып 

тұрғанда  жасаған  еді.  Сол  кісі  алғаш  бастама 

ретінде  көтерген  болатын» – деп  айтатындай 

тірліктерді атап бере аласыз ба? 

–  Шындығы  керек,  жасаған  ісімді  айқайлап, 

елге  жар  салып  айтатын  адамдардың  қатарынан 

емеспін.  Қандай  жұмыс  бастасақ  та  бірінші  елдің 

жағдайы алдыңғы қатарда тұратын. Жəне жасалған 

жұмыс  пен  біткен  тірлік  бір  ғана  адамның  жемісті 

еңбегі  емес,  сол  уақытта  маған  демеу  болған 

адамдар мен қолдау білдірген халықтың арқасында 

ғана іске асты деп айтар едім. 

Иə,  төрт  бірдей  ауданға  басшылық  жасадым. 

Əр аудан өз ерекшелігімен, табиғатымен, халқының 

мінез-құлқымен дараланып тұрады ғой. Бұл табиғи 

дүние.  Мұны  өзгертіп,  теріс  айналдырып  жіберу 

адамның қолынан келмейтіні хақ. 

Дегенмен,  Кеңес  үкіметі  кезеңінде  Мойынқұм 

ауданында  «Батыс  жəне  Шығыс  кен  басқармасы» 

деген  болатын.  Бұл  екі  кеніш  тікелей  Мəскеуге 

қарайтын.  Тек  орналасқан  жері  ғана    Мойынқұм 

ауданында. Сол өндіріс орнында басшылық былай 

тұрсын,  қарапайым  қазақтың  қара  жұмысшысы 

болмайтын.  Егемен  ел  болып,  Тəуелсіздігімізді 

алған  жылдары  сол  ауданға  басшылық  қызметке 

бардым.  Сондағы  қолға  алған  ең  бірінші 

тірлігім  осы  екі  кен  орнына  қазақ  азаматтарын 

басшылыққа  апару  болды.  Ол  ойымды  сол 

кездегі  облыс  басшысына  жеткізіп, «Шығыс  кен 

басқармасына»  Бауыржан  Үсенов, «Батыс  кен 

басқармасына»  Болат  Бейімбетов  деген  «сен  тұр, 

мен  атайын»  деген  нағыз  тірліктің  тілін  түсінетін, 

іскер    азаматтарды  басшылыққа  апардым.  Сонда 

сол  кен  өндірісінде  жұмыс  жасайтын  адамдар 

бізге  үрке  қараған  болатын.  Кейін  осы  екі  азамат 

облыс  деңгейінде  түрлі  лауазымды  қызметтер 

атқарды.  Одан  кейін  аудандағы  негізгі  бірден-бір 

өндіріс  орны  саналатын  «Ақбақай»  алтын  өндіру 

комбинатына  басшы  тұрақтамай,  бір  беймаза  күй 

кешті.  Содан  сол  уақыттағы  облыс  əкімі  Өмірбек 

Байгелдімен  келісе  отырып,  Қаратау  мен  Жаңатас 

қалаларында  жемісті жұмыс атқарған, мамандығы 

кенші Төлеухан Оспанбековты кенішке басшы етіп 

тағайындадық.  Міне,  сол  азамат  «Ақбақай»  алтын 

өңдеу  комбинатында  табан  аудармай, 15 жылға 

жуық  жұмыс жасады. 

Жалпы, 


ел 

экономикасының 

тұралаған 

уақытында  мойынқұмдықтар  осы  комбинаттың 

арқасында  тірліктерін  тіктеді.  Бұл  уақытта 

комбинатта  өндірілген  өнім  Өскемен  қаласына 

жөнелтіліп, ол одан əрі Əзірбайжан мемлекетіне жол 

тартатын.  Кейін  республикадағы  «Алтын-Алмас» 

компаниясының  басшысы  Əбдірахман  Бегалиннің 

қолдауының арқасында Ақбақайда алтын өндіретін 

арнайы зауыт салынды. Бұл дегеніміз бұрынғыдай 

өнімді  Өскемен  одан  əрі  Əзірбайжан  асырмайды 

деген сөз. Барлығы осы жергілікті зауытта өңделіп, 

дайын  алтын  болып  шығатын.  Міне,  сол  соғылған 

зауыт  жиырма  жылға  жуық  қалтқысыз  қызмет  етті. 

Былтыр ғана қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Енді 

заман өзгерген сайын, жаңа технологиялар дендеп 

еніп жатыр ғой. Сондықтан, қазір ол зауыттар заман 

талабына қарай жұмыс жасауда.

Ал,  мерейлі  Меркі  ауданына  басшы  болып 

барғанымда  аудан  ақсақалдары 15-16 жылдай 

тоқтап  тұрған  Меркі  қант  зауытының  тұралаған 

тірлігін  көтеріп,  мəселені  қалайда  шешуімді  өтінді. 

Содан  не  керек,  аталмыш  мəселемен  бармаған 

жерім,  қақпаған  есігім  қалмады.  Ақыры,  тілегіміз 

Елбасының  құлағына  жетіп,  сол  кісінің  бір  ауыз 

сөзінің  арқасында  зауыт  іске  қосылған  болатын. 

Қазір  Құдайға  шүкір,  зауыттың  жұмысы  өз  ретімен 

дөңгелеп жүріп жатыр.  

Ал,  тоғыз  жолдың  торабында  орналасқан  Шу 

ауданы əлеуеті өте жоғары аймақтардың қатарына 

жатады.  Бір  ғана  ауыл  шаруашылығы  саласында 

10  мың  гектарға  жуық  суармалы  жері  бар.  Осы 

жерлерде  шаруалар  күндіз-түні  еңбектің  қазанын 

қайнатып  жататын.  Мен  аудан  тізгінін  қолға  алған  

жылдары көп жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген 

«Тасөткел» су қоймасы мен темір жол мекемелері ел 

игілігіне берілді. Сондай-ақ,  темір жол бөлшектерін 

шығаратын  арнайы  зауыт  пен  «Шатыркөл»  кен 

орны  іске  қосылып,  көпшілікті  бір  қуантқан  еді. 

Сондай-ақ,  Шу  ауданын  газдандыру  мəселесі  де 

үлкен  жұмыстардың  бірі  болды.  Бұл  жұмыста  

халық  қалаулылары  елмен  етене  жұмыс  жасап, 

Президент əкімшілігіне түрлі хаттар ұйымдастырды. 

Осы еңбегіміз еленіп, айтылған, жазылған ұсыныс-

тілектің  арқасында  Шу  ауданына  көгілдір  отынның 

келуіне  себепкер  болдық.  Қазір  сол  газдың  игілігін 

шулықтар  барынша  көріп  отыр.  Енді  бұйыртса, 

Шу  қаласына  да  газ  келетін  күн  алыс  емес.  Одан 

бөлек қаланың жарықтандыру, көркейтуде барынша 

қолдан келгенше жұмыс жасадық. Ол жұмыстар əлі 

күнге дейін халықтың жадында болар деп білемін.

Жұлдызды  Жуалы,  генералдар  елінің  жөні  бір 

бөлек.  Тіпті,  табиғатының  өзі  басқа  аудандарға 

қарағанда  ерекшеленіп  тұрады.  Əсіресе,  қыс 

мезгіліндегі қатаңдығын айтып жеткізу мүмкін емес. 

Міне, осы ауданда біраз жұмыс жасадық. Енді, есте 

қалар дүние, ер Баукеңнің жүз жылдық мерейтойын 

жоғары деңгейде атап өткендігіміз. Ол кісіге арнап 

саябақ  жасап,  үлкен  еңселі  ескерткішін  орнаттық. 

Бұл жұмыста облыс басшылығы барынша қолдауын 

білдіріп,  тірлігіміздің  түзу  болуына  атсалысты. 

Жоғарыда  айтқандай,  əр  басқарған  аудан  өз 

ерекшелігімен  есте  қалды.  Ал  жасалған  жұмысқа 

бағаны беретін халық қана.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет