Көңілінде, халықтың жүрегінде


–  Байқауымызша,  көңілге  тоқыған  нəрселерің  көп



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата02.01.2017
өлшемі35,99 Mb.
#1016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–  Байқауымызша,  көңілге  тоқыған  нəрселерің  көп 

сияқты?

– Санап көрсем, жыл сайын əр қазақстандық студент кемі 

30 мың фунтты Британия қазынасына құйып кетеді екен. Мұнша 

қаржыны төккенше тілдік курсты неге Қазақстанда оқытпасқа? 

Қазір  Назарбаев  Университеті  ағылшын  тілін  үйретуден 

ешкімнен кем емес. Оның үстіне, олар  мен оқып жатқан UCL 

университетінің білім жүйесін қолдануда. Олай болса, сонша 

қаржыны  шетелге  жұмсамай,  неге  елде  қалдырмасқа.  Оның 

орнына  шетелден  мықты  ұстаздар  шақырту  керек.  Бұл  бір 

жағынан Назарбаев университетінің деңгейін көтерсе, екінші 

жағынан қаржыны үнемдеуге көмектеседі. Оған қоса, шет тілін 

үйретуден  жоғары  нəтижеге  қол  жеткізсек,  Орта  Азиядағы 

студенттер біздің елге ағылатыны сөзсіз. 

– Əңгімеңе рахмет.

Сұхбаттасқан Саятхан САТЫЛҒАНОВ.

Абай ОТАР, «Болашақ» бағдарламасының 

стипендиаты, «University College London» 

университетінің магистранты

Жастар және Болашақ



«ҚАЗАҚСТАНДЫ АНГЛИЯҒА ЕШҚАШАН АЙЫРБАСТАМАС ЕДІМ»

Көрнекті  ақын  Есенғали  Раушанов 

«Өлең  жазу  қызық  та,  қиын  да  емес, 

жас  отыздан  асқан  соң» – дейді  ғой. 

Əлемдік  тəжірибеде  жас  күнінде-ақ 

классик  атанып,  əдебиеттің  бағына 

туған тұлғалар болған. Байрон, Пушкин, 

Лермонтов,  Мұқағали  Мақатаев  секілді 

ұлы  дарындар  отыз  жасында-ақ  орда 

бұзып,  өлеңнің  өміршеңдігін  дəлелдеді. 

Алайда,  олардың  заманында  түрлі 

байқау, əдеби конкурстар атымен болған 

жоқ. 

Бүгінгідей 



шығармашылығын 

күнделікті 

насихаттап 

отыратын 

ғаламтор  желісі  ол  заманда  жоқ. 

Кітап  шығару  ісі  де  қияметтің  қыл 

көпірінен 

өткенмен 

тең 

дəрежеде 



болатын  еді.  Қазір  жас  əдебиетшілер 

үшін  күллі  қажеттіліктің  орны  өтеліп 

тұрғандай.  Басқа  болмаса  да,  сөз 

бостан.  Шығармаларыңа  екі  шоқып,  бір 

қарайтын  аса  қырағы  советтік  цензура 

жоқ.  Жастардың  кітаптары  шығып 

жатыр,  өлеңдері  басылым  беттерінде 

жиі  жарияланып  жүр.  Шығармашылық 

насихаттың төте жолы болып табылатын 

түрлі  əлеуметтік  желілерде  де  ақын-

жазушылардың  шығармалары  жүреді. 

Еліміздің 

Мəдениет 

министрлігінің 

«Жас 

толқын» 


бағдарламасы 

да 


талай 

жастың 


талантын 

түлетті. 

Шығармашылық  деңгейінің  ашылуына 

септігін  тигізді  деуге  болады.  Сонымен 

қатар, 

облыстық, 



республикалық, 

тіпті 


халықаралық 

деңгейде 

де 

жас 


ақындардың 

шығармашылық 

байқаулары 

мен 


мүшəйралары 

өткізіліп  тұрады.  Соның  бірі  жыл  сайын 

Астана  қаласында  өтетін  «Шабыт» 

шығармашыл жастар фестивалі. Шынын 

айтқанда,  бұл  фестиваль  төңірегінде 

əдебиетшілер  арасында  алып-қашпа 

əңгіме  көп.  Көптеген  аға  буын  өкілдері 

көңілінің 

толмайтындығын 

айтып 


жатады.  Алайда,  басталғалы  бері 

«Шабыт»  фестивалінің  бас  төрешісі 

болып  келген  көрнекті  ақын,  марқұм 

Фариза  Оңғарсынова  апамыз  жүлде 

алған талай жасқа батасын беріп, жолын 

ашқан еді. Олардың алды қазір қазақтың 

белгілі  ақыны  болып  та  үлгерді.  Ал 

əр  жылдары  фестивальдің  қазылар 

құрамында  болған  Роллан  Сейсенбаев, 

Серік 


Ақсұңқарұлы, 

Маралтай 

Райымбекұлы,  Жанат  Əскербекқызы 

секілді ақын-жазушылар да кезінде біраз 

жас  ақындар  туралы  жақсы  пікірлерін 

айтқан болатын. 

Өткенге 

шегініс 


жасасақ, 

ұлы 


Мұхтар  Əуезов  мəңгілікке  көз  жұмар 

алдында  ауруханада  жатып  сол  кездегі 

жас  жазушылар  Тахауи  Ахтанов  пен 

Əбдіжəміл 

Нұрпейісовті 

шақырып 


алыпты. 

Əуезовтің 

тəлімін 

алған, 


шапағатын  көрген  екі  інісі  заматта 

ұстаздарының  жанынан  табылыпты. 

Сонда 

данышпан 



жазушы 

қазақ 


əдебиетінің  ауыр  салмағын  екі  інісіне 

аманаттап  жатып, «Қалай,  тізелерің 

қалтырамай  ма?» – депті.  Сол  секілді 

əдебиеттің болашағы да, ендігі тағдыры 

да  жастардың  қолында.  Жас  қалам 

иелерін дұрыс жолға бағыттау, талантты 

шығармалар жазуына сеп болу «Шабыт» 

секілді  ірі  фестивальдердің  басты 

мақсаты. Əйгілі Мағжанның «Толқыннан 

толқын туады» дейтіні осы ғой. 

Қазан айының соңын ала, қарашаның 

алғашқы  аптасында  Астана  қаласында 

өтетін 

Халықаралық 



«Шабыт» 

шығармашыл 

жастар 

фестиваліне 



еліміздің əрбір өңірінен талантты жастар 

қатысады.  Əлемнің  бірқатар  елдерінен 

де  үміткерлер  келіп,  бақ  сынайды.  Ал 

ежелден көркем ғазалдың отаны болған, 

əрбір ұл-қызына киелі сөздің ұшығы тиген 

Тараз топырағынан Табиғат Абаилдаев, 

Данияр  Əлімқұл,  Нұржан  Қадірəлі, 

Жанғазы  Ахмет,  Наурызбек  Саршаев, 

Асылзат  Жұмабай,  Арайлы  Жақсылық 

секілді талантты жас ақындар қатысады. 

Бұл  ақындардың  осы  уақытқа  дейін 

жыр  жинағы  шықпаса  да,  олар  өздерін 

республиканың  əдебиетші  жастарына 

мейлінше  танытып  үлгерді.  Болашақта 

қазақ 

өлеңінің 



көсегесін 

көгертіп, 

əдебиеттің  мəнді  түріне  айналғалы 

тұрған ақындардың арыны ерек, талғамы 

бөлек.  Қара  өлең  туралы  алдыңғы 

буынның  көзқарасында  тəрбиеленген. 

Өлең – күрделі  құбылыс.  Оны  ешкім 

анықтап,  таразылап  бере  алмайды. 

Тағдыр  Тəңірдің  қолында,  өлеңнің 

тағдыры ақынның қолында. Бұл жолы да 

жылдағы  дəстүр  бойынша  «Шабыттың» 

жас  ақындардың  шабытына  шабыт 

қосатынына сенім мол!

Маралтай 

РАЙЫМБЕКҰЛЫ, 

ақын,

Халықаралық 

«Алаш» əдеби 

сыйлығының 

иегері:

– Поэзия өрбиді, 

өрби  береді  де. 

Алайда, біздің қазақтың жүрегіне жақын 

дүние ғана ғұмырлы болмақ! Поэзиядағы 

ізденістер  Көктүріктер  дəуірінен  де 

əріден  басталған.  Əлі  күнге  дейін 

жетіліп,  жетіп,  пісіп  келеді.  Өмірден 

небір  ғұламалар  өтті.  Поэзияны  əркім 

əр  түрлі  қабылдады.  Əлі  күнге  дейін 

поэзияның заңдылығын ешкім анықтап 

бере  алған  жоқ.  Талғамдар  тартысқа 

түсті.  Түсініктер  түпкілікті  байлам 

айта  алмады.  Ғалымдар  ақындардың 

көлеңкесінде  қалды.  Себебі,  ақын, 

шын  ақындар  ғалымдардан  да  жоғары, 

түсініксіз  тылсым  иелері  еді.  Ақындар 

солай  боп  қала  беретініне  сенемін! 

Қазаққа  қазақтың  өзін  көре  алатын 

айна  сияқты  өлеңдер  керек.  Мəселен, 

қара өлең сияқты...

Танагөз 

ТОЛҚЫНҚЫЗЫ, 

ақын,

ҚР Президенті 

стипендиясының 

иегері:

– 

Қазір 

қазақ 

п о э з и я с ы н д а 

ренессанс 

дəуірі 

басталғандай  əсер  қалдырады.  Артымда 

келе  жатқан  алапат  ақындарды  көрдім. 

Өзіндік  дауысымен,  сойқан  екпінімен  келе 

жатқан  осы  бір  ақындарды  Тəңірім  тіл 

көзден  сақтаса  екен  деп  тілеймін. 

Ерлан 

ЖҮНІС, ақын, 

Халықаралық 

«Шабыт» 

шығармашыл 

жастар 

фестивалінің 

Гран-При иегері:

– 

Қазақ 

өлеңінде 

поэтикалық 

дəуірді 

ашқан, 

поэтикалық 

идея 

алып  келген  ақындардан  бастап, 

өзімнен  кейінгі  жастарды  да  өзіме 

ұстаз  санаймын.  Көктемнің  таңын, 

күзгі  бақтың  күрсінісін,  жапырақтың 

дірілін, 

құс 

қанатының 

серпінін, 

бұлақтың 

сылдырлағанын, 

сəбидің 

былдырлағанын – ұстаз  көремін. 

Жамандық пен ұсқынсыздықтың өзінен 

бір нəрсе үйренуге тырысамын. 

Әдебиет айдыны

Білім мен тәжірибе

ТИГУ-дың ТАҒЫ БІР ТЫҢ БАСТАМАСЫ

Студенттерге  арналған 8 аудиториясы  мен 

зертханалары орналасқан кешенде 2 жылыжай бар. 

Бұл  болашақ  мамандардың  жұмыс  орындарына 

барарда  тыңғылықты  дайындалуына  жасалған  зор 

мүмкіндік.  Сондай-ақ,  Кəрім  Нəсбекұлы    жастарды 

бəсекелестікке  қабілетті  маман  етіп  тəрбиелеудегі 

бастама жалғасын табуы керектігін, сонымен қатар, 

оның нəтижелі болуына мүдделі екенін айтты.

Ашылған  институтта  студенттердің    жоғары 

сапалы  білім  алуына  толықтай  жағдай  жасалған. 

Арнайы  құралдармен  жабдықталған  зертханалар, 

интерактивті  тақта  қойылған  аудиториялар  бұған 

толықтай  мүмкіндік  бере  алады.  Айта  кетерлігі, 

студенттердің  оқу  аптасыың 3 күнін  университетте, 

сабақ үстінде өткізсе, қалған 3 күнді ғылыми-зерттеу 

институтында 

тəжірибемен 

өткізетін 

болады. 


Университет 

ректоры 


Ерболат 

Саурықовтың 

айтуынша,  болашақ  агрономдар  мен  биологтардың 

институтқа  қатынауында  қиындықтар  тумас  үшін 

«ƏулиеатаТрансПасс» ЖШС-мен келісім жасалыпты.

Орталықтың  негізгі  бағыты – студенттерді  жан-

жануарлар мен өсімдіктер əлеміне бойлату. Сонымен 

қатар,  студенттер  облыс  климатына  үйренісе 

алатын  өсімдіктер  түрлерін  жерсіндіру  жəне  су 

айдындарының ахуалын толық бақылауда ұстаумен 

де  айналыспақ.  Ерболат  Байұзақұлы  болашақта 

ветеринария  мамандығын  ашуды  да  жоспарлап 

отырғандарын  жасырмады.  Ол  мақсатта  тағы 50 

гектар  жер  телімін  алып,  сүт  фермасын  ашу  ойда 

бар  екен.  Институтты  толықтай  аралап,  оң  бағасын 

берген Кəрім Нəсбекұлы құрметті қонақтар кітабына 



тілегін білдіріп, қолтаңба қалдырды.

Байзақ ауданы.

P.S.

 Жоғарыда əлеуметтік желілердің шығармашылықты насихаттаудағы 

орнын  айтқан  едік.  Жасыратыны  жоқ,  бүгінгі  таңда  жастардың  тоқсан  пайызы 

түрлі  əлеуметтік  желілерді  пайдаланады. «Шабыт»  фестивалінің  биылғы 

ерекшелігі – қатысушы  ақындардың  өлеңдері  мен  шағын  өмірбаяны  алдымен 

«Əдебиет» порталында жарияланады. Одан кейін əрбір оқырман өзінің қалаған 

ақынына  «Фейсбук», «В  контакте»  сияқты  əлеуметтік  желілер  арқылы  дауыс 

бере  алады.  Сөйтіп,  əдебиетші  жастардың  бірегей  платформасына  айналған 

«Əдебиет»  порталы  ақындардың  шығармаларын  салыстырмалы  түрде  қарап, 

қазылар алқасына жолдайды. Есілдің бойын ен жайлаған Астана төрінде «Шабыт» 

алауы жағылатын күн жақын. Еліміздің əр қиырынан өлең жолдаған жүз ақынның 

шығармалары толықтай порталда жарияланған. Енді дауыс арқылы жеңімпазды 

анықтау  тек  қана  қазылар  алқасының  қолында  емес,  оқырмандардың  да 

еншісінде.

Мұратхан ƏЛІМХАН

Көркем  əдебиетте  шығарманың  тағдырын  көлемі  мен  оған  берілген 

сыйлық  шешпейді  деген  ұғым  бар.  Əрбір  шығарманың  өзіндік  тағдыры  мен 

жолы  қалыптасады.  Адам  жас  күнінде  арманшыл,  қиялшыл  болып  келеді. 

Тас  қалаға  сыймаған  тарпаң  мінез,  өзін  құдіретті  сезіну,  шабыт  алдында 

құмырсқадан  дəрменсіз  екенін  мойындағысы  келмеу  сияқты  ерекшеліктер 

шығармашылығын  жаңа  бастап  жүрген  албырттыққа  тəн.  Жалғыз  өлеңі 

əлдебір əдеби басылымның бетінен жарқ ете қалғанда, Пушкин мен Абайдың 

өзінің кеңістігін місе тұтпайтын мінездің болатыны заңдылық. 

Байзақ 

ауданында 

 

Тараз 

инновациялық-

гуманитарлық университеті жанынан Агробиологиялық 

ғылыми-зерттеу  институты  ашылды.  Бұл  Елбасының 

жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын 

жүргізу,  теориялық  білім  мен  тəжірибені  қатар  алып 

жүру жөніндегі тапсырмасының жемісі.

Институттың  ашылуына  арнайы  келген  облыс 

əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  университет  ректоры  Ерболат 

Саурықовпен  бірге  кешеннің  салтанатты  лентасын 

қиды.  Екі  гектарға  жуық  аумақта  орналасқан  институт 

құрылысына  аталған  университет 100 млн.  теңге 

жұмсапты.  Салтанатты  шарада  сөз  сөйлеген  аймақ 

басшысы университеттің бұл бастамасын қолдайтынын 

білдіріп, ізденістеріне жоғары баға берді. 

ЖАМБЫЛ ЖЫРЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ 

«ШАБЫТТА» БАҚ СЫНАЙДЫ

23 қазан

№43 (471)

4

АЙНА

Ұйқысыз Тараз



ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ƏР КҮНІ 

ҚАУІП-ҚАТЕРГЕ ТОЛЫ

ӨМІР  ҚАРБАЛАС.  ТЫНЫМСЫЗ  ТІРШІЛІКТЕ  АДАМ  БІР  МЕЗГІЛ  ҰЙЫҚТАП, 

ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ КҮШ ЖИНАУ ҮШІН ДЕМАЛАТЫНЫ ЗАҢДЫЛЫҚ.  ДЕГЕНМЕН, ТҮН 

ТЫНЫШТЫҒЫНДА  ҰЙҚЫ  КӨРМЕЙ,  ЖҰМЫС  ІСТЕЙТІН  КӨПТЕГЕН  АДАМДАР 

ТУРАЛЫ БІЗ БІЛЕ БЕРМЕЙМІЗ.  ОЛАРДЫҢ БІРІ БІЗДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫМЫЗДЫ 

КҮЗЕТСЕ,  ЕНДІ  БІРІ  ЕРТЕҢГІ  НƏРІМІЗДІ    ДАЙЫНДАЙДЫ.  ЕНДІ  БІРІ,  

ҚАУІПСІЗДІГІМІЗ ҮШІН КӨЗ ІЛМЕЙДІ. 

Түрлі 


жағдайларда 

басын 


бəйгеге 

тігіп,  адам  өміріне  араша  бола  білетін 

мамандық  иелері – жедел  құтқарушылар. 

Біз  бұл  мамандар  жайлы  жан-жақты 

білу  үшін  облыстық  Төтенше  жағдайлар 

департаментінің  жедел  құтқару  жасағымен 

бір түнді ұйықтамай бірге өткіздік. 

Жедел 


құтқарушылармен 

алғаш 


кездескенде  бірден  байқағанымыз,  мұндағы 

мамандардың  барлығы  тепсе  темір  үзетін, 

талай жарыста бəйгені бермей, олжа салған 

спортшылар  секілді  көрінді.  Осы  орайда, 

бізге  жол  бастап,  жұмысының  қыр-сырымен 

таныстырып  жүрген  медик-құтқарушы  Есжан 

Ахыновқа  жедел  құтқарушы  қызметіне 

мамандар қалай іріктелетіндігі туралы сауал 

тастадық.  

–  Бұл  қызметке  түсем  деушілер  ең 

алдымен  медициналық  тексеруден  өтеді. 

Ержүрек, батыл жəне физикалық тұрғыдан 

мықты  болуы  керек.  Содан  кейін  жалпы 

физикалық  дайындығы  таразыланып,  дене 

шынықтырудан  нормативтер  тапсырады. 

Бұған  қоса  психологиялық  тексерістен 

міндетті  түрде  өткізіледі.  Құтқарушы 

жұмысының тағы бір қиын тұсы – ол кейде 

мəйітті  алып  шығуға,  жарақатынан  қан 

тыйылмағандарға  жедел  көмек  көрсетуге 

тиіс.  Осындайда  көп  адамның  жүрегі 

шыдамайды.  Ал  құтқарушы  мұндайда  бір 

сəт  босаңсымауы  тиіс, – дейді  бірнеше 

жылдан  бері  құтқарушы  болып  қызмет  етіп 

келе жатқан жігіт ағасы.

Бір  айта  кетерлігі,  əрбір  құтқарушы 

кемінде  онға  жуық  мамандықты  меңгерген. 

Əмбебап 


мамандар 

десе 


болады. 

Себебі,  жұмыс  барысында  стропильщик, 

газ-электр 

дəнекерлеуші, 

электрик, 

фельдшердің  жұмысын  атқаруға  тура  келіп 

жатады.  Сонымен  қатар,  əрбір  құтқарушы 

«парамедик»,  яғни  олардың  арнайы  орта 

медициналық  білімі  бар.  Бұл  оларға  апатты 

жағдайда 

жапа 

шеккендерге 



алғашқы 

медициналық  көмек  көрсетуіне  мүмкіндік 

береді. Яғни, «аттың жалы, түйенің қомында» 

етігімен  су  кешетін  мұндай  жұмысты  алдын-

ала  дайындығы  жоқ  кез  келген  адам  алып 

кете алмайтындығын түсіндік. 

Бүгінде  жедел  құтқару  жасағында 4 

ауысымда 39 құтқарушы  қызмет  етеді 

екен.  Жұмысқа  жаңа  ауысымға  келген 

кезде, 


таңертең 

жасақ 


жетекшілері 

құтқарушылармен  тəрбие  сағатын  өткізеді. 

Қауіпсіздікті  сақтау,  апат  орнында  кіммен 

қалай  сөйлесу  керектігі  талқыланады.  Жəне 

де  жедел  құтқарушылардың  біліктілігін 

арттыру  мақсатында  үнемі  аттестациядан 

өткізіліп  тұрады.  Физикалық  дайындығы 

мықтап  тексеріледі.  Шеберлігімен  қатар 

психологиялық  даярлығы  үнемі  назарда 

болады.


Құтқарушылармен  əңгімелесе  бергеніміз 

сол  еді,  кезекшілікте  тұрған  Е.  Ахыновтың 

қолындағы  рациясы  безектеп  қоя  берді.  

Кезекші  диспетчер        Сəмен  Дəненұлы 

көшесінің 

тұрғыны 


үйінде 

құлыптанып 

қалғаны  туралы  хабарды 

жеткізді.  Хабар  алған  құтқарушылар  тобы 

жедел  жолға  шықты.  Оқиға  орнына  он 

минутта жеттік. Құтқарушылар арнайы құрал-

жабдықтарын  алып,  көзді  ашып-жұмғанша 

есіктің  құлпын  ашып  берді.  Біршама  уақыт 

үйде  қамалып  қалған  əжей  құтқарушыларға 

өзінің  алғысын  жаудырып  жатты.  Өз 

жұмысын  тəмамдаған  құтқарушылар  мінген 

көлік  құтқару  қызметі  мекемесіне  қарай 

бет  алды.  Осы  аралықта  тағы  да  жедел 

хабар  түсті.  Құтқарушы  А.Молдақасымұлы 

«Жамбыл даңғылы мен Төле би көшелерінің 

қиылысына қарай тарттық» – деп жүргізушіге 

нұсқау  берді.  Шақырту  түскен  жерге  жете 

салысымен, 

мəселенің 

анық-қанығына 

көз  жеткізген  құтқарушылар  дереу  іске 

кірісіп  кетті.  Ал,  жедел  құтқарушыларды 

шақыртқан  жүргізушінің  айтуы  бойынша, 

қайдан  тап  болғаны  белгісіз,  көлігінің  ішінде 

жыланның  жүргенін  байқап  қалған.  Өзі 

алып  шығуға  жүрегі  дауаламаған  жүргізуші 

құтқарушылардың  көмегіне  жүгінуді  жөн 

деп  тапқан.  Құтқарушылар  көліктің  асты-

үстіне  дейін  тексеріп,  жүргізушінің  жүрегін 

алған  жыланды  таба  алмады.  Жыланның 

жоқтығына  көзі  жеткен  жүргізуші  көлігіне 

батыл  мініп,  кете  барды.  Қайтадан  көлікке 

жайғастық.  Айта  кетейік,  осыдан  өзге 

шақырту  бұл  күні  түспеді.   Құтқарушылар 

қызметінің бүге-шігесіне дейін қаныға түсейік 

деп: «Жұмыс  барысында  шақыртулар  көп 

түсіп,  үлгере  алмай  жататын  сəттер  бола 

ма?» – деп  құтқарушыларды  тілге  тарттық. 

Біздің  ойымызды  бірден  ұққан  құтқарушы 

Сергей Иванов:



–  Күніне  келіп  түсетін  шақыртулар 

саны  əр  түрлі.  Кейде 6-7 шақырту  алсақ, 

кейде  мүлдем  болмайды.  Шақыртулар  қыс 

мезгілінде жиілейді. Қар қалың жауғандықтан 

жолда  қар  астында  қалып  қойғандардың 

саны  көп  болады.  Мұндай  жағдайларға 

арналған  «Трэкол»  деп  аталатын  арнайы 

көлігіміз бар. Осы көліктің көмегіне жүгініп, 

небір  қиын  сəттерден  сытылып  шығып, 

талай  адамның  өмірін  арашалап  қаламыз. 

Күнделікті жұмысымызда ең жиі кездесетін 

жағдай – үйге  кірер  есіктің  жабылып 

қалуы. 

Бұл 

негізінен 

тұрғындардың 

жауапсыздығынан  болады.  Есігі  жабылып 

қалған  үйде  кішкентай  балалар  қалып 

қойып жатады.   Сонымен қатар, жол көлік 

апаттары  да  жиілеп  кетті.  Жол-көлік 

апатын  көре  тұрып,  жан  ұшырып  жатқан 

жанды немесе мəйітті көліктің бортын кесу 

арқылы  сыртқа  шығару  оңай  емес.  Мұндай 

оқиға  ең  алдымен,  адамның  жүйкесіне 

қатты əсер етеді, – деп өз жұмыстарының 

қиындығы туралы айтып берді. 

Жедел құтқару жасағының мамандарының 

мəліметінше,  құтқару  жасағы  табиғи  жəне 

техногенді  сипаттағы  төтенше  оқиғалардың 

барлығында  да  құтқару,  іздеу  жұмыстарын 

жүргізе алады. Соның ішінде ғимараттардағы 

газ  жарылысы,  жер  сілкінісі,  су  тасқыны, 

қар  көшкіні,  адамдардың  адасып  кетуі,  көлік 

апаттары сияқты жағдайларда əрекет ету үшін 

дайындықтарын  үнемі  пысықтап  отырады. 

Сондай-ақ,  құтқарушыларды  шыңдап  отыру 

үшін жыл сайын мамыр айында «Қазқұтқару» 

халықаралық семинар-жиын өткізіліп тұрады 

екен. «Қазқұтқарушы»  семинарында  өзге 

елден  келген  əріптестерінің  жұмыс  жасау 

тəсілдерін  бақылап,  тəжірибе  алмасып, 

өздеріне  керегін  алып  отыратын  көрінеді. 

Өз жұмысының қыр-сырын жетік меңгерген 

мамандар 

сапалы 

жұмыс 


істеу  мақсатында  ең  қажетті 

деген 


құрал-жабдықтармен 

жабдықталған. 

Голландиядан 

алып 


келген 

соңғы 


үлгідегі 

көліктер  қаланың  кез  келген 

нүктесінен түскен шақыртуларға  

бар болғаны он минутта жеткізіп 

бере алады. Денсаулықтарына 

қауіп  төндіре  отырып  жұмыс 

атқарған 

олардың 


басты 

міндеті – апатқа жол бермей, 

халықтың 

тыныш 


өмірін, 

өндірістегі 

қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету.  Мұның  бəрі 

құтқарушының 

күнделікті 

қызметінің бір көрінісі ғана. 

Біз  кезекшілікке  түскен  күні  анау  айтқандай  төтенше  жағдай  болмады.  Оған 

біз  бір  жағынан  қуандық  та.  Əрине,  апат  айтып,  ескертіп  келмейді.  Сондықтан, 

біздің  жедел  құтқарушылар  түні  бойына  көз  ілместен  қандай  жағдайға  да  тас 

түйін дайын жүрді. Осылайша жедел құтқару қызметі мамандарының күнді түнге 

жалғаған  тағы  бір  жұмыс  түні  аяқталды.  Біз  де  əр  түн  тыныш  өтуін  тілеп,  таң 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет