Оқытудың құзыреттілік үлгісіне бағытталған білім беру мазмұны мен құрылымының өзгеруінің белсенді үдерісі жүріп жатқандықтан, болашақ психолог- педагогтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға әзірленген әдістеме Б. Блум таксономиясына сәйкес жасалған.
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігінің құрылымына нақтырақ тоқталып өтейік. Ол үшін диагностикалық құзыреттіліктің әр компонентінің құрамына кіретін құзыреттіліктерді ажыратып алуымыз қажет.