Қорытынды кезең – бұл кезеңде алынған білімдерді үздіксіз педагогикалық тәжірибе кезінде шынайы тәжірибелік іс-әрекет, педагог-психологты диагностикалық іс-әрекетке дайындау нәтижелерін тексеру, болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастырудың диагностикалық деңгейі сыналды.
Когнитивті құзыреттілік: психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық- әдіснамалық негіздерін, оларда психодиагностикалық әдістер мен қазіргі әдістердің қоланылуын, диагностикалық зерттеулерді құрастыру мен жүргізу принциптерін, диагностикалық іс-әрекеттерді жоспарлау кезеңдері мен ерекшеліктерін білу.
Функционалды құзыреттілік: диагностикалық ізденіс жасауға арналған әдістер мен әдістемелерді таңдауда ғылыми-негізделген көзқарасты қолдау, белгілі бір психологиялық- педагогикалық мәселелерді шешуге арналған диагностикалық әдістер мен әдістемелерді қолдану, диагностикалық мақсат пен міндеттерге жауап беретін диагностикалық қорытынды жасау, алынған диагностикалық материалдарды сурет, сызба, есеп, күнделік пен хаттамалар түрінде көрсету, психологиялық-педагогикалық сараптама жасаудың негізгі принциптерін, алынған диагностикалық деректерді ұсынудың әртүрлі тәсілдерін, диагностикалық жұмыс түрлерін ұйымдастыру аспектілерін қолдану.
Жүйелік құзыреттілік: диагностикалық зерттеу бағдарламасын құру, диагностикалық карта жасау, іріктеу жасау, жоспарлау, психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша диагностикалық материалдарды біріктіру және сараптау, өзіндік диагностикалық іс-әрекеттің нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін психологиялық-педагогикалық диагностиканы меңгерудің маңыздылығын бағалау.
Әлеуметтік құзыреттілік: ынтымақтастыққа дайын болу, дәлелдей алу, алынған ғылыми білімдердің негізінде өз көзқарасын негіздеу; ақпараттарды, идеяларды жеткізу, мәселелерді шешу, ұжымда жұмыс жасау. Метақұзыреттіліктер: оқыту аймағындағы біліктері – рефлексияға, диагностикалық іс-әрекет аймағында өз жетістіктерін объективті бағалауға қабілетті болу; психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу аймағында жаңа құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттіліктерін ұғыну, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру диагностикасының әдістерін қоладну мен меңгеру негізінде алдағы тұлғалық және кәсіби даму бағыттарын анықтау.
Дәстүрлі дәрістермен қатар, білім берудің басым бөлігін тәжірибеге бағытталған мәселелік дәрістер, Н. Веракстың ұстаным әдісінің технологиялары бойынша дәрістер, дәстүрлі дәріс, пікір-талас дәрісі, эксперттердің шақыртылуымен оқылған дәрістер, кеңес беру дәрістері мен тренингтік сабақтар түріндегі семинарлар, іскерлік ойын семинарлары қамтыды.
Оқушыларды Н. Веракстың ұстаным әдісі бойынша оқыту технологияларын қолдану дәрісі. Мысалы, «Психолог жұмысының кәсіби-этикалық нормалары» - студенттерге диагностика этикасы бойынша, әртүрлі авторлардың психодиагностикалары бойынша оқулықтарынан алынған ақпараттар мазмұндалған материал беріледі, студенттер топтық жұмыс жасайды. Әдістің мақсаты: оқу материалының негізінде белгілі бір ұстанымдарды ойластыру, өңдеу және қорғау, ұстанымдар:
1. Түсінік, 2. Сызба, 3. Оптимист, 4. Эксперттер, 5. Пессимист, 6. Сыншы,
7. Қорғаушы және т.б.
Мысалы, «Апологет» тобы материалдың оң, түпнұсқалық, қызықты, перспективті жағын анықтап, тұжырымдауы керек. «Оппозиция» тобы тақырыпты зерттеу барысындағы
«кемшіліктерді» тұжырымдайды. «Түсінік» - тақырыпқа қатысты базалық түсініктерді көрсетіп, оларға анықтама береді. «Сызба» - материал мәліметтерінің мағыналық байланысын көрсететін сызба әзірлеп, оларды түсіндіреді. «Тезис» қарастырылатын тақырыптың мазмұнын негізгі тезистер түрінде береді. «Сұрақ» - оқу материалының мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңыз – оқу материалының мазмұны бойынша сұраулық, қарапайым, дәйексөздер жоспарын құрыңыз. «Рефлексия» - материалдарды қолану барысында кездесетін қиындықтарды айқындайды. Өз ұстанымыңызды негіздеңіз.
«Практик-психолог-диагност», «Эксперт» - әр топ іс-әрекетіндегі позитивті және негативті сәттерді көрсетеді. Баға қояды. «Ассоциация» - сабақ тақырыбымен танысу барысында туындаған бейнені суреттейді.
Әр ұстанымды (топты) қорғау бірлескен қорытындыны сипаттайды, студент сыртқы әлемді көшіруге және оны табысты қолдануға қабілетті болады, теориялық материалды түсіну мен ұғынуды үйрену, оқу материалын теориялық меңгеруде сыни ойлау мен түрлендіруді дамытады, бұл жағдайда педагог-психологтың этикалық қағидалары орындалады.
«Диагност поштасы» әдісі – әр сабақтың соңында диагностикалық қабілеттер, танымдық, эмоционалдық сала, тұлғалық, тұлғаның интеллектуалды ерекшеліктеріне арналған диагностикалық құралдарды іріктеуде кеңес беру өтінішімен «пошталық хабарлама» келеді. Мысалы, жаңадан бастаған педагог-психологтың сынып ұжымының психологиялық климатын анықтау мақсатымен диагностикалық зерттеу жүргізуге арналған әдістемені талдауға көмектесу бойынша өтініші немесе отбасылық қобалжуды анықтау бойынша қандай диагностика жүргізуге болады деген өтініш, диагностика жасауда алынған нәтижелерді педагог-психолог «Баланың қобалжуы» тақырыбындағы ата-аналар жиналысындағы баяндамасында қолданады немесе дарындылықты, суицидке бейімділікті зерттеуде, кәсіби бағытты анықтауда қандай әдістемені қолдануға болады. Студенттер топта жұмыс жасап, талқылау барысында олар топтық жауап берулері тиіс, ол үшін оларға
«Педагог-психологтың 100 – диагностикалық әдістемелері» диагностикалық минимумынан жасерекшелік пен зерттеу пәніне сәйкес әдістемелерді таңдап алуы тиіс (С қосымшасы).
Педагог эксперт ретінде болады.
Семинар сабақтарының көпшілігі жаттығулар мен ойыннан құралған тренингтік сабақ түрінде жүргізілді. Мысалы, «Әдістеме жәрмеңкесі», әр студенттік топ екі топқа бөлінеді, бірі – әдістемені сатып алушылар, екіншісі сатушылар. Сатушылар тобы өз әдістемесін мақтауы тиіс, оның қолданылу туралы айтып, сатуы керек, сатып алушы топ жарнама бойынша әдістеме тауары көңілдерінен шықса алуы тиіс.
Оқытушы сатып алушыларға 1 ден 10-ға дейінгі баллдан тұратын фишкалар (жетон) таратады. Сатып алушылар сатушыларға келіп, жетонды беру арқылы ұнатқан әдістемесін сатып алады. Соңында кім «тауарды» иеленді, кім сата алғандығы бойынша талқылау жасалатын рефренинг жүргізіледі, студенттер «тауардың» қажеттілігі, сатушының өз «тауарының» сапасын жақсы білетінін, оны жарнамалай алатыны туралы қорытындыға келеді. Осылайша, келтірілген жаттығу диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыруға үлес қосатын психодиагностикалық құралдар мен олардың қолданылуы туралы білімдерді жүйелендіреді. Топ бір студентке келіп, қандай әдістемелер бар және тәжірибелік іс- әрекетті қолдану туралы айтып береді.
«Диагностикалық басқатырғыштар»
Басқатырғыштар - бұл әдістемелердің көптеген көріністерінен құрастырылатын құрастырмалы суреттер. Топ жеке элементтерден құралған суретті құрастырып жинауы тиіс, қандай диагностикалық әдістемені қолануға болады (мысалы, «Дарынды балалар диагностикасы» тақырыбы). Басқатырғыштарды жинамас бұрын, тақырып бойынша әртүрлі диагностикалық әдістемелермен танысып алып, содан кейін ғана диагностикалық әдіс жүргізу тиіс.
Бұл әдісті жүргізуді жеңілдетуге болады, яғни жеңілдетілген материалдарды жүргізуге, сондай-ақ күрделендіруге де болады. Күрделендіру барысында диагностикалық әдістемелерді басқа тақырыптармен біріктіруге болады, ал студенттің міндеті берілген тақырыпқа қатысты методикаларды іріктеу болып табылады. Студенттің міндеті не себепті бұл диагностикалық әдістемелердің іріктелгендігін түсіндірі, суретті жинау.
Әдістің артықшылығы оны жеке, жұптық, уақытша кіші топтарда және топтар арасында сайыс түрінде жүргізуге болады. Басқатырғышты кім тез және жылдам жинаса, сол жеңіске жетеді.
Егер студент басқатырғышты жинауда қиналса, оған неге, не үшін бұл диагностикалық әдістерді қолдану керектігі көрсетілген, нақты көмек беретін түсіндірмелі жазба беруге болады. Осыған сәйкес, педагог-психологтың диагностикалық құралдарымен нақтырақ таныстыруға ұсынылатын әдебиетті де ұмытпаған жөн.
Тренингтік сабақтардың тақырыптары мынадай сабақтарды қамтыды: «Педагог- психолог диагностының ұйымдастырушылық мәдениеті», «Мен – жетістікті диагностпын», «Кәсіби-психологтың тұлғалық өсуі», «Диагностикалық әңгіме». Тренингтік сабақтарды өткізуде психологиялық-педагогикалық әрекет мақсатқа бағытталған ықпал терінде белсенді қолданылды, ол эксперименттік топтың әр студентінің тұлғасына, жалпы топқа жүргізіліп, диагностикалық құзыреттілік дағдыларының жүзегеасырылуына ғана емес, сондай-ақ тұлғалық дамуға, студенттің кәсіби өсуіне бағытталған гуманистік мазмұнға ие болды.
Негізгі әдістемелік құралдар мінез-құлық сипатының кеңеюіне үлес қосатын вербалды және вербалды емес ойындар мен жаттығулар, жобалық суреттер, рөлдік ойындар, топтық пікір-таластар болды.
Біздің ұсынған тренинг бағдарламасы көрсетілген.
Әдістеменің келесі кезеңі педагог-психолог-диагност жұмыс дәптеріндегі өзіндік жұмыстарды орындаудың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісі.
Жұмыс дәптеріндегі тәжірибелік тапсырмалар теориялық білімдермен тығыз байланысты, оқу үрдісіндегі педагог-психологтың ұйымдастырушылық іс-әрекетіне диагностикалауды енгізбес бұрын, студент диагностикалық үдерістің өзін түсініп, психологиялық- педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асырылуын ұғынуы керек.
Тәжірибелік эксперименттік жұмыс.
Психолог-педагог-диагност жұмыс дәптерінде төмендегідей тәжірибеге бағытталған тапсырмадар ұсынылды:
Әдебиет көздерінен тест жіктемелерін іріктер жазыңыз. Төменде ұсынылған мәтінді оқып, білім беру ұйымдарындағы тәжірибеде қолданылатын тест жүргізу бойынша ұсыныстар ойластырыңыз.
Өзіңіздің жұмыс дәптеріңізді жазыңыз.
Жобалық әдістеме жіктемесін оқыңыз және бір түріне тәжірибе жүргізіңіз. Қорытындысы бойынша топта жұмыстың ерекшелігі талқыланады. Жобалық әдістеменің түрлері бойынша жадынама қолданыңыз.
Жобалық әдістемені мынадай топтарға бөлуге болады:
Конституциялық - құрылымдау, ынталандыруды қалыптастыру, оларды мазмұндау(мысалы, Роршах тесті).
Конструктивті - жобаланған мағыналы тұтастық құру (мысалы, Мира Тест).
Интерпретативті – белгілі бір оқиғаны, жағдаятты түсіндіру (мысалы, Тақырыптық Апперцепция тесті - ТАТ).
Катартикалық – ерекше ұйымдастырылған жағдайда ойын әрекеттерінің орындалуы (мысалы, психодрама).
Экспрессивті – еркін немесе берілген тақырыпта сурет салу (мысалы, суреттік, проективті тесттер).
Импрессивті - басқаларды ынталандыру (ең жағымды) артықшылығы (мысалы,Люшер тесті).
Аддитивті – сөйлемді, әңгімені, баяндаманы аяқтау (мысалы, «әдістемені аяқтау»).
Бақылаудың жіктелуін тексеріңіз. по Б.С. Волкову. Методы изучения психики ребёнка. [Текст] / Б. С. Волков, Н. В. Волкова. – М. , 1994. Бақылау түрлерi: тiкелей, жанама, ашық (анық), жабық, қосылған (қатысу), қосылмаған (қатыстырылмаған), жүйелі (тура), жүйелік емес (таңдаулы). Осылардың бірін таңдап, мектептегі тәжірибеде сынақтан өткізіңіз. Сәйкестік қорытындысы бар бақылау хаттамасын ұсыныңыз.
Тұлғаның өмірбаянын жақсы білуге мүмкіндік беретін диагностика әдістерінің қатарын таңдап алыңыз. Диагностика әдістемесін қалай жүргізесіз (әңгіме, сұхбат, жобалық әдістер), адамның өмірбаянын жазыңыз.
Бірінші сынып оқушысының мектепке баруына қандай талаптар қойылғанын зерттеңіз. Диагностикалық әдістерді таңдап, мектептің жетілуін анықтау үшін осы әдістерді таңдаудың дұрыстығы үшін дәлелдер келтіріңіз.
«Диагност қателігі» эссе жазыңыз.
Жобалық-диагностикалық зерттеулер – студенттердің орындаған соңғы тапсырмасы болып табылады, оның мақсаты алған білімін жүйелендіру және психодиагностикалық зерттеудің дизайнын жазу. Мысалы, «Интеллект деңгейін анықтау», «Шығармашылықты диагностикалау», «Суицидтке бейімділікті диагностикалау» және т.б.
Осылайша, осы бөлімде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі қарастырылды. Келесі бөлімде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмыстары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |