Көкшетау қаласы «М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназия»
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы : «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеймін»
Орындаған: Ергалиева Д.А
Тексерген:Жузжанова Г.Б
Көкшетау-2023
Тақырыбы «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеймін»
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе сөз
Мақал-мәтелді жалғастыр,сұрақ-жауап.
Жұптық жұмыс
Қорытынды
Ұйымдастыру
Мұғалім сөзі: Балалар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеймін» ,отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілері.
Отан дегеніміз не?
-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз, Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
Мақал-мәтелді жалғастыр
Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік: 1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)
9. Ел іші - (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)
Сұрақ-жауап . – ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
– Еліміздің бас қаласы
– ҚР президенті
– Еліміздің көрікті жерлері
– Отан туралы мақал-мәтел
- ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.
Жұптық жұмыс
Оқушыларға а4 қағаз таратылады, «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеймін» атты сөзге класстер жасайды.(өз жұмыстарын қорғайды)
Қорытынды
Мұғалім сөзі: Балалар, сонымен тәрбие сағатымыз аяқталды.Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиеті борышы.Сендерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Ал енді алдарыңда тұрған қағаз арқылы қандай көңіл-күйде болғаңдарын туралы тақтаға ілеулеріңді сұраймын.Келесі кездескенше , Сау болыңыздар!