«Көктем басы көрісу» көрісу күніне арналған мерекелік шараның сценарийі Өтетін күні


бір студент Қыдыр баба: ортаға шығып



бет2/2
Дата29.03.2023
өлшемі20,87 Kb.
#77090
түріСценарий
1   2
бір студент Қыдыр баба: ортаға шығып
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан.
Құт - береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле - жала қазақты
Іздесе де, таппасын!

2-жүргізуші: Келді Наурыз теңіздей шаттығымен


Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен
Құтты дәмі , береке байлығымен.
Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.
Көрісу айт құтты болсын, ағайын!
Мерекелік құттықтау сөз кезегі _______________________________________________________________ беріледі

1-жүргізуші: Құрметті, көрермендер! Бүгінгі Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, «Тарих, экономика және құқық факультеті», «Құқықтық пәндер» кафедрасының 1,2,3 курс студенттерінің дайындаған «Көктем басы - көрісу» атты көрісу күніне арналған шарасы өз мәресіне жетті. Ел тыныш, туған жер аман болып, әр шаңырақта шат көңіл, бақыт пен береке салтанат құрсын! Екі жүргізуші бірге: келесі көріскенше қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет