«Көктем басы - көрісу» көрісу күніне арналған мерекелік шараның сценарийі
Өтетін күні:14.03.2023
Өтетін уақыты: 11.00
Өтетін орны: Акт зал
Жүргізушілер:
Мақсаты: Қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. Студенттердің өнерлерін көрсету.
(Сахнаның екі жағынан екі қыз қолдарына шашуды алып дайын тұрады, жүргізушілер сөзін бастап, шашу шашу дегенде шығып шашуды шаша бастайды.арнайы дыбыс қосылып тұрады, жиналғандар шашу жинайды)
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі, бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші: Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық.
2-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық! Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!
Юр-31 студенті: Дильназ орындауында ән
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер! Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 - «Көктем басы - көрісу» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгін – Көрісу күні. 14 наурызда еліміздің батыс өңірлері Наурыз мейрамының басы «Көрісу мерекесін» атап өтіп жатыр. Бұл күнді амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Осыған орай Көрісу қашан және қалай пайда болды, қалай тойланады деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
2-жүргізуші: Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн. Бұл мереке туралы ғалымдар пікірі әрқилы. Көрісу күнін зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдардың кейбірі бұл күнді географиялық ерекшеліктермен байланыстырса, кейбірі Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі деп қабылдайды. Ал кейбір ғалымдар бұл дәстүрдің шығу төркінін күнтізбенің ауысуымен байланыстырады.Мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқаны туралы нақты ақпарат жоқ. Бұл мерекенің шығу төркіні әлі де егжей-тегжейлі зертеуді, жан-жақты салыстырып, зерделеуді қажет етеді.
1-жүргізуші: Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
2-жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің факультетіміздің студенттері өз өнерлерін паш етпекші. Ендіше, көп күттірмей студенттерімізді ортаға шақырайық.
Ортада: құқықтану мамандығының 2 курс серілерінен жиналған «Қара жорға» биі.
2-жүргізуші: Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды.
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді, - дей келе, олай болса ортамызға жағымды күй тыңдау үшін юр-31, 35 студенттері Нұрасыл мен Русланды шақырамыз.
1-жүргізуші: Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді барша жұрт көрісіп бір-біріне апарып береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй, - демекші ортаға юр-22 тобының орындауында хор. Қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші: 14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре болған жұрт осы қарқынмен мерекені қарсы алады.
2-жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра салтанатты мерекелік кешімізді әсем әнмен ашқанды жөн көрдік. Ортада аяулы қызымыз Сапиева Ботакөздің орындауында ән:
1-жүргізуші: 14 наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе қарты бар үйлер ерте оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады. Міндетті түрде әр үй дастарқанын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді. Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан жиылмайды. Адамдар бір-біріне түске дейін көрісіп шығуға тырысады. Түске дейін нағыз мейрам сезіледі. Ал кешігіп қалғандар болса, біртіндеп кешке дейін келе беруіне болады.
2-жүргізуші: Наурыз келді, Наурыз келді, ағайын,
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан
Әнге толды, күйге толды маңайым! ортаға юр-22 тобы қыздарының орындауында «Шалқыма» биімен шақырамыз, қошемет көрсетейік.
1-жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламыздың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай бізде де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Халқымыз «Астыңдағы атыңнан құласаң да, ұлтыңның салтынан құлама» деген, ұлттық салт - дәстүрлерімізге кезек берсек. Ортаға юр-31 студенті Қуаналин Ерқасымның «Жеті қазына – жеті жоқ» атты сұрақ-жауап ойынымен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Көрісе келген адамдар (көбіне кішкентай балақайлар) көрісіп шыққан үйінің дастарқанынан дәм алып кетеді. Адамдар жаңа не таза киім киеді. Өкпе-ренішті ұмытып, көрісу күнінде адамдар бір-бірімен табысады. Көрісе шыққан адамды қабақ шытпай көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, дастарқанға шақырады.
1-жүргізуші: Алқа-жұртым,той-думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық, - дей отыра салтанатты мерекелік кешімізді әсем әнмен ашқанды жөн көрдік. Ортада юр-35 тобы студенті Мағзом Қанаттың орындауында ән:
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің факультетіміздің студенттері өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей студенттерімізді ортаға шақырайық. Ежелден келе жатырған халқымыздың ұлттық ойындары асық ату, арқан тартыс екені бәрімізге белгілі. Ендіше ойынды ташамалауға ортаға жиналайық. Ал, өнерлерінді көрсететіндер жігіттер!
1-жүргізуші: Барша халық асыға көптен күтетін шырайлы да, шұғылалы көктем мерекесі, жыл басы Наурыз айы Арқа төсіне де келіп жетті. Қай ақынды алып қарасақ та, осы көктем мезгіліне өздерінің сұлу жырларын арнаған.
«Бұл көктем,неткен көктем,көктем,көктем,
Құдай-ай,сен осындай көкпеңбек пе ең?»,- деп ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған көктем де келді. Тоң болып қалған қарлар жібіп,жылғалардан аққан суларда күміс қоңыраудай сылдырап, әсем бір күйге бөлейтін шақ - наурыз айы, амал мерекесі де басталды. Бізде осынау мерекеде ақ бата алып, шашу шашылатыны бәрімізге мәлім. Ендіше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға
Достарыңызбен бөлісу: |