Деректердің дұрыс түрін(сандық немесе сапалық) анықтау үшін бірлесе жұмыс жасаңыз. Сандық мәліметтердің үздіксіз(continuous) немесе дискретті екенін көрсетіңіз. Нұсқау: Дискретті деректер көбінесе “саны” сөзінен басталады
IQ көрсеткіші (Бұл біраз пікірталас тудыруы мүмкін.)
Сан-Хосе штаты студенттерінің бір семестрде төлейтін орташа оқу ақысын анықтау үшін зерттеу жүргізіледі. Іріктемедегі әрбір студенттен күзгі семестр үшін қанша төлегені жайлы сұралады. Әр жағдайдағы іріктеме түрі қандай?
Сан-Хосе штаты студенттерінің арасынан 100 студенттен классификациялау бойынша(бірінші, екінші, үшінші, төртінші курс) іріктеме жасалады және әрқайсысынан 25 студент таңдалады.
Күзгі семестрдегі барлық студенттердің алфавиттік тізімінен студент таңдау үшін кездейсоқ сандар генераторы қолданылады. Бірінші студенттен бастап, әрбір 50-ші студент 75 студент іріктемеге жиналғанша таңдала береді.
75 оқушыны таңдау үшін кездейсоқ әдіс қолданылады. Іріктеу процесінің кез-келген кезеңінде де, күзгі семестрдегі әрбір студенттің таңдалу ықтималдығы бірдей.
Бірінші, екінші, үшінші, төртінші курс студенттері сәйкесінше 1, 2, 3, 4 деп белгіленеді және осы категориялардың екеуін таңдау үшін кездейсоқ сандар генераторы қолданылады. Осы категориялардағы барлық студенттерден іріктеме жасалады.
Әкімшілік көмекшіден кітапхананың алдында бір сәрсенбі тұрып, алғашқы 100 студенттен күзгі семестр үшін қанша төлегені жайлы ақпарат сұрайды. Бұл 100 студент іріктеме болып есептелінеді.
Қолданылатын іріктеу түрін анықтаңыз(қарапайым кездейсоқ, стратификацияланған, жүйелі, кластер, ыңғайлылық).
Футбол жаттықтырушысы 8-10 жас аралығындағы топтан 6 ұлды, 11-12 жас аралығындағы топтан 7 ұлды, 13-14 жас аралығындағы топтан 3 ұлды футбол командасын жинақтау үшін таңдап алады.
Сауалнама алушы бес түрлі жоғары технологиялық компаниялардағы барлық кадрмен сұхбаттасады.
Білім беру саласындағы зерттеуші мектептегі 50 әйел мұғаліммен және 50 еркек мұғаліммен сұхбаттасады.
Медициналық зерттеуші жергілікті ауруханадағы рак ауруына ұшыраған науқастар тізіміндегі әрбір үшінші пациентпен сұхбаттасады.
Орта мектеп кеңесшісі компьютер арқылы 50 кездейсоқ санды таңдап алады және есімдері осы сандарға сәйкес келетін оқушыларды іріктейді.
Студент алгебра сыныбындағы 1 оқушыдан орта есеппен қанша джинсы бар екенін анықтау үшін сұхбаттасады.