Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет2/6
Дата09.05.2022
өлшемі120,67 Kb.
#33134
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6

Көліктегі қылмыстар (ағыл. transport crimes) дегеніміз жол қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалануда қоғамдық қатынастарға қол сұғушылық нәтижесінде зиянды зардаптардың орын алуын немесе орын алу мүмкіндігін қарастыратын қылмыстық заңда көрсетілген қауіпті іс-әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздіктер)

  • Бұл қылмыстардың тікелей обьектісі болып жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және механикалық көлік құралдарын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
  • Көліктегі қылмыстарды құрыс саралау үшін қылмыс заты ретіндегі іс-әрекеттердің міндетті белгісі болып келетін транспорт түрін “теміржол, су, әуе көлігі, автомобиль” дәлме-дәл анықтап алған жөн.
  • Көліктегі қылмыстардың обьективтік жағын қылмыстық іс-әрекет, қоғамға қауіпті зардаптар тәрізді міндетті белгілер, сондай-ақ әрекет пен зардап арасындағы себептік байланыс құрайды.
  • Ерекше назар көліктегі қылмыстардың субьективтік жағын зерттеуге аудару керек. Оның себебі аталмыш қылмыстардың көпшілігі қылмыстық өзіне сенушілік немесе қылмыстық ұқыпсыздық түріндегі кінәнің абайсыздықтағы нысанымен сипатталады.
  • Кейбір қылмыстар кінәнің қасақаналық нысанында жасалады (347,357,360 б.)
  • Көліктегі қылмыстардың жалпы субьектілерінен бөлек кейбір құрамдарда арнайы субьектілер орын алады (344-348,351,353,354,357,360 б.)
  • Көліктегі қылмыстарды 2 топқа бөлуге болады, бірінші көлік қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу қылмыстары (ҚК 344-348,351,353,360 б);
  • екінші көлік қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзумен байланыстыы емес қылмыстар (ҚК 350,352,354-357 баптар)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет