Таңдаған әдістің мақсаты
(Неге осы әдісті таңдадыңыз?)
Үйлесімділігі (Бұл әдіс барлығына қолдануға келе ме?
Қандай бейімдеу әдісін қолдану керек?)
Дайындық (бұл әдісті қолдану үшін қандай дайындық керек? )
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Талқылау
XXI ғасыр дағдылары: олар неліктен маңызды?
Білім алушылар не оқуы керек?
Функционалдық сауаттылық деген не және оның компоненттері қандай?
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту үшін оқу процесін қалай ұйымдастыру керек?
1-тапсырма. Төмендегі тапсырмаларды талдап, мазмұндық саланы, тапсырманың контекстін, оқу-танымдық іс-әрекеттің түрін (ойлау процесі) және күрделілік деңгейін анықтаңыз.
1.1-тапсырма. «Гараж»
Гараж шығарушының «негізгі» топтамасы тек бір терезе мен бір есіктен тұратын модельдерді қамтиды.
Марат «негізгі» топтамадан келесі модельді таңдап алады. Есік пен терезенің орналасуы төменде көрсетілген.
1-сұрақ: Төмендегі суреттер түрлі «негізгі» модельдерді артқы жағынан көрсетеді. Осы суреттердің тек біреуі ғана Марат таңдаған модельге сәйкес келеді. Марат қандай модельді таңдап алды? A, B, C немесе D біреуін қоршаңыз.
Сіздің жауабыңыз:
Математикалық сала
Контекст
Оқу-танымдық әрекет түрі
Күрделілік деңгейі
1.2-тапсырма. «Велосипедші Айжан»
Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен жолдағы орташа жылдамдықты көрсетеді.
1-сұрақ: Айжан велосипедпен жол жүргенде алғашқы 10 минутта 4 км, ал одан әрі қалған 5 минутта 2 км жүрді. Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс?
A Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта, кейінгі 5 минутқа қарағанда артық болды.
B Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта да, кейінгі 5 минутта да бірдей болды.
C Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта, кейінгі 5 минутқа қарағанда кем болды.
D Осы ақпараттан Айжанның орташа жылдамдығы туралы ешнәрсе айту мүмкін емес.