Коллекциялар. Тізімдер, стектер мен кезектер, сөздіктер



бет3/5
Дата15.04.2023
өлшемі265,04 Kb.
#83108
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 лекция

LinkedList класы

  • В классе LinkedList класында жалпыланған екібағытты тізім құрылады. Класс конструкторлары:
  • public LinkedList() – бос тізім
  • public LinkedList(IEnumerable collection) – collection коллекциясының элементтерімен инициалданған тізім
  • LinkedList класында тізім түйіндерінде сақталатын мәндер инкапсуляцияланады. Түйіндерде тізімнің алдыңғы (Previous) және кейінгі (Next) элементтеріне сілтемелер болады. Түйіндер LinkedListNode класының объектілері болып табылады. LinkedListNode класындағы қасиеттер:
  • public LinkedListNode Next { get; }
  • public LinkedListNode Previous { get; }
  • public LinkedList List { get; }
  • public T Value { get; set; }
  • List қасиеті тізімнің өзіне сілтеме береді. Value қасиеті тізім түйінінде орналасқан мәнді орнатуға және шығарып алуға мүмкіндік береді.

Hashtable класы

  • Hashtable класы элементтерін сақтау үшін хеш-кесте қолданылатын коллекцияны құруға арналған. Хештеу кезінде хеш-код деп аталатын бірегей мәнді анықтау үшін арнайы кілттің ақпараттық мазмұны қолданылады. Алынған хеш-код индекс ретінде қызмет етеді, кестеде берілген кілтке сәйкес келетін қажетті мәліметтер сақталады. Кілтті хеш-кодқа түрлендіру автоматты түрде жүзеге асады, сондықтан хеш-кодтың өзі қолданушыға қолжетімсіз. Хештеудің артықшылығы - бұл деректер жиынтығының көлеміне қарамастан мәліметтерді іздеу, шығару және орнату уақыттарының тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Dictionary класы

  • Dictionary класы коллекцияда сөздіктегідей «кілт-мән» жұптарын сақтауға мүмкіндік береді. Сөздіктер өлшемін динамикалық түрде өзгертеді.
  • Dictionary класының жиі қолданылатын конструкторлары:
  • public Dictionary() – келісім бойынша берілген сыйымдылығы бар бос сөздік құрылады
  • public Dictionary(IDictionary dictionary) – құрамында dictionary элементтері көшірілген сөздік құрылады
  • public Dictionary(int capacity) – capacity мәнімен анықталған сыйымдылығы бар сөздік құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет