13. Темір фосфат золі.
5 мл қаныққан FeCI
3
ерітіндісіне 50мл-ге дейін су қосамыз. Алынған ерітіндіге тамшылап
араластырып арқылы 10% Na
2
HPO
4
ерітіндісін тұнба ерігенше қосамыз. Еріген тұнба көкшіл -ақ
түсті темір фосфат золіне айналады.
14. Берлин лазурь золі.
Алдымен берлин лазурь тұнбасы алынады, ол үшін 5 мл тамшы қаныққан FeCI
3
ерітіндісіне бір
тамшы 20 % K
4
[Fe(CN)
6
] ерітіндісін қосамыз. Тұнбаны бірнеше рет сумен араластырып отырып,
жуу керек. Алынған көк түсті золь берлин лазурі болып есептеледі де, зольдің кейбір тұнбасы
ерітілмей қалуы мүмкін.
15. Темір гидроксиді золі.
Алдымен Fe(ОН)
3
тұнбасы алынады, темір хлоридін аммиакпен қосу арқылы. Ол үшін 2 мл
қаныққан FeCI
3
ерітіндісіне 40 мл-ге дейін су қосамыз. Сонан соң ерітіндіге
концентрацияланған аммиак ерітіндісін темір ионын толық отырғызғанша қосуымыз керек.
Тұнбаны стаканда бірнеше рет бөлуіміз керек.(және колбада).
Бірінші колбадағы тұнбаны араластыру арқылы HCI ерітіндісін қосамыз, сонан соң екі мәрте
сумен араластырамыз (50мл 0,1 HCI ерітіндісін 100 мл -ге дейін) Осы кезде тұнба толық ериді де
сары түсті FeCI
3
ерітіндісіне айналады.
Екінші колбадағы тұнбаға араластыру арқылы қаныққан НCI ерітіндісін
қосамыз, сонан соң 20 мл 0,1м НCI ертіндісін 100 мл-ге дейін сумен араластырамыз.
Араластырудың арқасында пайда болған золь қызғыш шие түсті болады. Бұл жағдайда тұз
қышқылының аздығынан тұнбаны толық еріте алмайды.
Қышқыл темірдің гидроксидінің молекуласымен беттік жағдайда араласып реакция арқылы FeCI
3
Пайда болған жағдайда стабилизатор рөлін атқарады.