Егер жүкті әйел С гепатитімен ауыратын болса баласы үшін қандай қатерлер болады?
4
В және С гепатиттері кезінде анасы инфекцияны қалай жұқтырмауына болады?
5
В және С гепатиттерін қайдан және қандай жолмен жұқтыруға болады?
6
Егер адамда гепатит анықталса не істеу керек?
7
В және С гепатит вирустары организмге түсіп әрі қарай өздігінен жоғалып кетуі мүмкін бе?
8
Диагнозды нақтылау үшін қандай анализ жасау керек?
9
Жедел және созылмалы гепатитердің айырмашылығы?
10
Дені сау адамның қанынан гепатит В вирусына қарсы НВsAg анықталған, бұл нені білдіреді?
11
Егер әйелде созылмалы гепатит болса, баласы ауру болып туыла ма?
12
Егер әйелде созылмалы гепатит болса, баласын емізе алады ма?
13
Гепатитпен ауыратын адамның спирттік ішімдіктерді ішуі қауіпсіз бе?
14
Саяхатқа шыққанда А гепатитімен қалай ауырмауға болады?
15
Балада гепатит С вирусына қарсы антидене анықталған, бұл нені білдіреді?
1. Ситуациялық есеп: 31 жастағы науқас дәрігерге төмендегідей шағымдармен қаралды: әлсіздік, бас ауруы, лоқсу, эпигастральды аймақтағы ауырлық сезімі, тәбетінің болмауы, дене қызуы (38°С), екі рет құсқан, зәрінің түсі қошқылданған. 4 күннен бері өзін ауру сезінеді. Анамнезінен белгілі болғандай науқас жеміс-жидек базарында сатушы болып жұмыс істейді, гигиена ережелерін қатаң түрде сақтай бермейді, кейде жуылмаған жемістерді жейді. Соңғы жарты жылда парентералды іс-шаралар болмаған, стоматологқа, гинекологқа қаралмаған. Тұрмыста, жанұядан тыс жүрістері жоқ.
Сұрақтар: Болжамды диагноз қойыңыз? Науқасқа ауру қалай жұққан?
Осы аурудың патогенезін және клиникалық кезеңдерін атаңыз.
2. Ситуациялық есеп: 27 жастағы науқас жұқпалы аурулар бөлімшесіне гепатит симптомдарымен түсті. Науқастың шағымдары: әлсіздік, тәбетінің болмауы. Соңғы күндері дене қызуы жоғарылаған (38°С), зәрінің түсі қошқылданған (сыра түстес), нәжісі түссізденген. Қарау барысында эпигастральды аймақта оң жағында ауру сезімі, бауыр тығызданған және ауырады. Анамнезінен белгілі болғандай науқас бірнеше ай бұрын бейтаныс әйелмен кездейсоқ төсек қатынасында болған, қорғаныш құралын қолданбаған.
Сұрақтар: 1. Болжамды диагноз қойыңыз? Осы аурудың жұғу жолдары және инфекция көздерін атаңыз.
2. Антигендерін және олардың орналасуын атаңыз. Қандай маркерлердің көмегімен біріншілікті инфекция екендігін немесе созылмалы гепатиттің қайталануы екенін анықтауға болады?
3. Ситуациялық есеп: 23 жастағы жас маман тағам өнеркәсібіне жұмысқа тұрар алдында «Медициналық кітапша» алу үшін дәрігерлік тексеруден өтті.
Шағымдары болмаса да, зерттеу барысында тексерілушінің бауыры үлкейгендігі анықталды. Вирусты гепатитке скриннингті ИФТ жүргізгенде С гепатитіне оң реакция байқалды. Науқас 16 жасында бірнеше жасөспірімдер болып наша шегіп көргенін, нашаны көктамырға салуда бір шприцті қолданғандарын жасырмай айтты.
Сұрақтар: Болжамды диагноз?
Жұқтыру көзі және тарату жолдарын көрсетіңіз, маңыздысы қайсысы?