Гипотеза: Орта мектептерде математика пәніне ықтималдықтар теорисы элементтерін тақырыптарын енгізу арқылы біз келесі мәселелерді шеше аламыз. Комбинаторикалық ойлау қарастырылып отырған құбылыстың барлық нәтижелерін анықтай білу, толық нәтиже кеңістігінен қандай да бір белгі бойынша таңдау жасауды. Ықтималдықтың интуицияға мүмкіндікті бағалай білу, болжам және ұсыныс жасай білу, жағдайды болжай білу, құбылысты талдауға статистикалық әдісті қолдана білу жолдарын анықтаймыз. Оқушылар ықтималдықтар теориясының тарихы, оның дамып жетілуіне үлес қосқан ғалымдар туралы таныса келе, мектеп курсында ықтималдық – статистикалық материалмен танысу кездейсоқ тәжірибе, кездейсоқ оқиға, элементар нәтижелер қарастырып, қызығушылықтары артатын болады. Онда оқушы кездейсоқ оқиға туралы жалпы түсінік алуы, оқиғалардың қайсысы ақиқат және қайсысы мүмкін емес екендігін ажырата білуді үйренуге тиіс. Содан соң нәтижесінде кез келген кездейсоқ оқиға пайда болатын кездейсоқ эксперимент ұғымы пайда болады. Бұл ұғымдармен алғашқы танысу математикалық емес тілде жүргізіледі, сондықтан мұғалімнің негізгі міндеті олардың маңызды белгілерін түсініп, ережелерін есте сақтап, керек жерде қолана алатын болады. Осы ұғымдармен танысудың нәтижесінде оқушы кездейсоқ және кездейсоқ емес тәжірибелерді ажырата білуі элементар оқиғаны (нәтиже) элементар емес оқиғадан айыра білуге үйренеді. Әрбір тақырыпқа байланысты ережелер мен теоремалар талдап, мысал есептер көрсете алады. Оқушылардың комбинаторикалық есептерді шешу тәсілін анықтау кезінде (олардың кез келген түрін) оның құрылымын талдауды меңгеруге қажетті шеберлікті қалыптастыру үшін (тікелей сабақ кезінде) қандай талаптар сақталуы керектігі баяндай алады.
Зерттеу әдісі:ықтималдықтар теориясы элементтерін орта мектепте оқытудың кезінде ықтималдықтар теориясының ұғымдарын орта мектепте және жоғары сыныпта оқыту, ықтималдықтар теориясының негізгі теоремаларын оқушыларға түсіндіру.
Қоршаған ортамен байланыстыра отырып, мысалдар келтіру. Мысалдарды шешудің әр түрлі әдістерін көрсету. Ықтималдық теориясының тақырыптарына деген қызығушылығын ояту, арттыру. орта буын оқушыларына ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқыту әдістемесі, алгебра пәнінде 7-8 сыныптарда ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқыту әдістемесі, 9, 10, 11 сыныптарда ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқыту әдістемесі және де оқушылардың ықтималдықтар теориясы есептерін шығара алу мүмкіндіктерін арттыру және тиімділігін қарастыру, проблемалар мен жағдаяттарды шеше білу жолдарын қарастыру.