АТАУЫШ СӨЗДЕР МЕН КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ Көмекші есімдер екі жақты қасиетке ие болғандықтан олардың өн бойында әрі зат есімге тән, әрі көмекші сөздерге тән белгілердің болуы заңды. Кей ғалымдарымыз көмекші есімдердің осы екі жақтылық қасиетін ажыратып беруге әрекет еткен. Қазірше ғалымдарымыздың арасында осы ара жікті ажыратуда екі түрлі бағыт бар. Нәтижеде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бір топ ғалымдар көмекші есімдердің кеңістік септік формасында келіп кеңістік мағынада қолданылуын олардың көмекші сөз қызметінде қолданылуы олардың көмекші сөз қызметінде қолданылуы деп есептеп, грамматикалық септіктерде білдірген мағыналарын заттық мағынасы деп есептейді (77,184; 197, 93-9; 68, 98-99). Екінші бір топ ғалымдар көмекші есімдердің септік жалғаулары арқылы мағынасын анықтау оның мағыналық ерекшелігін ашып бере алмайды. Себебі септік жалғаулары көмекші есімдерге қосылғанда, зат есімге қосылғандай, түрлі грамматикалық мағына үстеп, екінші бір сөзбен (сөз тіркестерінің басыңқы сыңарымен) байланыстырушы қызмет атқарады. Сондықтан да көмекші есімдерді атауыш сөздерден ажырату үшін басты критерий етіп лексикалық мағынаның дербес болу, болмауын жеке тұрып заттық ұғымды білдіру білдірмеуін алған ғалымдарымыздың пікірлері дұрыс. 1967 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің грамматикасы» (1-том) деп аталынатын академиялық грамматикада атауыш сөздерге мынадай анықтама берген: «Атауыш сөз деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанамалай білдіріп олардың атауы ретінде қабылданатын және жұмсалатын, өздеріне тән толық лексикалық мағыналары бар, соған лайықты қалыптасқан, өзді-өздерінің дыбыстық құрамы бар дербес сөдерді айтамыз» (129,39) Көмекші сөздерді атауыш сөздерден бөліп алып: «Көмекші сөздер деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я алда-күлде жоғалаған жәрдемші сөздерді айтамыз», - деген (129, 39). Жоғарыда мысал ретінде келтірілген екі анықтамамызда көмекші сөз бен атауыш сөздердің айырмашылығы ретінде лексикалық мағынаның дербестігі көрсетілген. А.Ысқақов өзінің басқа еңбектерінде де осы принципті сақтайды. Салыстырыңыз «Атауыш сөздер деп ақиқат өмірде ұшырасатын ұғымдардыя жанай (орынбасар ретінде) білдіріп, олардың атауы ретінде қабылданатын (я қолданылатын), өздеріне тән толық материалдық мағыналары бар, қалыптасқан дыбыстық құрамы мен белгілі бір дауыс екпіні бар дербес сөздерді айтамыз». – деп атауыш сөздерге анықтама берсе, «Көмекші сөздер деп өз алдына тұрып жеке ұғымды тікелей де, жанай да білдіре алмайтын (олардың атауы ретінде қолданылмайтын), тек атауыш сөздердің араларындағы әр түрлі дәрежеде айқындық, дәлдік қосу үшін я олардың мазмұнына әр түрлі дәрежеде айқындық, дәлдік қосу үшін жұмсалатын мағыналық дербестігі я солғындаған, я жоғалған, дыбыстық құрамы да, екпіні де тұрақсыз жәрдемші сөздерді айтамыз», - деп анықтама берген (304, 183). Түркі тілдерінің материалдары негізінде жазылған басқа тілдердің грамматикаларында да атауыш сөз бен көмекші сөзге осы типтес анықтама берілген. Салыстырыңыз, «К знаметильным частям речи, т.е. к словам, имеющим вещественное и категориальное (грамматическое) значение относятся, как принятно большинством тюркологов: 1) имена существительные, имена прилагательные, наречия имя числительное, местоимения и мимемы, и междометие; 2) глаголы. К незнаменательным же частям речи т.е. к словам, имеющим только служебное, грамматическое значение относятся: 1) частицы, 2) послелоги и 3) союзы», - деп карпачай-малқар тілінің грамматикасының авторлары есептесе (64, 107), башқұрт тілі грамматикасының авторлары: «По степени лексико-семантической полнознвчемости и самостоятльности и по способности высиупать на уровне сантаксиса в качестве определенного члена предложения или чловочочетания части речи оюьединяются в два разряда: первые десять части речи составляют знаменательные слова, последние три-служебные слова, противопоставленные знаменательным частям речи главным образом своей неспособностью выполнить функцию отдельного члена предложения и своим назначениям для выражения синтаксических отношений между знаменительными словами и частями предложения», - депкөрсетеді. Демек қазіргі кезде көпшілік ғалымдарымыз атауыш сөз бен көмекші сөздердіңайырмашылығы: а) лексикалық мағынасының болу, болмауына, ә) сөйлемнің дербес мүшесі болу болиауына байланыстырады. Грамматикалық септіктерде қолданылған көмекші есімдер көмекші сөз қызметінде қолданылмацды дейтін ғалымдардың да өз дәлелдері бар. Н.К.Дмитриев көмекші есімдер грамматикалық септіктерде көмекші сөз қызметінде қолднаылмайдыдей отырып, мына пікірді жазады: «В тех случаях, когда служебные имена употребляются во фразах как обычные имена, они не отличаются от последних ни в каком отношении; они сохраняют тогда и полновесную семантику и способность полного морфологического оформления. Если же они функционируют служебно, в качестве обезличенного семантически элемента, то тогда их морфологический диагноз значительно сужается: в этом случае они могут стоять только в тех падежах, которые передают пространственные отношения, т.е. в местном (статика), исходном (динамика движения в его начальной стадии, откуда?) и дательном ( дианмика движения в его завершительной стадии, куда?)» - деген болатын. Н.К.Дмитриев көмекші есімдердің тек кеңістік мағынасын ғана мойындайды. «Служебное имя, поскольку оно функционирует как служебное всегда означает какую-либо предмета или в вертикальном плане, или в горизонтальном», - деп есептейді. Осы принцип негізінде ол грамматикалық септік жалғауымен келген көмекші сөздерді көмекші сөз деп есептемейді. Қазіргі кезде де бұл пікірді қолдаушылар аз емес. Мыссалы, «Грамматика тувинского языка» деген оқулықтың авторлары Ф.Г.Исхаков пен А.А.Пальмбахтар көмекші есімдер туралы айта келіп. «Служебные имена употребляются, не иначе как только в формах пространственных падежей, впрочем одно и то же служебное имя в зависимости от контекста принимает аффикса исходного, местного, направительного, дательного падежей», - деп жазады. «Служебные имена в основном выражают пространственные отношения, поэтому к ним всегда присоединяются аффиксы локальных падежей», - деп жазады туркмен тілі грамматикасының авторлары. Осы пікірге жуық пікір басқа еңбектерде де бар. Тіпті көмекші есімдерді монографиялық жоспарда арнайы зерттеген ғалымдар арасында Н.Қ.Дмитриевтің пікірінқолдаушылар бар. Н.Е.Петров- сахна тіліндегі көмекші есімдерді арнайы зерттеп, кандидаттық диссертация жазған ғалым. Оның еңбегінде екі түрлі пікір бар. Салыстырыңыз, «Служебные имена склоняются по всем падежам, но особенность этих имен заключается в том, что они активно употребляются только в форме отдельных падежей притяжательного склонения», - деп тілдік факті негізінде дұрыс пікір айтқан. Осындай көп қолданылатын форма кеңістік септіктер екендігі сол беттің өзіндеМақ айтылған. Бірақ автор сол еңбегінің екінші бір жерінде: «Служебные имена могут приобретать чисто грамматическую функцию только в пространственных падежах, так как эти падежи выражают пространственных падежах, так как эти падежи выражают пространственные отношения, к которым может сливаться лексическое значение служебных имен обозначающих пространство через соотношения одного предмета с другим предметом», - деп жазады. Көмекші есімдерді тек кеңістік септіктерде ғана көмекші сөз қызметінде жұмсалады деген пікірлердің барлығы да алды, арты, басы, қасы, арасы, сияқты көмекші сөздердің тек мекендік мағынасын мойындаған, басқа мағыналарының барлығы толық мағыналы сөздердің мағынасы дегеннен туған нәрсе. Егер жоғарыда көрсетілген критерийді өлшем етіп алатын болсақ, онда көмекші есімнің барлық септік формаларында қолданылатындығы шындық. Саха тілінің материалдары негізінде пікір айтқан Л.Н.Харитонов осы екінші принципті ұсынады. « По функций такие имена до известной степени соответствует предлогам русского языка и выражает различные пространственные, иногда временные отношения. Ис-внутренность, хос и игэр-в комнате, алын-пиз, остул анныуар-под столом.Такие имена имеют полное склонение», - дейді ол.
Н.Е.Петров көмекші есімдердің бірде көмекчі сөз, бірде атауыш сөз қызметінде қолданылатындығын дұрыс көрсетебілген. Көмекші есімдердің бұл қасиетін Н.К.Дмитриевтен бастап көмекші сөздер туралы пікір айтқан көп ғалымдар мойындаған. «Итак, башкирские служебные имена: 1) в качестве отдельного слова относятся к служебным (вверх, низ, перед, зад, наружность , середина и т.д.) 2) по своему смысу, содержанию обозначают пространственные отношения (вверх, сверху, наверх; внизу, снизу; впереди, спереди, вперед), 3) по своей синтаксической роля соответствуют русским предлогам, управляющим различными падежами (вверху дома, под горой), позади реки, внутри сада, из-за горы и т.д.)», -дегені пікірімзіге дәлел (77, 230). Н. К. Дмитриев пікірін ары қарай жалғастырып, «поскольку служебные имена в основном указывают на различные оттенки пространственных отношений, эти имена, употбрелены в качестве служебных обычно ставится в одном из трех пространственных падежей: дательном, местном и исходном. Стоя же одним из других падежей эти имена могут употребляться и не как служебные, т.е. сохраняют свое основное материальное значение. Так, например, в одной башкирской сказке описывается дворец « у которого эсе ахак таштан, тышы ал тындап (внутренняя часть из драгоценных камней, а наружная из золота). В этой фразе слова эс -е (внутренность) и таш-ы (его наружная часть) очевидно употреблены в своем прямом материальном значении, а не как служебные имена», - деп көрсетеді (77,230-213). Н. Е. Петров осы үзіндіні сәл басқашалау түсінген сияқты. Ол егер заттың белгілі бөлшегін білдіріп, кеңістік мағынаны білдірмесе, кеңістік септік формасында тұрса да, көмекші сөз қызметінде қолданылмайды деп ескертеді: «Для различения этого критерия служат следующее: если служебное имя обозначает сторону конкретного предмета и имеет материальное значение то оно во всех падежах остается именом т. е. не подвергается грамматизации. Если служебное имя обозначает сторону конкретного предмета в пространстве, то оно в пространственных падежахх становится семантическим обезличным служебным словом, выполняющим чисто грамматическую функцию» (197, 98). Н. Е. Петровтың пікірінде аз болса да шындық бар. Көмекші есімдердің кеңістік септіктерде тұрып кеңістік мағынада қолданылғанды білдірген мағынасы мен грамматикалық септіктерде тұрып белгілі бір заттың бөлшегін білдірген мағынасындағы грамматикалық жалпылау тең емес. Сонымен бірге, «Ағаштың басы жел тұрмаса қимылдамайды» дегендегі бас сөзінде аз болса да заттық (материалдық) мағына бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ оны толық мағыналы сөз деуге де негіз жоқ. Себебі, бұл жерде бас тек шөп сөзімен тіркесіп қалса, сол шөптің жоғарғы бөлшегінің қимылдауын білдіріп тұр, сол сөзбен тіркескенде нақтылы мағына білдіреді. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ (Абай). Орман іші қараңғы, қалың болса да көктер өсіп, гүлдер жайнай бастаған (Н. Ғабдуллин) дегендегі алды, арты, іші сөздерін зат есім деп есептей алмаймыз. Нақ осындай белгілі бір заттың бөлшегі екендігін білдіріп кеңістік септік формасында да қолданылуы жиі кездеседі. Мысалы, Жар басына қонбаңыз, Дауыл болса үй кетер(Бұхар). Біз жоғарыда көмекші есімдерге қосылған септік жалғаулары зат есімдерге қосылғандағыдай мағына үстейді, сондай синтаксистік қызмет атқарады деген болатынбыз. Көмекші есімдер мағынасын нақтылай түсу үшін септеулік шылауларды да өз жетегіне ала алады. Мысалы, Ауылдың ортасына таман созылған қара сызық ақ қарды екі жарып тұр( М. Сүндетов). Бір топ атты таудың бөктеріне қарай бет түзген... (Ш. Мұртаза) т.б.
Біздіңше, түркі тіліндегі көмекші есімдердің бірде толық мағыналыы зат есім, бірде көмекші сөз қызметінде қолданылуы олардың зат есім, бірде көмекші есімдердің зат есімнің тәуелдеулі септеу үлгісінен айырмашылығы болмауы олардың морфологиялық жақтан өзара қол үзе қоймағандығын білдіреді. А. Ысқақов қазақ тілі материалы негізінде, көмекші есімдердің толық тәуелдеулі септік формаларын қабылдайтындығын дәлеледеген болатын. «Көмекші есімдер көлемдік қатынасыты білдіретін болғандықтан, көбінше барыс, жатыс, шығыс септіктерінде қолданылады. Сонымен қатар қызметіне қарай кейбір көмекші есімдер барлық септіктерде қолданыла береді», - деп қорытынды жасаған (304;206). Көмекші есімдер септік жалғауларында қолданылуында да аздап өзгешеліктер болуы мүмкін. Әсіресе, олардың жай септеу үлгісінде қолданылмауын, тәуелдеулі септеуде де кеңістік септіктерде жиі қолданылуын атап көрсету керек. Бұл көмекші есімдіктердің негізгі есімдерден (зат есімдерден) түрлену үлгісі жағынан ерекшелене бастағандығына бір дәлел.
Көмекші есімдердің негізігі есімдерден ажырасыр жататын екінші бір белгісі – оның сөйлемнің жеке мүшесі болмауы, сөз тіркесінің бір компоненті болмауы. Екінші сөзбен айтқанымызда, көмекші есімдер сөйлем құрамында қолданылғанымен, белгілі бір сұрауға жауап бере алмайы, сөйлемнің дербес мүшесі болмайды. Ол өзінің алдында тұрған ілік септікті сөзбен бірге бір сұрауға жауап береді де, сол сөзбен сірге сөйлемнің күрделі бір мүшесі болады. Сөйлемнің дертес мүшесі болу үшін тиянақты мағынаға ие болып, белгілі бір сұрауға жауап беру керек. Ғалымдар сөйлем мүшесіне анықтама бергенде оның мағынасына, сөйлемдегі қызметіне назар аударады. Сол үшін де сөйлем мүшесі болатын сөз сөйлем құрамында қолданылып, басқа сөздермен байланысқа түсіп түрлі синтаксистік қызмет атқаратын, дербес сұрауға жауап бере алатын сөздердің синтаксистік қызметімен байланысты анықталатын грамматикалық категорияны түсінеміз. Әрине біз сөйлем мүшесіне тиісті теориялық мәселені талдау ниетінен аулақпыз. Ондай жұмыс түркітанымда баршылық (29; 212; 215; 213). Көмекші есімдердің дербес сөйлемнің мүшесі болмағандықтан оның сөйлем құрауда, сөйлемнің мағынасында ешқандай қызметі жоқ деген пікір тумауы керек. Олар сөйлемнің күрделі мүшесінің тұлғасын анықтаушы бір тұлға есебінде көрінеді. Мысалы, Ауылдың – маңы терең сай, Тасыған өзен күрілдеп (Абай) дегендегі бастауыштың формасы маңы сөзімен байланысты анықталып тұр. Сол қызды шуу дегеннен сый құданың қасына, қақ төрге отырғызуы тегін емес екен. (Ж. Аймауытов) деген мысалымызда Құданың қасына мекен пысықтауыш болып тұр. Ол сөйлемдегі мекендік мағына қасында көмекші есімде бар т.б. Көмекші есім сөз тіркесінің дербес бір сыңары болмайды дедік. Шындығында мағына дербестігін есепке алмасақ, олар форма жағынан үлгісі жағынан есім сөздердің матасуынан айрымашылығы болмайды. (Ол туралы басқа жерде сөз болған). Әрине көмекші есімнің тек тәуелдік жалғауында ғана қолданылуы – оның тарихи жақтан қалыптасқан ерекшелігі жіне оның зат есімнен ерекшеленіп тұрған бір белгісі. Егер мысалдарға жүгінетін болсақ, «Таудың самалы – дертке дауа» дегендегі матасу мен «Есіктің алды – ағын су» дегендегі матсау бірдей емес. Бірінші матасуда меншіктеуші, меншіктелуші бар, екінші матасуда ондай қатынас жоқ. Бірінші матасуда бірінен екіншісіне сұрау қоюға, басыңқы, бағыңқы сыңарларын анықтауға болады. Есіктің алды дегенде әр сөз жеке сұрауға жауап бере алмайды, оларда басыңқы, бағыныңқы сыңар жоқ. Бірақ оны күрделі деуге де болмайды. Сондықтан кейбір ғалымдардың екінші есім зат есімдерден морфологиялық жақтан да өзгешеленеді деген пікірінде аздап шындық бар. Біз көмекші есімді зат есімдерден морфологиялық жағынан мүлде ажыралып жатады деушілерге қосылмаймыз.1 Көмекші есімдердің тек тәуелдік жалғау формасында ғана қолданылуы – оның біртіндеп зат есімнен морфологиялық жақтан ерекшелене бастағандығын көрсететін белгі. Осындай зат есімнен ерекшелене бастаған бір белгі ретінде көмекші есімдердің кеңістік септік формасында көп қолданылуын грамматикалық септіктерде аз қолданылуын да көрсетуге болады. Осы даму барысын ары қарай жалғастыра берсе, белгілі бір мағынада белгілі бір грамматикалық формаларда арнаулы септік жалғауымен тіркесетін шылаулар қатарына өтуі мүмкіндігі жоқ емес. Мысал ретінде бойы, арқасында сияқты шылауларды көрсетуімізге болады. Қазақ тілінің академ. грамматикасында көмекші есімдер тарауын жазған Р. Әміров «Көмекші есімдер басыңқы сөзбен ылғи изофетпен қатынаста келеді. Бірқатар көмекші есімдер изофеттен тыс тіркесте де жұмсалына алады. Олар мыналар: төңірек, айнала, маң, жақ. Мұндайда бұл сөз басыңғы сөзбен қабыса байланысады. Мысалы, қала жақта, осы төңіректе т.б. Төңірек тып-тыныш», - деп жазады (129,63). Аты аталынған әр сөздің тәуелдік жалғауынсыз қолданылытындығын тек қазақ тілі материалы ғана емес, басқа түркі тілдерінің материалдары дәлелдей алады. Бірақ олардың көмекші ретінде қолданылатындығын естен шығармау керек. Біздіңше, маңға белгілі Шуақ мерген колхоз балаларын... (Ғ. Сланов) дегендегі маң, жақ сөздерін көмекші есім деуге болмайды. Демек, көмекші есім қызметінде қолданылатын сөз тәуелдік жалғауынсыз қолданылса, оны көмекші сөз қызметінде қолданылып тұр деуге болады.
1 А.М.Щербак біздің ертеректегі бір еңбегімізге сын айта отырып: «Приэтом М.Оразов не относит служебныхимен к послеслогам, а выделяет их как особый лексико-грамматический подразряд существительных»,- деп бағалаған. Біз көмекші есімді септеулік шылауларға да, зат есімге де қоспаймыз, жеке лексико грамматиканың ерекшелігі бар көмекші сөзі деп есептейміз. Көмекші есіммен зат есімнің ара қатынасының анықтауда кейде лексикалық мағыналарына да лексикалық мағынаның құрылымына да назар тастау қажет сияқты. Ең алдымен, зат есімдерде көп мағыналық олардың қасиетінің бірі болса, көмекші есімдерде көп мағыналық қасиет болмайды. (271,67). Көмекші есімнің көп мағыналы болмауына, біріншіден, мағынасынығ дерексізденгендігі, екіншіден, үнемі екінші бір сөздің жетегінде, кіші контексте қолданылуы себепші сияқты. Контекстңғ қызметінің өзі сөздердің көп мағыналы сипатын нақтылап, бір мағыналы сөз есебінде қолдану. Себебі көмекші есімдердің өздері зат есімдердің көп мағыналық сипаты, негізінде қалыптасқан. Яғни, көмекші есімдердің білдіретін мағынасы осы көп мағыналы зат есімдердің бір мағынасы болып саналады. Әрине кез келген көп мағыналы сөздердің келтірінді мағынасының барлығы бірдей көмекші сөз қызметінде қолданылуға негіз жасайды деген қорытынды шығаруға болмайды. Мысалы, Б. Хасенов бауыр сөзінің 6 мағынада қолданылатынлығын көрсетеді. 1. Бауыр – іні,қарындас. 2. Бауыр – туысқан. 3. Бауыр –дос, достық. 4.Бауыр – адамның, жан-жануардың өті бөлініп шығатын ең үлкен безі. 5. Бауыр – адамның, малдың т.б. жанды жәндіктердің іш жағы. 6. Бауыр – беткей, етек (271,67). Бұл мағыналардың ішінде бір мағына (соңғы алтыншы) ғана көмекші сөз қызметінде қолданылғанда білдіретін мағынасы, ол басқа мағыналарында қолданғанда бауыр зат есімге тән барлық қасиетті сақтайды. Тіпті кейбір көп мағыналы сөз (зат есім) көмекші сөз қызметінде мүлде қолданылмауы да мүмкін. Мысалы, Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде алмас сөзінде үш мағына, аға сөзінде алты мағына, ат сөзінде үш мағына бар деп көрсеткен. Осы сөздердің бірде-біреуі көмекші сөз қызметінде қолданылмайды. Бірақ бұдан көмекші есім әр тіркесте бір мағына білдіреді екен деген де қорытынды шығаруға болмайды. Олар қай тіркесте болмасын өзінің мағынасының негізін сақтайды. Салыстырыңыз, таудың басы, шөптің басы, судың басы т.б. бірақ кей оқырман бас сөзі белгілі бір нәрсенің басталатын жағын, жоғарғы жағын, аяқталатын жағын т.б.сияқты бірнеше мағына білдірмей ме деген сұрау беруі заңды. Бұл мағыналар бас сөзінің мағына шеңберінің кеңдігін білдіреді, ал қолданылғанда бас сөзі нақтылы мағынаны ғана береді. Сондықтан біз анықтама бергенде көмекші есім ілік септікті зат есімнің (не зат есім қызметіндегі басқа бір атауыш сөздің) жетегінде келіп, соны мағына жағынан толықтырады, нақтылайды деп анықтамаға қосқанбыз.