Гликогенолиз екі жолмен өтуі мүмкін: фосфоролиз (негізгі жолмен) және гидролизбен.
Н3РО4
(С6Н10О5)n фосфорилаза (С6Н10О5)n-1 + гл-6-фосфат
Гликогеннің фосфоролиз жолмен ыдырауы үшін фосфорилаза ферментінің қатысуы керек, гликогеннің полисахарид тізбегіндегі глюкозаның соңғы молекуласына фосфор қышқылы жалғасып, глюкоза-1-фосфат түрінде бөлінеді. Фосфоролиз барлық тканьдерде жүреді. Түзілген глю-1-фосфат мутазаның әсерінен глюкоза-6-фосфатқа айналады, глюкоза-6-фосфат клетка мембранасынан өтпейді, сондықтан ол сол түзілген клеткаларда ғана жұмсалады. Бұндай құбылыс бауырдан басқа барлық тканьдерге тән. Тек бауырда фосфор қышқылын глюкоза-6-фосфаттан бөліп жіберетін активті глюкоза-6-фосфатаза бар. Осы реакция нәтижесінде түзілген бос глюкоза қанға оңай өтеді. Сондықтан бауыр гликогені барлық организм үшін глюкозаның қоры болып табылады. Ал басқа органдардағы гликогені өзінде өтетін процесінде әсер етеді.