– моносахаридтер ащы ішектегі майда түтіктермен әртүрлі жылдамдықпен сіңіріледі. Ең үлкен жылдамдық галактоза, глюкоза, фруктоза, пентоза. Жылдамдықтың өзгешелігі сіңірілу жолына тәуелді. Активті және пассивті сіңірілу болып бөлінеді.
Пассивті сіңірілу - Е қорын жұмсамай концентрациясы көп жерден концентрациясы аз жерге тасымалдау диффузия ол мембрананың екі жағында заттардың концентрациясы теңескенге дейін жүреді, аз уақытта баяу жүреді.
І-реттік – активті заттарды тасымалдау тікелей АТФ энергиясы жұмсалады. Мысалы, иондардың тасымалдануы.
ІІ-реттік – кейбір иондардың электр-химиялық градиенті болады, бұл градиенті иондарды мембранадан АТФ энергиясы тасымалданған кезде пайда болады. Мысалы, мембранада К+ Na+ - АТФ-аза ферменті АТФ энергиясын пайдаланып клеткадан сыртына шығарып натрийдің электохимиялық градиентін түзеді, клетканың сыртына Na+ көп жиналып диффузия құбылысы пайда болады. Сондықтан Na+ глюкоза және басқаларды клетканың ішіне түсіреді. Галактоза, глюкоза сіңіру ІІ-реттік активті жолмен тасымалданады. АТФ арқылы гл-6-фосфатқа, галактоза-6-фосфатқа айналады. Осы түрде оларға сіңеді. Ал фруктоза, пентоза диффузия арқылы сіңеді. Ішек клеткасында гл-6-фосфат және галактоза-6-фосфат фосфатаза ферменті әсерінен фосфорсызданып, глюкоза, галактоза түрінде қақпа венасы арқылы бауырға түседі, олармен бірге фосфор және пентоза бауырға барады.