Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Ақпараттық –басқару жүйедегі интегратор түсінігі



бет5/17
Дата07.01.2022
өлшемі408,86 Kb.
#19973
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Автоматтандыру

2.2 Ақпараттық –басқару жүйедегі интегратор түсінігі                                    

 

Қазіргі уақытта нарықта АБЖ-нің төрт түрі бар [7]:



1)     бірыңғай техникалық шешімдері  жоқ, тиісті унификациялық шешімдері орындалмаған ескірген жүйелер;

2)     уақытқа сай техникамен орындалған, бірақ технологиялық талаптары ескірген жүйелер;

3)     қазіргі уақытқа сай технологияда және аспаптарда орындалған СНГ аумағында жасалған аспаптармен орындалған үлгілер;

4)     әлемдік көшбасшы фирмалар орындаған, толығымен біткен жүйелер.

Автоматтандыру бойынша өндіріс нарығы техникалық шешімдерге бірыңғай шешім құру қажеттілігін әкелді: жабдықтарды, бақылауыштарды, программалық жабдықтарды, интерфейстерді унификациялау және оларды жалпы интеграциялау (жұмысын байланыстыру).

АБЖ-де интегратор – әр түрлі ішкі жүйелердің бір-бірімен әрекетін байланыстыруды орындайтын программа-техникалық кешен. Сонымен қатар, олардың жұмысын үйлестіру интегратордың міндетінде, сондықтан АБЖ құрамында тұрған ішкі жүйелерді өзгерту қажеттілігі болмайды.

Интегратордың басты міндеттері: ТПАБЖ-нің әр түрлі ішкі жүйелерінен немесе бақылауыштан мәліметтерді жинап, оларды өңдеп, түрлендіріп, бірыңғайлы форматқа келтіріп, жоғарғы деңгейде көрсетуге (визуализацияға) және архивке жинауға жіберу, әр түрлі ішкі жүйелердің арасындағы немесе бақылауыштардың арасындағы өзара әрекетін орындау.

Интегратордың қызметі:

-   өндіріс орталығында істеу (температура, ылғалдылық, вибрация және т.б.) үшін аспаптардың қажетті сенімділігін қамтамасыз ету;

-   жергілікті және өндірістік желі протоколдарының барлық түрлерімен байланыса алу;

-   модем және радиомодемдермен байланысу;

-   телекоммуникациялық протоколдармен және каналдармен байланысу;

-   синхронды және асинхронды ақпарат тасымалдау каналдарымен жұмыс істеу мүмкіндіктері;

-    SCADA жүйелерімен, МҚБЖ және жоғарғы деңгейдегі MMI-интерфейстермен байланысуды қамтамасыз ету;

-   жүйелер мен бақылауыштардың арасында интеграцияны орындайтын арнайы функциялар. Бұл топтағы функцияларды таңдау қолдануына байланысты.

Жиі жағдайда келесі функциялар қажет:

-   ақпаратты өңдеу функциялары, мысалы, дәлдігін және масштабын орнату;

-   кешендік басқару алгоритмдерін орындайтын  функциялар;

-   аспап-программалы құралдарды тестілеу және диагностика өткізу;

-   жүйеде ортақ уақыт орнату және оны астрономиялық уақытпен байланыстыру;

-   ішкі жүйелердің жұмыстарын синхрондау;

-   таңдалған көрсеткіштерді архивтеу;

-   ақпаратты буферлеу, мәліметтерді тасымалдау каналдарын резервтеу.

Жоғарыда көрсетілген функциялар экономикалық, техникалық және т.б. тұрғыдан қарағанда тиімді болуы керек.

Интегратордың архитектурасына қойылатын талаптар:

-   процессорлық платалардың өнімділігі әр түрлі болу керек;

-   енгізу, шығару модульдерінің саны көп болу керек;

-   коммуникациялық бақылауыштар және интерфейстер жиыны көп болуы керек.

Қазіргі уақытқа сай интеграторлар арнайы стандарт бойынша шығарылады: VME стандарты және протоколы. VME магистральдық модульдік протокол, мұнда көппроцессорлық шешім орын алған. Қазіргі уақытқа сай жергілікті протоколдар өндірістік желінің протоколдарымен жұмыс істей алады, сигналдары унификацияланған, RS232, RS485 интерфейстермін жұмысқа қатысу мүмкіндігі бар. IUC типтегі интеллектуалды бақылауыштар. VME аспабына қарағанда архитектурасы бойынша қуаттылығы төмен. Бұл екіпроцессорлық шешімде және орындалған бір түрдегі протоколда тұрғызылған. Бірақ осы протокол программа арқылы өзгертуге жатады. Compact PCI стандарты бойынша жасалған аппараттар. Бұл шешімде де  1-2 процессор қолданылады, ал артықшылығы көп түрлі енгізу-шығару құрылғалары бар, нақтырақ айтқанда мезониндер қолданылады. Бұл белгісіз, жаңа  интерфейстерді қосуға арналған арнайы  құрылғы.

         Интегратордың программалық кешенінде ең алдымен операциялық жүйенің міндетін орындайтын программа болу қажет. Ол нақты уақыт операциялық жүйесі деп аталады. Нақты уақыт операциялық жүйелері: OS9; VxWorks; QNX; Стандарт IEC 1131 ISaGRAF.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет