2.3 Интегратор түрлері
2.3.1 Коммуникациялық сервер. Шлюз. Коммуникациялық сервердің (4 суретті қара) басты қызметі өндіріс протоколдарының (PROFIBUS, СAN, LON), төменгі деңгейдегі модемдердің және жергілікті желінің протоколдарының арасында өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.
4 сурет - Коммуникационды сервердің құрамы
2.3.2 Концентратор (мәліметтер сервері). Концентратор коммуникациялық сервердің міндетіне қоса, төменгі деңгейден тікелей мәліметті жинап, мәліметті көрсету және архивтеу үшін жоғарғы деңгейге жеткізеді.
5 сурет - Концентратор қурамы
2.3.3 Интеграциялық сервер. Әртүрлі ішкі жүйелерді бір ТПАБЖ-не интеграциялау қызметін орындайтын қуаты жоғары сервер.
6 сурет - Интеграциялық сервер
Бұл типтегі интеграторлар концентратор қызметін атқарады, мәліметтерді өңдеу функциялары бар, кешендік басқару алгоритмдерін орындайды және жүйеде бірдей уақытты тұрақты ұстайды.
Интегратор қолданатын ТП АБЖ артықшылығы:
- әртүрлі өндірушілер шығарған ішкі жүйелердің арасында интеграция орындалады.
- қызметінің саны өседі;
- стандартқа жатпайтын қондырғыларды қолдануға болады;
- алгоритмді өсіруге мүмкіндік бар;
- сенімділік өседі және резервтеу есептері оңай шешіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |