10.1 Сақиналысұлбалар Сақиналы сұлбаларда (көпбұрышты сұлбаларда) ажыратқыштар өзара, сақиналы болып қосылады. Әрбір элемент – желі, трансформатор – екі көршілес ажыратқыштың арасында 10.1. суретте көрсетілгендей жалғанады.
Сақиналы сұлбаларда ажыратқыштар жұмысы сенімділігі басқаларымен салыстырғанда жоғары болады, өйткені кез-келген ажыратқышты қалыпты жұмыс сұлбасында байқау мүмкіндігі бар. Ажыратқышты оны сөндіру арқылы тексеру, қосылған элементтер жұмысын бұзбайды және сұлбада ешқандай қайта қосуды талап етпейді.
Сақиналы сұлбалардың қарапайымдылығы үшбұрышты сұлбасы болып табылады.
Төртбұрыш сұлбасы (квадрат) үнемді (төрт қосылысқа төрт ажыратқыш), кез-келген ажыратқыштың тексеру және тазалауды оның элементтерінің бұзылуынсыз іске асыра алады.
Барлық сақиналы сұлбалар құндылығы айырғыштарды тек қана жөндеу жұмыстарына ғана қолдануы болып табылады. Мұндай сұлбаларда айырғыштар арқылы істелінетін операциялар саны көп емес.
Жоғарыда талданған сұлбалардың барлығының ерекшеліктеріне ие, алтыбұрыш сұлбасы кеңінен қолданыс тапты.
а) үшбұрыш; б) төртбұрыш; в) алтыбұрыш
10.1 Сурет – Сақиналы сұлбалар
10.2 Бір жүйелі жұмысшы және айналма шина жүйелері бар сұлбалар Қалыпты тәртіпте шиналардың айналма жүйесі АОкернеусіз болады, 10.2 суретінде көрсетілгендей желімен трансформаторларды шиналардың
айналма жүйесіне қосатын айырғышы QSO, ажыратылған. Сұлбада айналма ажыратқыш қарастырылады QO, ол кез келген секцияға екі айырғыштың жол айырығы көмегімен іске асырылады. Секциялар бұл жағдайда бір-біріне параллелді орналасқан. QO ажыратқышын желідегі электржабдықтаудың бұзылуынсыз кез-келген ажыратқыш алмастыра алады, алайда олар көптеген қосылулармен байланысты.
Айналма және секциялық ажыратқыштардың қызметтері үнемдеу мақсатында аралас болуы мүмкін.
а) трансформаторлар тізбегінде бөлгіштермен, секциялық және айналма ажыратқыштармен араласқан; б) желілік ажыратқышты айналмалымен ауыстыру режімі; в) айналмалы және секциялық ажыратқыштармен
10.2 Сурет –Бір жүйелі жұмысшы және жинақтаушы шинаның айналма жүйесі бар сұлбасы
Қосалқы станцияның ЖК (110 кВ) қосылу саны (желілер және трансформаторлар) алтыға дейін сонымен қатар желілердің параллелді жұмысы рұқсатты және ары қарай дамыту болашағы жоқ болған жағдайда 10.2 а суретіндегі сұлба ұсынылады. Егер келешекте ТҚ-ның кеңейтілуі қарастырылатын болса, онда трансформаторлар тізбегінде ажыратқыштар орнатылады. Трансформаторлы ажыратқыштар сұлбалары қосалқы стацияның 110 және 220 кВ кернеудегі ЖК және ОК жағында қолданыла алады.
Қосылу саны жоғары болса (7–15) 10.2 в суретінде көрсетілген жеке айналмалы QOжәне секциялық QB ажыратқышты сұлбалар ұсынылады.
Электростанцияларда 10.2 в суреті бойынша бір секцияланған бірақ әрбір секцияға жеке айналма ажыратқшы бар шиналар жүйесі, сұлбасы қолданылуы мүмкін.