Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет2/11
Дата13.04.2022
өлшемі17,6 Mb.
#30842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Google карталары

Google Maps (ескі атауы Google Local) — "Google" компаниясы ұсынатын тегін картографиялық сервистер мен технологиялардың негізінде құрылған қосымшалар жиынтығы, 2005 жылы құрылған веб карта қызметі.

Google Maps қызметінде Жердің картасы мен спутниктік түсірілімдері бар. Көптеген аймақтар үшін жоғарғы детальды 250-500 м биіктіктен түсірілген аэрофототүсірілімдер қолжетімді, ал кейбір аймақтарға әлемнің 4 жағынан 45° бұрышпен қарау мүмкіндігі бар. Қосымша Ай мен Марстың түсірілімдері де ұсынылады. Google Maps сервисімен бизнес-анықтамалары мен автомобиль жолдарының карталары интеграцияланған.

Google Local Guides - Google Maps шығарған еріктілерге арналған карта ішіндегі ынталандыру бағдарламасы. Кей кездері бұл картамен жұмыс істеуге арналған қосымша жеңілдіктер береді. Карта қолданушылары осы қызметтің көмегімен жергілікті жердің суреттерін, бейнежазбаларын қоса алады, мекемелерге қатысты ақпараттарды дұрыс-бұрыстығын анықтап, дұрыс ақпарат беруге көмектеседі.



Бағдарлама автокөлік жүргізушілері, велосипедшілер және жаяу жүргіншілер үшін ең жақсы маршруттарды жасайды.Кептеліс, апаттар туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бақылайды және кептелістерді болдырмаудың баламалы бағытын ұсынады.Туристер үшін Google қызметі де пайдалы, себебі ол көрікті жерлер туралы ақпаратты қамтиды. Мысалы, бейтаныс қалаға кіргенде, баруға тұрарлық жақын жерлерді іздеуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет