Пәннің саясатына қойылатын жалпылама талаптар мына бөлімдерді қамтиды:
1. Оқу процесін ұйымдастыру. Кафедра факультеттер мен курстардағы сабақ кестелеріне, оқыту формаларына сай оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру процесінің формаларын жетілдіреді. Студенттердің үлгерімінің ағымдағы бақылауын сабақ кестелеріне сай жүргізеді. Білім алушылардың аралық бақылауы оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.
2. Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету. Силлабустардың электрондық нұсқасы студенттерге кафедрада және «Сириус» ААЖ арқылы ұсынылады. Кеңес берулер кестелері, кафедра қызметкерлерінің жұмыс кестелері кафедраның ақпараттық стенділеріне ілінеді немесе оқу сабақтарының барысында хабарланады. Білім алушыларды уақтылы хабардар ету мен рейтингтік бағалары туралы ақпарат ОПҚ тарапынан сабақтар кезінде беріледі.
3. Білім алушыларға қойылатын талаптар: Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілуі тиіс.
1. Кіріспе
Психология дамуы негізінде адамның жалпы тыныс-тіршілігіне, қоғамда адамның адамның дамып жетілуіне, айналадағылармен қарым-қатынас жасауына деген қызығушылықтың арта түсуі жатыр.
Психология қоғам дамуының гуманистік бағытын қамтамасыз етіп адамдардың гуманды менталитетін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Адам әрекетінің көптеген түрлерінде, медицинада, педагогикада, өндірісте жақты жетілуде психологиядан хабардар болмауы қолайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |