12 дәріс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама эволюциясы
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы.
2. Сыбайлас жемқорлықтың қарсы заңнаманың даму кезеңдері.
3. Сыбайлас жемқорлық үшін қатал заңдық жауапкершілік.
65
Дәрістің мақсаты: мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғам институттарының жауапкер-
шілігін арттыруға баса назар аудару.
Дәрістің мазмұны: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтиже-
сінде оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бірқатар
ұсынымдарды талдау.
1. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап,
әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
институттары мен тетіктерін қалыптастыруды мақсатты түрде кезең-кезеңмен
жүзеге асырып келеді.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Қазақстан посткеңестік
елдердің ішінде алғашқысы болып, кең көлемді сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызметті күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық базаны
қалыптастырды, нәтижесінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп
отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік caясатымен тікелей
байланысты даму кезеңдерінен өтті.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін оның аумағында
бұрынғы КСРО мен ҚазКСР-дің нормативтік құқықтық актілері қолданылды,
алайда олардың жаңа экономикалық бағытқа caй келмейтін тұстары жиі
кездесті. Егер оған дейін барлық мүлік мемлекеттік меншікте болса,
тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендіру процесі басталып, жеке меншік
пайда болды, ал заңнама саласының жаңа экономикалық болмысқа сай ықпал
етуі әлсірей бастады.
Алғашқы кезекте, мемлекеттік органдар қызметі сыбайлас жемқорлық-
тың алдын алумен қатар, жасалған фактілерге қарсы күреске бағытталды,
тәжірибе жинақтала бастады, бірнеше фактілерден кейін кешендік тәсіл
қажет екендігі белгілі болды.
Осылайша, 1992–1997 жылдар aрaлығында, бұл жылдарды алғашқы
кезең деуге болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестің нормативтік-
құқықтық негіздерін қалыптастырудың бастапқы кезеңі өтті. 1992 жылдың
17 наурызында «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық (бұдан әрі –
Жарлық) шығарылды. Аталған Жарлықты қабылдау негізі елімізде таралған
құқыққа қайшы қызмет фактілерінің, криминалдық кәсібиліктің өсуінің,
қылмыстың ұйымдасқан сипатқа ие болуының жолын кесу қажеттілігі болды.
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің элементі
ретінде мемлекеттiк құрылымдарда мемлекеттiк өкiмет пен басқару
органдарында басшылық қызметте iстейтiн, жекешелендiру тәртiбiмен
мемлекет мүлкiн меншiгiне сатып алатын адамдардың өз отбасының мүлiктiк
жағдайы туралы декларация беруге мiндеттi екенi; лауазымды адамдардың
қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруға байланысты кез келген нысанда
66
кәсiпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан және және т.б. сыйлық
алуына тыйым салу бекітілді.
Сонымен бірге аталған кезеңде басты артықшылық ретінде екі
құрамдас бөлік атап көрсетілді:
а) ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың өсуін және
олардың өзара байланысты болуын, күшеюін болдырмау;
б) еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық негізде-
ріне қатысты сыбайлас жемқорлық қаупінің деңгейі айқын болғандықтан,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тоқтаусыз құқықтық іс-шаралар қабылдаудың
қажеттігі.
Олар қылмысқа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру және қылмыстық жол-
мен жиналған капиталды «жылыстату» бойынша мемлекеттік іс-шаралар
жүйесінің құрамдас бөлігін құрайтын болды және оны заңдастыруға жол
бермеуге бағытталды, осы сәттен бастап екінші кезең – 1998–2000 жылдар
кезеңі басталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының екінші
кезеңін 1998 және 2000 жылдар аралығына жатқызуға болады. Осы кезеңде
сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмыспен үйлесімділікте тигізетін
қауіптілік деңгейіне қатысты сыбайлac жемқорлыққа қарсы күрес институты-
ның жұмыс істеу әдіснамасы мен әдістерін анықтау қажеттігі туындады.
Екі негізгі заң: «Сыбайлac жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылданды. «Сыбайлac жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Заңның қабылдануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестегі басты құқықтық және әдіснамалық негіз болды. Аталған заңда
сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған баптардың ерекше
маңыздылығы атап көрсетілген. Заңның 2-тарауында қаржылық бақылау
туралы, мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызмет
туралы, жақын туысқандармен бірлесіп қызмет атқаруға жол бермеу туралы,
сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар
үшін жауапкершілік туралы ережелер қамтылған.
1998 жылдан бастап әділет органдары сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ жағымсыз себептермен жұмыстан
шығарылған адамдарды есепке алуды жүргізе бастады. Бұл мемлекеттік
қызметке оған дейін сыбайлас жемқорлық қызметке қатысты болған
адамдарды қабылдамау үшін іріктеу құралы болып табылды.
Мемлекет мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жоспарлы
түрде Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын
жүзеге асыруға кірісті, осылайша, үшінші кезең – 2001–2004 жылдар
кезеңі басталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы бойынша
үшінші кезең 2001–2004 жылдар аралығында өтті.
Үшінші кезеңде мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске
жалпы мемлекеттік саясат мәртебесін берді. Оны жүзеге асыру бойынша
ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстар жалпы жүйелік және кешендік
67
сипатқа ие болды. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды.
Осылайша, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының бір бөлігін
өңірлер мен жеке секторға кезең-кезеңмен беру арқылы олардың
функцияларын біртіндеп орталықсыздандыру жүзеге асырылды, монополия
саласы қысқартылды және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы
бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалды, халыққа қызмет көрсету
кезінде «бір терезе» қағидаты енгізілді.
2002 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия
құрылды. Комиссия қызметінің мақсаттары сыбайлас жемқорлыққа және
мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына қарсы
күресті күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік
деңгейін арттыруға бағытталған келісімді іс-шараларды әзірлеу және
қабылдау болып табылады.
2. 2001–2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізілген жағымды
нәтижелермен бірге мынадай құқықтық сәйкес келмейтін тұстар да болды.
Достарыңызбен бөлісу: |