Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Біріншіден, заңнамалық актілердегі  құқықтық  олқылықтар  мен сілтеме 

нормаларының  көп  болуы  мемлекеттік  органдардың  жекелеген  лауазымды 

адамдарғa  көптеген  өкілеттік  беретін  ведомстволық  актілерді  қабылдауына 

мүмкіндік  берді.  Бұл  әрине,  сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласын 

реттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді  халықаралық  шарттармен  және  

келісімдермен одан әрі біріздендіруді талап етті. 



Екіншіден,  алдағы  уақытта  әкімшілік  рәсімдерді,  ең  алдымен  салық 

және  кеден  қағидаларын  жеңілдету  қажет  болды.  Сыбайлac  жемқорлықты 

азайту  үшін  олар  қарапайым,  түсінікті  және  жалпыға  мәлім  болуы  тиіс. 

Ақпараттар  мен  құжаттамаға  қойылатын  талаптарды  барынша  жеңілдету 

қажеттігі туындады. 

Үшіншіден,  адами  ресурстарды  басқарудағы  тиімділіктің  жеткіліксіз  

болуы орын алды. Әкімшілік сыбайлас  жемқорлық  құқық бұзушылықтардың 

сот  практикасын  талдау  барысында  кінәлі  адамдардың  көпшілігі  төмен 

буындағы мемлекеттік қызметшілер қатарына жататынын көрсетті.  Олардың  

еңбекақы  көлемі  және  әлеуметтік  қорғалмауы сыбайлас  жемқорлық  үшін  

экономикалық  бастауы  болып  табылды.  



Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың туындау 

себептеріне  мониторингтің  жүргізілмеуі.  Сыбайлас  жемқорлық  факторлары 

мен тетіктерін қадағалап отырудың қажеттілігі, оның деңгейі мен құрылымын 

бағалау,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-шаралардың  тиімділігін  талдау 

мониторингтің енгізілуін қажет етті. 

Бесіншіден,  осы  кезең  тәжірибесі  мемлекеттің  сыбайлac  жемқорлыққа 

қарсы саясаты мәселелері бойынша азаматтық қоғамның хабардар болуы мен 

белсенділігінің  тиісті  деңгейінің  болмағанын  көрсетіп  отыр.  Соның  аясында  



68 

 

азаматтық  қоғам  институттарының  аталған  бағдарламаны жүзеге  асыруға  



қатысу    тетіктерін    қалыптастыру,    жұртшылықтың  сыбайлас    жемқорлыққа  

қарсы  күрес  барысы  жөнінде  хабардар  болуы үшін   жалпыға  қолжетімді  

және  тиімді  рәсімдерін  енгізу  талап  етілді. 

Алтыншыдан,  сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласындағы 

халықаралық  ынтымақтастық  деңгейінің  жеткіліксіз  болуы.  Осыған 

байланысты,  құқық  қорғау  органдарының  халықаралық  ынтымақтастық 

нысандарын    кеңейту    және    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    күрес    және 

заңсыз  жолмен  алынған  ақша  қаражатын  заңдастыруға  қарсы  іс-қимыл 

саласындағы  халықаралық  конвенцияларға  Қазақстан  Республикасының 

қосылуы  бойынша  жұмыстарды  белсендендіру  қажеттілігі  артты. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңнаманың  қалыптасуының  төртінші 



кезеңі  –  2005–2014  жылдар.  Қазақстанды  жеделдетілген  экономикалық, 

әлеуметтік және саяси  жаңғырту контексіндегі сыбайлас  жемқорлыққа қарсы 

күрес. 2005 жылдың ақпаны мен 2014 жылдың шілдесі аралығында мемлекет 

жеделдетілген  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жаңғыру  жолында 

тұрды.  2005-2007  жылдары  Қазақстан  Республикасында  «электрондық 

үкіметті»  қалыптастырудың  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру 

мақсатында    бірыңғай    ақпараттық    жүйені    енгізу    бойынша    жұмыстар 

жүргізілді,  нәтижесінде  ұйымдар  мен  халықтың  мемлекеттік  қызметшімен 

байланысы  қысқартылып,  сыбайлас  жемқорлық  көлемі  төмендеді. 

2007    жылдың    шілдесінде    «Қазақстан    Республикасының    кейбір 

заңнамалық  актілеріне  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мәселелерін 

жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан  

Республикасының  Заңы  қабылданған  болатын.  Бұл  Заң  бойынша 32  

қылмыс    құрамы    Қылмыстық    кодекс    бойынша    сыбайлас    жемқорлық 

ретінде  сарапталады.  Пара  алу  бойынша  қылмыстық  жауапкершілік 

қатаңдатылды. Мысалы, егер оған дейін лауазымды адамға пара алғаны үшін  

бостандығынан  айырудың  барынша  ұзақ  мерзімі  бес  жылды құраса, енді 

он  бес  жылға  дейін  көбейді.  Пара  алудағы  делдалдық  үшін  санкциялар 

күшейтілді – айыппұл орташа есеппен үш есеге (екі мыңға дейінгі  ең  төменгі  

есептік  көрсеткіш),  бас  бостандығынан  айыру  төрт жылдан  алты  жылға  

дейін  көбейді.  Аса ірі көлемде пара  алғаны  үшін қылмыстық жауапкершілік 

(екі мыңнан аса АЕК) көзделді, онда барынша көп  санкция  10  жылдан  15  

жылға    дейін.    Жаңа    Заң    заңсыз    жолмен  алынған  ақша  қаражатын  немесе 

өзге  де  мүлікті  заңдастыру,  кәсіпкерлік  қызметке  заңсыз  қатысу,  жалған 

кәсіпкерлік  және  басқа  да  қылмыстардың  сыбайлас  жемқорлық  құрамы 

секілді  қылмыстарды  айқындау  бойынша  құқық    қорғау    органдарының  

мүмкіндіктерін  айтарлықтай  кеңейтеді.  

Сонымен    қатар    Әкімшілік    құқық    бұзушылық    туралы    кодекске, 

«Сыбайлac    жемқорлыққа    қарсы    күрес    туралы»,    «Мемлекеттік    қызмет 

туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.  

Қоғамдық  қауіпсіздік  белгісі  бойынша  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

бұзушылықтарды  шектеу және оған құқықтық  салдарды  сәйкестендіру үшін  




69 

 

алғаш рет заңсыз материалдық  сыйақы  алғаны  үшін  лауазымды адамдардың  



әкімшілік  жауапкершілігі  енгізілді.  Сыбайлac  жемқорлық қылмыс  жасаған  

адамдардың  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдарда кез  келген  лауазымды  

атқаруына  өмір  бойына  тыйым  салу  енгізілді.  

Мемлекеттік қызметшілердің  сыбайлac  жемқорлық  құқық  бұзушылық 

жасауын  тоқтататын  факторлардың  бірі  сыбайлас  жемқорлық  құқық 

бұзушылық  жасаған немесе осы себептен  жұмыстан  шығарылған адамдарды  

мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  жұмысқа  қабылдағаны үшін жұмыстан 

шығару болып табылады.  

Заңда    ұйымдарды    басқару    функцияларын    орындайтын    бірқатар 

тұлғалар, мемлекеттің үлесі (кемінде 35 %, бұл кем дегенде 50 %) жарғылық 

капиталында ұлттық басқарушы холдингтерге,  ұлттық  холдингтерге, сондай-

ақ  олардың  еншілес  ұйымдарына  берілген    мемлекеттік  функцияларды 

орындауға  уәкілетті  тұлғаларға  теңестіру;  заңсыз  жолмен  алынған,  

ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық  жасаған ақшалай қаражатты 

немесе өзге де мүлікті заңдастырғаны үшін мүлікті міндетті тәркілеуді енгізу 

ұсынылады.  Бұдан  басқа,  Заңда  нормативтік  актілер  арасындағы 

коллизияларды, сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылықтар  жасауға  ықпал  

ететін  әкімшілік    заңнаманың    нормаларын    реттеуде    кемшіліктерді    жою 

мақсатында,  Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

өзгерістер    мен    толықтырулар    енгізу,    мемлекеттік    қызмет    туралы    және 

сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    күрес    туралы    заңнаманы    қолданыстағы 

заңнамаға сәйкестендіру ұсынылады.  



3.  Сыбайлac  жемқорлық  қылмыс  үшін  қатал  жауапкершіліктің 

қажеттілігі  Қазақстан  Республикасының  2010  жылдан  2020  жылға  дейінгі 

Құқықтық  саясат  тұжырымдамасында  көзделген.  «Мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметтер туралы» Заңның «Рұқсаттар және  хабарламалар  туралы»  Заңның  

қабылдануымен    мемлекеттік  көрсетілетін    қызметтердің    сапасын    арттыру  

үшін    жағдай    жасалды,  рұқсаттар  саны  мен  қызметтің  лицензияланатын 

түрлері күрт азайды. 

2014–2020    жылдарға    арналған    құқық    қорғау    жүйесін    одан    әрі 

жаңғыртудың  Мемлекеттік  бағдарламасында  құқықтық  тәртіп органдарына  

деген  сенім  деңгейін  көтеруге,  мінсіз  мінез-құлқымен  және  жоғары  

құзыреттілік  деңгейімен  ерекшеленетін  персоналды  қалыптастыруға 

бағытталған шаралар қарастырылған. 

Сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    заңнаманың    қалыптасуының  бесінші  

кезеңі  2014  жылғы  тамыздан  басталады.  2014  жылғы  тамызда «Қазақстан  

Республикасы    Мемлекеттік    қызмет    істері    және    сыбайлас  жемқорлыққа  

қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір  мәселелері  және Қазақстан  Республикасы  

Президентінің  кейбір  жарлықтарына өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  

туралы»  Жарлыққа  сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігі  құрылды,  оған  

мемлекеттік  қызмет    саласындағы    басшылықты,    мемлекеттік    қызметтер  

көрсету 


сапасын 

бағалау 


мен 

бақылауды, 

сондай-ақ 

Қазақстан 




70 

 

Республикасының заңнамасында  көзделген  шектерде  сыбайлас  жемқорлық  



қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын 

кесу, ашу  мен  тергеу  бойынша  салааралық  үйлестіруді  әрі  өзге  де  арнайы 

атқарушы    және    рұқсат    беруші    функцияларды    жүзеге    асыру      бойынша 

өкілеттіктер берілді.  

Осылайша,  Мемлекет  басшысы  мемлекеттік  қызмет  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  саласындағы  реттеуші  және  құқық қорғау  

функцияларын  біріктіретін  aрнайы  мемлекеттік  орган  құрды.  

Әкімшілік,    қылмыстық    заңнама    жетілдірілді,    сыбайлас    жемқорлық 

құқық  бұзушылықтың  aлдын  aлуға  бағытталған  превентивті-репрессивті 

шаралар енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты. 

Қазақстан  мемлекеті  дамуының  алдыңғы  кезеңдерінде  жалпы 

мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қaрсы іс-қимыл ісінде 

айқын оң үрдістер байқалды. 

Жоғарыда  аталған  Жарлықта  Қазақстан  Республикасының  2015-2025  

жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегиясы анықталды, 

онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы жылдарға 

арналған  негізгі  бағыттары,  сыбайлас  жемқорлық  үшін  алғышарттарды,  оны 

туғызатын  себептері  мен  жағдайларды  жоюға,  оның  деңгейін  қысқартуға 

ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет