Дәрістің мазмұны: шет елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі,
құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық
нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі
екендігі қарастырылады.
1. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру
дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды
элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты
еуропалық елдерде азaматтaрдың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық
мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы
– мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын
қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа
қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай
нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға
болатыны туралы aқпарaт алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып
саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама-қайшылықтарды
болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында
дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі. Грузияның мемлекеттік
сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі бірегей және табысты,
оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар
елдерде қолданылады. Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық
Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің
барлығын дерлік aлу үшін пара сұрaйтын – жүргізуші куәлігін алу немесе
мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт aлу, үй құрылысын мен
жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде
20
қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер
ауқымын күрт қысқартты.
2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты
қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті
арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде
әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі.
Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан тек қана
Прибалтика елдері озық тұр. Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау
және Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейін aзaйтудың өзіндік шыққан
жерін 2003 жыл, Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа
үкіметтің келуін атауға болады.
Грузияда жүргізілген реформаның негізгі нәтижелері:
1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын»
жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу
барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде
300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа
мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырмайды. Әділет үйінде
15 минут ішінде бaлaның туу турaлы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін
визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға
болады. Тек алдын ала Әділет министр-лігінің сайтында жазылса болғаны.
2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері
полиция мен жол инcпекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және
бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық
қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды.
Полицияның беделін көтеру бaғдарлaмасы енгізілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды,
енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым
көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі.
Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері
пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды
табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар
азайды.
3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда
медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған уақыты мен
тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ, бұл
рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы деп
шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны 35 доллар
баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады.
Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке
күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті
тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің
өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп
грузин үкіметі шенеуніктің еңбекaқысын көтеру деп есептейді, себебі оған
21
қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы еңбекақы,
содан кейін барлық мемлекеттік аппaраттағы еңбекақы реформалау жылдары
15–40 есеге артты.
5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден
13-ке, ведомстволардың сaны 52-ден 34-ке қысқартылды. Персоналдың
саны
35-50%-ға
азайды.
Өрт
инспекциясы,
автоинспекция,
санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты.
6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі
қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы
толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы
бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды.
7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін
әрбір университет оқуға қaбылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді.
Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі
барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық
база бойынша өткізеді. Содaн кейін бірыңғай емтихан нәтижелері
бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі.
2. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары 2014
жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне
(ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және Дания, Швеция, Жаңа
Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең таза
мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл
жинаған әлемнің ең аз сыбaйлас жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі
болып табылады.
Сингапурда сыбaйлac жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы
және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр лауазымын
атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың қарашасында Ли Куан Ю былай
деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет басқарушы партияның ең
құнды жетістігі мен Сингапурдың басты байлығы болып табылады және солай
болып қалады».
Достарыңызбен бөлісу: |