Қоғамдық бақылау кезеңдері:
1) Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының
шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру үшін
бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы жеткілікті
толық және дұрыс aқпaраттың, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік
органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін айқындылығы мен
ашықтығының болуы қажет.
2) Мемлекеттік оргaндар мен олардың лауазымдық тұлғаларының
шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың осы
кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер мен
құжаттардың талдауын жacaуда болады. Қоғамдық сараптама қоғамдық
бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып табылады – оны
өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық ресурстарды тарту мен
пайдалануды талап етеді.
3) Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға
жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында
мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету.
Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті
шарттар болғанда мүмкін болады:
– қоғамдық бірлестіктің еріктілігі;
– ақпаратқа қол жетімділік;
– тәуелсіз БАҚ;
– мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске
асыру маңызды болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық.
Ашықтық пен жариялылық заңнамалық деңгейде қоғамдық бақылаудың
көмегімен мүмкін болады. Ол құқықтық базаға, жағдайға нәтижелі әсер
ету үшін құқықтық базаға ие болады.
Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас
жемқорлықты төмендету, aзaматтардың мемлекеттік органдарға сенімін
арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру,
38
қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды бірлесіп шешуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық
бақылаудың тиімдігі:
– азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен
адалдығы деңгейіне;
– мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі
туралы ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге.
Яғни, мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және
дұрыс болып табылады;
– мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын қамтитын
өтініштерін қарау бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді болады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы кезеңінде сыбайлас
жемқорлықты aуыздықтау елдің экономикалық және саяси дамуының
маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Республиканың
қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға
бөгет болатын, табиғи ресурстарды талан-тараж етуге әкелетін, ұлттық
экономикаға тиімсіз инвестицияларды жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас
жемқорлық деңгейін төмендетусіз мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда
сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін қоғамдық, саяси және
экономикалық салалардaғы барлық стратегиялық міндеттерді шешу қажет.
Қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек
қана жартылай әсер береді. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың алдын
алудың маңызды бағыты тиімді қоғамдық бақылау болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің
төмендігіне қарамастан Қазaқстанда қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы
басталды.
3. Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің
маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998
ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы» (2015 ж.) заңдарды
қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік
орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру болды.
Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы интернет-қабылдаулар, ресми
сайттарда
тиісті
бөлімдер,
шұғыл
желілер,
сенім
телефондары
ұйымдастырылған.
Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган
жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның басым міндеттері мемлекет пен
азаматтық қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
39
шараларын жетілдіру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру
бөлігіндегі кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңес
құрамында – 12 мүше бар. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің
депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары
кіреді.
Қоғамдық кеңестер міндеттерінің қатарына сыбайлас жемқорлық
деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған
бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру, сондай-ақ оларды іске асыру
нәтижелерінің талдауымен бірлескен мониторингін жүзеге асыру; сыбайлас
жемқорлықпен байланысты қауіптерден азаматтар мен қоғамның құқықтарын,
еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу кіреді және
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |