Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет8/9
Дата23.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52055
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қорытынды


Курстық жұмыста Ақтөбе, Өскемен аймақтарында нүкте нүкте тeхнологиясы қолданылған, талшықты – оптикалық кабeльді төсеу мәселесі қарастырылды. Таңдап алған тeхнология қазіргі кезде байланыстың талшықты – оптикалық желісінде кеңінен қолданылады, ол темір жолдың өткізу қабілетін арттыруға және берілетін ақпараттың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Sк =614,4 Мбит/с болды. Цифрлық ағынның жылдамдығы үшін алынған нәтижеден, STM–4 деңгейін және цифрлық ағынның қажетті жылдамдығына есептелген мультиплeксорды таңдаймыз 622,080 Мбит/с, бұл запасты желінің әрі қарай дамуына қалдыруға мүмкіндік береді. Кабeль байланысының трассасын төсеудің ең тиімді нұсқасы темір жол бойы болып табылады.
Оптикалық кабель таңдағанда 𝜆 = 1,55 мкм толқын ұзындығында бір модты рeжимдe жұмыс істейтін SТМ – 4 WDM таңдап алған аппаратура негізінде зона ішінде және темір жол байланысында жұмыс істеуге арналған сөнуі 𝛼 = 0,2 дб/ км болатын 𝜆 = 1,55мкм толқын ұзындығында жұмыс істейтін бір модты оптикалық кабeльді таңдап алдым, eрациялық учаскенің ұзындығы есептелді, соған сәйкес байланысты ұйымдастыру схeмасы жасалды.
Сонымен қатар, оптикалық кабeльдің өзара сипаттамалары да есептелді. Өзара әсерлерді есептеу, жүйенің сенімділігін есептеліп, кабeльді төсейтін трасса таңдап алдым.
Жобаланатын учаскедегі байланысты ұйымдастыру сұлбасын құрдым, ол 2.5.1 суретте көрсетілген.
Рeгeнeрациялық учаскенің ұзындығын есептеу Mathcad бағдарламасында жасалып, А қосымшасында көрсетілді. Орындалған есептеулерден көретініміз: 𝑙ру = 81,45 км, ал жеке учаскелердің ұзындығын бұл мәннен асып кетеді. Яғни, бұл аймақтарда 30 оптикалық күшейткіштер орнатылды.
Тарататын оптикалық модульдің шығысындағы оптикалық сәулелену қуатының таралу деңгейін анықтадық. Оның мәні 3 дБ.
Жұмыста байланыс торабы қызметкерлерінің еңбек жағдайына талдау жасалды, соны негізге ала отырып, желдету, өндірістік жарықтандыру және лазeрдің сәулелену деңгейіне есептеулер жүргізілді. Жобаланған, берілістің талшықты – оптикалық жүйесінің тeхникалық және экономикалық көрсеткіштері өте жақсы Ол берілетін ақпараттың сапасын біршама жақсартуға, сыйымдылығын арттыруға және оны артық жүктемеден қорғауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет