Байланысты: 1198 mitkhan A RETk18-2 Kursty 1179 zh 1201 mys
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста оптикалық кабельді қолдана отырып, Ақтөбе – Өскемен магистралды учаскесі жобаланған.
Жаңа NGN ұрпақ желілері бірте-бірте байланыс торларын құру базалық технологиясына айналып, барлық телекоммуникациялық инфражүйесіне жол салып жатыр. Тор қажетті аппараттың қолдауымен бірге, пакетті коммутациямен цифрлық мәліметтен дауыс телефониясы, телевизияға және т.б. дейін конвергентті ортасы мультимедиялық трафигінің бірыңғай концепциясын жүзеге асыра алады.
ҒТП негізгі бағытының бірі - оптикалық - талшықтық жүйелердің жан - жақты дамуы болып келеді. Олар едәуір қашықтықтарға үлкен көлемді ақпаратты өте жоғары жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде үлкен ақпаратты сыйымдылығы бар, регенерация бөліктерінің ұзындығы 200километрге жететін талшықты- оптикалық байланыс жолдары бар. Талшықты – оптикалық телекоммуникациялық технологияның осыншама қарқынды дамуы ақпаратты тарату теориясы, физика және талшықты – оптикалық байланыс жолдары (ТОБЖ) элементтерін шығару технологиясының дамуынсыз бола алмайды.
Қазіргі ТОБЖ-да ақпаратты тарату жылдамдығы мен көлемінің қарқынды өсуі регенерация аймақтарының ұзындығымен бір уақытта өсуі байланыс саласы мен ТОБЖ-ның энергетикалық потенциялына әсер ететін рэлеевтік шашырау әсерінен болатын талшықтағы шығындар, хроматикалық дисперсия, локальді біртексіздіктердегі шығындар секілді факторлармен қатар поляризациялық модалық дисперсия, поляризациялық модалық шығындар және орташа қуаты 10мВт-тан артық болатын оптикалық сәулеленуді талшық бойымен тарату кезінде байқалатын сызықсыз оптикалық құбылыстарды да ескеру қажеттілігіне әкеліп соғады. Жоғарыдағы құбылыстарды ескеру қажетттілігіне байланысты бұл параметрлерді өлшеудің арнайы әдістері мен құралдары бар.
1 Курстық жұмыс тапсырмасы Курстық жұмысты орындай отырып келесі сұрақтарды меңгерілуі тиіс:
1. Кабельдік байланыс желісін жобалау жөніндегі жалпы ережелер.
2. Берілген елді мекендердің орналасқан жерін ескере отырып, желілік топологияны таңдау.
3. ТОБЖ трассасын таңдау.
4. Негізгі жобалық шешімдер.
4.1 Ағындардың топтық жылдамдығын есептеу негізінде иерархия сатысы мен мультиплексор түрін таңдау.
4.2 Оптикалық кабельдің түрі мен дизайнын таңдау.
5. Байланысты ұйымдастыру схемасын таңдау.
6. Техникалық есептеу.
7. Таңдалған жолды ескере отырып, ТОБЖ құрылысы құру.
Қажетті сызбалар тізімі.
1. Жобаланған ТОБЖ байланысын ұйымдастыру схемасы.
2. Кабельдік байланыс желісі трассасының орналасуының жалпы (ситуациялық) жоспары.
3. Өзен арқылы өтетін кабельдік өткелдің орналасуы мен профилінің жоспары (егер учаскеде болса)
Жобаны орындау тапсырмасы Нұсқаулықтың 1.1-кестесінде көрсетілген. Тапсырма нұсқасын анықтау үшін бірінші бағанда (1) студенттік билет нөмірінің соңғы сандары, екіншісінде (2) - ТОБЖ трассасы, үшіншісінде (3) автомобиль жолы бойымен, теміржол бойымен - теміржол бойымен, төртінші (4) сандық ағындар саны көрсетілген. Трасса ретінде "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком"АҚ операторларының магистральдық учаскелерін таңдау ұсынылады.
1.1 кесте –Тапсырма нұсқасы