Коммерциялық емес акционерлік



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата10.05.2022
өлшемі0,93 Mb.
#33890
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
11 

Дәріс 

№11. 

Интернетте 

пайдаланушыларды 

идентификациялау.  Cookies  механизмі.  Cookies-ті  қолдану.  Cookies 

негізіндегі технологиялардың кемшіліктері.  

 

Дәрістің  мақсаты:  Cookies  механизмін  қолдануды  үйрету  және 

механизмде орын алатын проблемаларды шешу жолдарымен танысу.   



Дәрістің 

мазмұны: 

интернетте 

пайдаланушыларды 

идентификациялау.  Cookies  механизмі.  Cookies-ті  қолдану.  Cookies 

негізіндегі технологиялардың кемшіліктері. 

 



48 

 

Cookies  –  кішкене  мәтіндік  жазбалар,  олар  пайдаланушының 

компьютерінде сервердің сұранысы бойынша браузермен сақталынады. Бұл 

мәтіндік  ақпарат  пайдаланушы  компьютерінде  жойылғанша  сақталынады. 

Пайдаланушының  web-серверге  қатынасу  тарихы  сақталған  сookies-ті 

көптеген  серверлер  жібереді.  Бұл  жағдай  сайттарға  қатынасушыларды 

нақты  бақылай  отырып,  сайттарды  пайдаланушыларға  және  олардың 

иелеріне  қосымша  сервистер  ұсынуға  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  сайт 

иелері  өздерінің  сайтын  неше  адам  қарағанын,  сайтқа  бірінші  болып  кім 

кіргенін,  кім  қайталап  кіргенін  білу  өте  маңызды.  Бұл  мәселе  Cookies 

технологиясының көмегімен оңай шешіледі.  

Cookies  технологиясын  пайдалану  пайдаланушыны  есте  сақтауға 

мүмкіндік  береді,  сookies  файлдарынан  оның  атын,  дербес  келтірулерін 

және  т.б.  оқу  арқылы  сookies-тің  уақыттық  және  тұрақты  файлдарын 

ажыратады. 

Cookies-тің  жалпы  санына  (500  артық  емес)  және  бір  сервер  үшін 

сақталған cookies-тердің максималды санына (20-ға жуық) шектеулер бар. 

Cookies-тердің шамасы аз және мәліметтердің үлкен  көлемін сыйғыза 

алмайды. Әдетте, осы немесе басқа келуші кірген сайттар, оған көрсетілген 

жарнамалар,  ол  тапсырыс  берген  тауарлар  тізімі  және  т.б.  туралы 

ақпараттар  Web-серверде  сақталынады,  ал  cookies  осы  ақпараттарды  іздеу 

үшін  пайдаланылады.  Cookies  технологиясы  жекелеген  дербес  беттерді 

жасауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  егер  сіз  өз  cookies-ті  қандай  да  ауа-

райын  көрсететін  сайтқа  тіркелу  кезінде  берсеңіз,  онда  ол  арнайы  сіздің 

аймағыңыз  үшін  ауа-райын  хабарлап  тұрады.  Электронды  коммерция 

сайттары cookies-ті сатып алушылар кәрзеңкесін жасау үшін қолданылады. 

Сіздің кәрзеңкеңізге қосып жатқан барлық өнімдер туралы ақпараттар Web-

сервердің мәліметтер базасында сіздің ID–іңізбен бірге сақталады. Егер сіз 

шотыңызды алғыңыз  келсе, серверге сіз тапсырыс берген барлық тауарлар 

мәлім,  сондықтан  оған  мәліметтер  базасынан  олардың  құны  туралы 

мәліметтер  алу  және  сізге  шотты  беру  қиын  емес.  Басқа  компьютерден 

Web-сайттарға  кіру  барысында  олар  компьютерге  қажет  емес  cookies-терді 

енгізуі  мүмкін  (компьютер  иесінің  емес,  яғни  қонақтың  келтірулерімен 

ассоциацияланады). 

Осындай  жағдайда  cookies-ті  орналастыруға  тыйым  салып  немесе 

жұмыстың аяқталуымен оны жоюға болады. 

Cookies-ті  жою  сіздің  компьютеріңіздің  жұмыс  қабілеттілігі  жағынан 

тиімді, бірақ есте сақтаған жөн, егер сіз жиі кіретін сайтқа тиісті cookies-ті 

жойсаңыз,  онда  бұл  cookies-термен  бірге  сіздің  келтірулеріңіз  жойылуы 

мүмкін. 

Cookies-те қандай проблемалар пайда болады

Егер қандай да бір сайтқа бір ДК-ді пайдалана отырып бірнеше адам 

қатысса,  онда  келуші  Web-сервер  әртүрлі  келушілерді  бір  адам  ретінде 

қабылдайды және олардың дербес келтірулерін шатастырады. 




49 

 

Егер  сіз  интернетке  кіру  үшін  әртүрлі  компьютерді  пайдалансаңыз 



(біреуі  үйде,  екіншісі  офисте)  онда  әрбір  жағдайда  барлық  3  компьютерде 

әртүрлі  cookies-файлдар  болады.  Сонымен  қатар  cookies-тер  өшіріледі 

(мысалы: жүйені қайта орнату барысында). Сол себептен егер сіз cookies-ті 

жойсаңыз  және  алдында  кірген  сайтыңызға  қатыссаңыз,  ол  сізді  жаңа 

пайдаланушы ретінде қабылдайды. 

Бұл  қиыншылықтардың  барлығын  сайтта  тіркелу  арқылы  айналып 

өтуге  болады.  Бұл  жағдайда  сервер  сіздің  қай  компьютерден  кіріп 

отырғаныңызға  тәуелсіз  сіздің  логиніңізбен,  парольмен  бірге  cookies 

сақталады  және  сізге  дұрыс  ақпарат  ұсынылады.  Cookies  мәтіндік  түрде 

сақталғандықтан,  пайдаланушы  оны  жоя  алады  немесе  өзгерістер  енгізе 

алады,  Web-қолданбаны  құрастырушылар  әдетте  cookies-те  тек  маңызды 

мәліметтерді  сақтамайды  және  Web-сервердің  жұмысын  ол  пайдаланушы 

дискіне орналастыруға тыйым салған жағдайда да жұмыс жасайтындай етіп 

ұйымдастырады. Дискіде cookies-тің болуы пайдаланушы қандай сайттарға 

кіргенін  талдауға,  кейбір  жағдайда  пайдаланушы  нақты  сайтқа  хабарлаған 

мәліметтерді де талдауға мүмкіндік береді. 



Сookie 

көмегімен 

қандай 

жұмыстар 

атқаруға 

болады? 

Сookies өздерінше ешқандай жұмыс атқара алмайды, бұл тек қана мәтіндік 

ақпарат.  Дегенмен,  сервер  cookies  ақпаратын  оқиды,  сол  ақпаратты 

сараптау  негізінде  басқа  да  әрекеттерді  орындайды.  Мысалы, 

авторизациялық қатынас кезінде WWW  арқылы cookies-те сессия кезіндегі 

login және password  қолданушыға әрбір документке сұраныс кезінде енгізе 

бермеуге мүмкіндік береді, ол парольмен қорғалады.  

Интернеттегі 

жарнамалық 

бизнесте 

cookie 

механизмі 

кең 

қолданылады. 



Cookie форматы мен синтаксисі. 

Cookie  HTTP  бастапқы  бетінің  бір  бөлігі.  Өрістің  толық  сипаттамасы  Set-

Cookie HTTP бастапқы бет: 

 

 



NAME=VALUE 

–  үтір,  бос  орынды,  жолдарды  көшіруді 

болдырмайтын символдардың жолы. NAME-cookie аты, VALUE - мәні. Қос 

нүкте, үтір, бос орын қолдануға болмайды.  



Cookie 

өрісі 

үшін 

HTTP 

бастпақы 

беттің 

синтаксисі. 

HTTP  серверден  құжат  сұралған  жағдайда,  браузер  өзінің  cookie  дің 

сервердің доменіне және басқа да ақпаратқа сәйкес болуын тексереді. Егер 

барлық  шарттарды  қанағаттандыратын  cookie  мәні  табылатын  болса, 

броузер серверге аты және мәні түрінде жібереді: 

 

 




50 

 

Біруақытта  cookie-ге  бірнеше  мән  беруге  болады.  Егер,  cookie  өз 



браузерінде  болатын  NAME,  domain  және  path  параметрлерімен  сәйкес 

келетін  болса,  жаңа  мәнді  қабылдаған  болса,  онда  ескі  мәні  жаңаға 

ауысады. Басқа жағдайларда cookie жаңа мәндері ескі мәндеріне қосылады.  

Құжаттарды  кэштеу  кезінде,  мысалы,  proxy-сервермен,  HTTP 

бастапқы беттің Set-cookie өрісі ешқашан кэштелмейді.  

Егер  proxy-сервер  жауапты  қабылдайтын  болса,  ол  жауап  бастапқы 

бетте  Set-cookie  өрісінде  болады.  Сәйкесінше,  егер  клиенттік  сұраныс 

Cookie бастапқы бетінде болса, онда ол серверге міндетті түрде жетуі керек, 

тіпті қатал түрде If-modified-since параметрі орнатылған болса да.  

 

Бақылау сұрақтары:  

1) 

Интернетте сookies терминінің мәні қандай? 



2) 

Сooкies-ті пайдалану арқылы қандай мәселелер шешіледі? 

3) 

Сookies  технологиясын  пайдаланудың  қандай  ерекшеліктері 



бар? 

4) 


Сookies-те жұмыс жасау механизмі қандай? 


51 

 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  



КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ 

Ақпараттық жүйелер кафедрасы 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет