Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Алгоритмдік пәндер кафедрасы
№1 Зертханалық жұмыс
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Тақырып: PYTHON ТІЛІНДЕГІ АЙНЫМАЛЫЛАР МЕН ҚАРАПАЙЫМ ДЕРЕКТЕР
Мамандығы: Ақпараттық қауіпсіздік
Орындаған: Жасұзақ Нұржамал Тобы: СИБк 22-8
Тексерген: Мереева З
__________ ___________ «_____» _________2023__ж.
(бағасы) (қолы)
Жұмыстың мақсаты: Программа құрастыруға қажетті құралдармен, олардың мүмкіндіктерімен және жұмыс істеу тәртіптерімен танысу.
Әдістемелік материалдар мен жаттығулар. Компьютердің көмегімен берілген есепті шешу үшін арнайы программалық жабдықтың болуы қажет екені белгілі. Программа құрастыру үшін көпшілік жағдайда алгоритмдік тіл қолданылады. Әрбір алгоритмдік тіл үшін оның программалық жабдықтары компьютерде болуы тиіс. Сондықтан компьютерде жұмыс істеу үшін алдымен алгоритмдік тілді таңдап, осыдан кейін оның программалық жабдығын өзіңіздің компьютеріңізге енгізуіңіз керек.
Бұл пәнді оқытуда қазіргі кезде кең тараған әрі өзінің программа құрастыруға ыңғайлы екекндігін көрсеткен Python тілі ұсынылған. Осыған байланысты программа құрастыру мен компьютерде есептеу жұмыстарын орындауға машықтанудан бұрын, алдымен қарапайым амалдарды орындауды үйренген жөн.
Python тілінде құрастырылған программа интерпретатордың көмегімен құрастырылып, орындау мүмкіндігі бар. Интерпретатордың жұмыс істеу тәртібімен танысу үшін келесі амалдарды орындаңыз:
1 . Интерпретаторды шақыру үшін python командасын қолданыңыз. Осыдан кейін компьютердің экранында келесі шақыру белгісі >>> және келесі хабарлама пайда болады:
Python 3.10.0 (tags/v3.10.0:b494f59, Oct 4 2021, 19:00:18) [MSC v.1929 64 bit (AMD64)] on win32
Type "help", "copyright", "credits" or "license()" for more information.
Ескерту. Тілдің версиясына байланысты хабарлама басқаша болуы мүмкін.
Осыдан кейін әртүрлі амалдарды орындауға болады. Алдымен келесі қарапайым амалдарды орындап, интерпретатордың жұмысымен алғашқы танысуды бастаңыз.
2 . Алғашқы амалдар ретінде қарапайым арифметикалық амалдарды орындап, интерпретатордың жұмысын тексеруге болады.
Мысалы келесі есептеуді қарастырып көріңіз:
>>> 5+8
13
Немесе мынадай “Men AUES studentimin” деген мәтінді енгізіңіз:
>>> "Men AUES studentimin"
Сонымен, интерпретаторды калькулятор ретінде де пайдалануға болады екен.
3 . Аттарды таңдау және айнымалыларды пайдалану. Программалауда айнымалыларды пайдаланғанда, оларға ат бергенде белгілі бір ережелерді сақтау қажет. Себебі кез келген ереженің бұзылуы қатеге келтіреді. Мысалы, жоғарыда келтірілген мәтінді тырнақшасыз енгізіп көріңіз.
Men AUES studentimin
SyntaxError: invalid syntax. Perhaps you forgot a comma?
Интерпретатор бірден синтаксистік қате жіберілгені туралы экранға хабарлама шығарды. Басқа түрлі қателер де жиі кездеседі.
Сондықтан келесі ережелерді сақтау қажет:
- Айнымалылардың аттары тек әріптерден, цифрлардан және астын сызу белгісінен тұрады. Олардың бірінші белгісі әріп немесе астын сызу белгісі болуы тиіс.
- Айнымалылардың аттарында ашық жер (пробел) болмауы тиіс.
- Алгоритмдік тілдің арнайы функцияларының аттары мен кілттік сөздерін айнымалы аты ретінде пайдалануға болмайды. Ол функциялар туралы кейінірек мәліметтер беріледі.
- Айнымалы аты қысқа әрі түсінікті болуы тиіс.
- Клавиатурадағы ноль 0 мен i әріпін пайдаланғанда мұқият болу керек, себебі оларды бірмен 1 және O әріпімен шатастырып алу мүмкіндігі бар.
Тағы бір мысал қарастырылсын:
chabar ="ura, emtichanda 100% aldym!"
print(chabar)
ura, emtichanda 100% aldym!
Енді осы фрагментте арнайы қате жіберіп көрейік: chabar "ura, emtichanda 100% aldym! SyntaxError: unterminated string literal (detected at line 1)
Экрандағы өздеріңіз енгізген жазуларды алып тастаңыз. Келесі қарапайым программа енгізу үшін керек болады.
4. Жолдар туралы мәліметтер. Жол дегеніміз таңбалардың тізбегі. Python тілінде жол деп тырнақшаға алынған таңбалардың тізбегін атайды. Мысалы, “ Myna jol – jachsy jol” немесе ' Myna jol – jachsy jol'.
Жиі қолданылатын операциялардың бірі – таңбалардың клавиатурадағы регистрін ауыстыру. Келесі фрагмент қарастырылсын:
# name.py
name="machmut"
print(name.title())
Machmut
Мұндағы title() әдісі сөздің бірінші таңбасын жоғарғы регистрге ауыстырады. Біз machmut деп жазған сөзді Machmut деген сөзге ауыстырды. Сіз print() функциясының не үшін қолданылғанын түсінген шығарсыз? Ол деректерді экранға шығару үшін қолданылған.
5 . Жолдағы айнымалылардың мәндерін кейбір жағдайларда пайдалану керек болады. Мысалы, адамның аты мен фамилиясы әртүрлі айнымалыда сақталынған болсын. Оларды біріктіру керек болсын.
first_name = "Bolat"
last_name = "Murat"
full_name = f"{first_name} {last_name}"
print(full_name)
Bolat Murat
f-жол туралы түсінік. Мұндағы f әріпі “format” деген сөздің бірінші әріпі. Бұл амал айнымалылардың аттарының орнына олардың мәндерін енгізеді. f-жолды пайдалану арқылы әртүрлі күрделі хабарламаларды құрастыруға болады. Айнымалыларда сақталынған ақпараттан хабарлама құрастырылса, сонымен бірге, күрделі хабарламаны айнымалы ретінде сақтауға болады.
Регистрмен жұмыс істеуде кездесетін пайдалы әдістің бірі – жолдағы барлық таңбаларды төменгі регистрден жоғарыға, жоғарғы регистрден төменгіге ауыстыру.
Мысалы:
name = “Bolat Murat”
print (name.upper())
print (name.lower())
Осы амалдардың нәтижесі келесі түрде шығарылады:
BOLAT MURAT
bolat murat
6. Синтаксистік қателер туралы мәліметтерді білу өте маңызды. Қандай тәжірибелі программист болмасын, ол да қате жіберіп отырады екен. Себебі программаны құрастыру процесі адамнан өте мұқият болуды талап етеді. Кез келген таңбаның жетіспей қалуы немесе артық қойылуы, бір таңбаның орнына басқа таңба жазылып кетуі сияқты қателер жиі кездеседі. Бір ғана қате жіберілген болса, онда программа жұмыс істемейді немесе қате нәтиже береді. Сондықтан қателерді жөндеу программаны қалыптау жұмысындағы аса маңызды мәселе. Осыған көбірек көңіл бөлінуі тиіс.
7. Константалар. Кейде белгілі бір шаманың мәні программаның орындалу процесінде тұрақты мәнін өзгертпейтін болады. Ондай шаманы константа деп атайды. Оған ат беріледі, оның аты бас әріптермен жазылады:
Мысалы: MAX_SALMAH = 300
8 Комментарийлер. Программадағы орындалып жатқан амалдарды түсінуге жеңіл болуы үшін түсініктемелер (комментарийлер) қолданған ыңғайлы болады. Комментарийді белгілеу үшін келесі таңба қолданылады #.
Мысалы:
: 𝐜𝐨𝐦𝐦𝐞𝐧𝐭. 𝐩𝐲
# Say hello to everyone.
𝑝𝑟𝑖𝑛𝑡("Salem student!)
Бұл жерде бірінші жол еске алынбайды, тырнақшаның ішіндегі ақпарат келесі түрде экранға шығарылады:
Salem student!
Қорытынды. Зертханалық жұмыста алгоритмдеу мен программа құрастыру туралы алғашқы мәліметтер берілді. Программалауда жиі қолданылатын жолдар туралы мәліметтер мен оларға қолданылатын амалдардың мысалдары келтірілді. Программалауда айнымалы шамалардың маңыздылығы ескеріліп, оларды құрастырудың ережелері берілді. Программа жазуда жиі жіберілетін қателер туралы және олардан сақтану туралы кейбір ұсыныстар жасалынды.
Өзбетімен орындауға арналған тапсырмалар:
1. Жоғарыда келтірілген барлық қарапайым программаларды компьютерде орындап, тексеріп көріңіз. Оларды орындау кезінде қате жіберсеңіз, онда жөндеңіз, қалай жөндегеніңізді сипаттаңыз.
2. Келесі фрагменттерді орындаңыз:
𝐬𝐚𝐥𝐞𝐦_𝐝𝐨𝐬. 𝐩𝐲
print(“salem dostar!”)
2.1 Осы фрагментке өзгеріс енгізіп, орындаңыз:
𝐬𝐚𝐥𝐞𝐦_𝐝𝐨𝐬. 𝐩𝐲
amandasu = (“salem dostar!”)
print(“amandasu ”)
2.2 Келесі фрагментті орындап, жіберілген қатені табыңыз:
𝐬𝐚𝐥𝐞𝐦_𝐝𝐨𝐬. 𝐩𝐲
amandasu = (“salem dostar!”)
print(“amadasu ”)
3. Келесі мәтінді "Men birinshi kurs studentimin" айнымалыға беріп, экранға шығарыңыз.
4. Келесі фрагментті орындаңыз:
𝐭𝐞𝐤_𝐚𝐭𝐲. 𝐩𝐲
first_name = "murat"
last−name = "saken"
tek_aty = f"{first_name } {last−name}
print{tek_aty }
5. Келесі тапсырмалардың әрқайсысының программасын құрастырып, файлда сақтаңыз:
5.1 Қарапайым хабарлама: мәтінді бір айнымалы түрінде сақтап, экранға шығарыңыз.
5.2 Осы құрастырылған программаға өзгеріс енгізіңіз; ондағы мәтінді басқа мәтінге ауыстырыңыз. 5.3 Өзіңіздің фамилияңыз, атыңыз туған күніңіз, туған жылыңыз туралы мәліметтер әртүрлі айнымалыларда сақталынған болсын. Осы мәліметтердің барлығын бір айнымалыда сақталатындай жасау керек.
6. Python – ды өзіңіздің компьютеріңізге қалай және қандай версиясын орнаттыңыз? Сол туралы қысқаша мәлімет дайындаңыз.
7. Төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз
Бақылау сұрақтары:
1. Python алгоритмдік тілдің қай түріне жатады?
2. Интерпретатор дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
3. Python тілінде құрастырылған программа сақталынатын файлдың атының кеңейтілуі қандай болады?
4. Айнымалыларды белгілеу үшін қандай таңбалар қолданылады?
5. Жолдың құрамында қандай ақпарат болады?
6. title () әдісі не үшін қолданылады?
7. Интерпретаторды шақыру үшін қандай команда қолданылады?
8. Синтаксистік қателер болмауы үшін қандай амалдар қолдануға болады?
Жұмыстың орындалу барысы
Біз бұл зертханалық жұмыста PYTHON бағдарламасы арқылы компьютердің көмегімен программа құрастыру мен компьютерде есептер шығарудың бастапқы кезеңін үйрендік.
PYTHON бағдарламасының мүмкіндіктері көп және бұл бағдарламаның ең жақсы тұсы біздің жасаған жұмысымыздың қай жерінен қате кеткенін көрсетіп береді.
Бақылау жауаптары:
1. Python алгоритмдік тілдің Интерпретаторды түріне жатады
2. Интерпретатор - (Interpreter (лат. Interpretatio) — түсіндіру, түсінікті тілге аудару) — деңгейі жоғары программалау тілінде (алгоритмдік тілде) жазылған программаның алғашқы нұсқасын машина тіліне аударып орындай алатын арнайы программа.
3. .py: Бұл әдетте сіз жазған бастапқы бастапқы код.
.pyc: Бұл құрастырылған байт-код. Модульді импорттасаңыз, python файлды құрастырады *.pyc, импорттауды жеңілдету үшін (және жылдамырақ) байт кодты қамтиды.
.pyo: Бұл файл *.pyc, оңтайландыру кезінде жасалған (-O).
.pyd: Бұл негізінен файл dll үшін Windows.
4. Айнымалыларды белгілеу үшін $, #, @. Таңбалары қолданылады
5. Жолдар бір немесе қос тырнақшаға алынуы мүмкін, жолдар C стиліндегі esc тізбектерін пайдалана алады, көп жолды тұрақтылар үш тырнақшада көрсетіледі.
6. title() әдісі әрбір сөздің бірінші әрпі бас әріппен бас әріппен жазылған жолды қайтарады.
7. Интерпретаторды шақыру үшін қандай команда қолданылады?
Интерпретаторды шақыру үшін python командасын қолданыңыз. Осыдан кейін
компьютердің экранында келесі шақыру белгісі >>> және келесі хабарлама пайда болады:
Python 3.10.0 (tags/v3.10.0:b494f59, Oct 4 2021, 19:00:18) [MSC v.1929 64 bit (AMD64)]
on win32
Type "help", "copyright", "credits" or "license()" for more information.
8. Келесі ережелерді сақтау қажет: - Айнымалылардың аттары тек әріптерден, цифрлардан және астын сызу белгісінен тұрады. Олардың бірінші белгісі әріп немесе астын сызу белгісі болуы тиіс. - Айнымалылардың аттарында ашық жер (пробел) болмауы тиіс. - Алгоритмдік тілдің арнайы функцияларының аттары мен кілттік сөздерін айнымалы аты ретінде пайдалануға болмайды. Ол функциялар туралы кейінірек мәліметтер беріледі. - Айнымалы аты қысқа әрі түсінікті болуы тиіс. - Клавиатурадағы ноль 0 мен i әріпін пайдаланғанда мұқият болу керек, себебі оларды бірмен 1 және O әріпімен шатастырып алу мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |