Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
«Ғ.Ж.Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ»
«Электр энергетикасы және электротехника институты»
«Электр станциялары, тораптары мен жүйелері » кафедрасы
№1 лабараторлық жұмыс бойынша
Тақырыбы: Оқшауламалардағы гирлянда элементтері бойымен кернеудің таралуы
Мамандығы: Электроэнергетика
Орындаған: Кәлімов Ұлан Тобы : Ээк-20-3
Тексерген: Курпенов Б.
______________ (____)____2023г.
Алматы 2023
1 зертханалық жұмыс. Оқшауламалардағы гирлянда элементтері бойымен кернеудің таралуы
Жұмыстың мақсаты: оқшауламалардағы гирлянда элементтері бойымен кернеудің таралуын оқып үйрену, оқшауламалар гирляндалары бойындағы кернеуді түзеу әдістерімен танысу.
Зертханалық стендке сипаттама
Зертханалық стендтің электрлік сұлбасы 1-суретте көрсетілген. Қондырғы кернеу реттегіштен, жоғары кернеулі трансформатордан, кенотрондық қосымшадан, өлшеуіш шарлы разрядтауыштан, сыйымдылықты кернеу бөлгіштен, осциллографтан, қорғаныс кедергісінен, МУТ-7 өлшеуіш құралынан (кернеу өлшеуіш) және сынақ жүргізілетін объектісінен тұрады. Қондырғы блоктаумен, жерлендіру (заземление) қарнағымен және электр тогымен зақымдалудан қорғайтын құралдармен жабдықталған.
1 сурет – Электрлік сұлба
Зертханалық қондырғыға кернеудің берілуі Б-117 дәрісханасында орналасқан басқару қалқаны арқылы жүзеге асырылады.
Есік жабық кезінде блоктау (Б) іске қосылады да, жасыл сигнал шамы жанады. Қондырғыны кернеу қатысында іске қосу автоматты ажыратқыш (АА) арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде қызыл шам жанады. Кернеу реттегіш (КР) жоғары кернеулі тансформатордың (ЖТ) бірінші реттік тізбегіндегі кернеуді реттеу үшін қызмет етеді.
Вольтметр (V) бірінші реттік кернеудің әрекеттегі мәнін тіркеуге арналған. Жоғары кернеулі трансформатор өнеркәсіптік жиілікті жоғары кернеуді алуда қызмет етеді. Жоғары кернеуді түзеу қыздыру трансформаторынан (ҚТ), кенотроннан (К) тұратын кенотрондық қосымша арқылы жүзеге асырылады. Қорғаныстық кедергі бифилярлы орауышы (500 кОм) бар сым кедергіден тұрады және ол қысқа тұйықталу тогын шектеуге арналған.
Кернеуді сыйымдылықпен бөлгіш С1-19Б осциллографы мен МУТ-7 өлшегіш құралы арқылы жоғары кернеуді тіркеп отырады. Шарлы өлшеуіш разрядтауыш тікелей жоғары кернеуді өлшеуге арналған.
МУТ-7 жоғары кернеуін өлшеу үшін 2-суретте келтірілген градуирлеу қисығынан пайдалану қажет.
2 сурет – Градуирлеу қисығы
1 к е с т е – Қалыпты жағдайдағы кернеудің кестелік мәні (Р=760 мм, Т=293 К)
S, см
|
1
|
1,2
|
1,5
|
1,6
|
2,0
|
2,4
|
2,8
|
3,0
|
4,0
|
5,0
|
6,0
|
U, кВ
|
31,7
|
37,4
|
45,5
|
48,1
|
59,0
|
70,0
|
81,0
|
86,0
|
112
|
137
|
161
|
Кернеудің мәнін анықтау үшін интерполяция формулаларын қолдану қажет
Ауаның салыстырмалы тығыздығы
Элементтегі сымнан келетін кернеуді мына формула бойынша есептейді:
мұнда U0 – гирляндаға берілетін кернеу;
C1 – жерге паразиттік сыйымдылық (5пФ);
C2 – сымға паразиттік сыйымдылық (0,5пФ);
K – оқшауламаның өзіндік сыйымдылығы (40пФ);
n – гирляндадағы элементтер саны.
k элементіндегі кернеудің салыстырмалы мәні былай анықталады:
Бірқалыпсыздық коэффициенті мынаған тең:
мұнда Uмакс – гирляндадағы максимальды жүктелген элемент кернеуі;
Uср=U0/n – гирлянда элементіндегі кернеу құлауының орташа мәні
Есептелуі :
Қорытынды
Қорытындылай келе, оқшауламалардағы гирлянда элементтері бойымен кернеудің таралуын оқып үйрендім, оқшауламалар гирляндалары бойындағы кернеуді түзеу әдістерімен таныстым.
Достарыңызбен бөлісу: |