Uвых = U1 - U2
Бұл арасалмақтан кері байланысы бар ОК-тің күшейту коэффициенті К тек кері баланыспен ғана анықталады, ОК-тің өз параметрлеріне еш қатысы болмайды.
11.1 Операциялық күшейткіштердің негізгі параметрлері
Ең қарапайым сұлбада кері байланыс резистивті R элементтен тұрады және кернеу бөлгіш (делитель напряжения) болады. Бұл кезде ОК күшейту коэффициенті тек кері байланыстың босаңсу коэффициентімен анықталатын сызықты күшейткіш ретінде жұмыс істейді. Егер кері байланыс ретінде RC - тізбек болса, ОК активті сүзгіге айналады. Ал ОК-ның кері байланысы ретінде диод немесе транзистор қосылса, сигналды жоғары дәлдікпен сызықты емес түрлендірулерді іске асыруға болады.
Операциялық күшейткіштерді аз қуатты сигналдарды генерациялау және түрлендіру үшін қолдану ыңғайлы болғандықтан практикада көп кездеседі. Біз операциялық күшейткіштің ішкі құрлысының схемасына ғана тоқталамыз. Ал ондағы электрофизикалық процесстерді баяндап жатпаймыз. Себебі операциялық күшейткіштерді таңдау барысында көңіл бөлу керек параметрлері
Күшейту коэффициенті К, көпшілік ОК-де К мәні ~ 3*106 тең. Бірақ, жиілік шамасы өскен сайые К мәні төмендейді;
Максималь кіріс кернеуі UВхмакс;
Максималь шығыс кернеуі UВыхмакс;
Жұмыс істей алатын шектік жиілік диапазоны fш,
Келесі мысалдар ОК –тің жиілікке байланысты күшейту коэффициентінің К қалай өзгеретінін көрсетеді.
КР140УД1 К=2000 fж=5 МГц қорек көзі кернеуі U=±12.6 В;
КР140УД6 К=70000 fж=1 МГц қорек көзі кернеуі U=±15 В;
КР140УД1 К=50000 fж=1 МГц қорек көзі кернеуі U=±15 В;
Сондықтан ОК-тің жақсы параметрлеріне қол жеткізу үшін берілген жиілік диапазонынан шықпау керек.
11.2 Операциалық күшейткіштің қосылу сұлбалары, негізгі көрсеткіштері мен ерекшеліктері
Күшейткіштік каскадтардың параметрлері мен сипаттамалары неғүрлым кең аралықты қамтитын болса, онда олар соғұрлым әртүрлі мақсаттағы электрондық құрылғыларда қолданымды келеді. Осындай әмбебап күшейткіштік қүрылымды элементке операциялық күшейткіш жатады.
Операцияяық күшейткіштің жиілік бойынша жұмыс істеу аралығы кең, күшейту коэффициенттері өте жоғары, кірмелік кедергісі өте үлкен де, ал шықпалық кедергісі аз болып келеді. Операциялық күшейткішке мұндай қасиеттерді оның құрамына кіретін симметриялы немесе бейсимметриялы дифференциалдық каскадтар мен коллекторы ортақ каскад және басқа қосымша элементтер қамтамасыз етеді (107 сурет).
Сурет 107. Операциялық күшейткіш негізіндегі сумматордың сұлбасы.
Операциялық күшейткіштер аналогтық есептеу машиналарында және автоматты басқару қондырғыларында кеңінен қолданылады. Мұнда олар негізінен математикалық амалдарды (қосу, алу, интегралдау т.б.) орындау үшін пайдаланылады.
Үш кірмелі сумматордың, яғни кірмеге берілген сигналдардың қосындысын анықтауға мүмкіндік беретін құрылғының сұлбасы 107 суретте келтірілген. Операциялық күшейткіштін кірмелік кедергісі өте үлкен болатындықтан оның ішкі тогы өте аз болады. Сондықтан келтірілген сұлба үшін Кирхгофтың бірінші заңы бойынша
і1+і2+ і3+ік=0.
Кірмелердің арасындағы кернеулерді 0-ге тең деп алса, кірмелік токтар
; ;
ал кері байланыс тогы
мұндағы Rк - кері байланыс тізбегінің кедергісі.
Токтардың осы мәңдерін төмендегі өрнекке қойса, шығыс кернеудің мәнін аламыз.
Бұл өрнек қарастырып отырған тізбектің қосу амалын орындайтынын көрсетеді. Кірмелік кернеулер төңкергіш кірмеге берілгендіктен шықпалық кернеудің полярлығы кірмелік кернеулердің полярлығына қарама-қарсы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |