§1 Негізгі ұғымдар мен түсініитер Алдымен осы кітапта пайдаланылатын негізгі ұғымдарды
анықтап алайық.
«Тіл» ұғымына анықтама беріп көрейік.
Тіл - белгілі бір ұлттың өз ойын жеткізуіне көмектесетін барлық
сөздердің жиынтығы, олардың дұрыс тіркелуі (Д.).
Тіл - индивидтердің (жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатына-
сына қызмет етуге жарамды кез келген таңбалар жүйесі (М.).
Т іл - адамзат үжымы мүшелерініңнегізгі әрі маңызды қарым-қа-
тынас құралы саналатын семиологиялық жүйенің ерекше бір түрі,
сондай-ақ бұл жүйе адамзаттың ойлауын дамытатын, тарихи-мәде-
ни дәстүрлерін және т.б. ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін құрал (А.).
Тіл - адамзат қоғамында стихиялық жолмен пайда болып, да-
митын, адамдардың қарым-қатынас жасауына, олардың жара-
тылыстуралы бүкіл білгендері мен түйгендерін бейнелеуіне қызмет
ететін дискретті (үзік-үзік) дыбыстардың таңбасы1.
1 н.д.