орыс тілі) деп қарастырған жөн. Себебі орыс тілінің бұл екі нусқа-
сындағы идеологиялар мүлде әрбасқа.
Ағылшын тілінің диатопикалык, неллесе кеңістік (диахрония-
лык,) нұсқалары көптеп кездеседі: британдық, америкалык,, кана-
далық, австралиялық, үндістандық және т.б. Булардың ішінде кең
таралғандары - британдық және америкалық. Кең таралғандығы
сөйлеушілердің санына қарап қана айқындалмайды, сонымен қа-
тар шетел тілі ретінде меңгерушілер санына қарап та анықталады.
Дәл осы турғыдан алғанда, британдық, америкалық нусқалар кең
таралған. Ағылшын тілінің бул екі нусқасының айырмашылықтары-
на арналған әдебиеттер көп, қос елдіңтарихы мен мәдениеті тура-
лы да жеткілікті жазылған. Соған қарамастан, тіл мен идеология, тіл
мен мәдениет арақатынасы мәселелері өте аз зерттелген. Алдағы
уақытта орыс, ағылшын тілдерін салыстырғанда, екі тілдің де қай
нүсқасы екенін көрсетіп отырамыз.
Бір қызығы, зерттеу нәтижелеріне қарағанда салыстырылған
төрт нусқаның ішінде бір-біріне жақыны - америкалық ағылшын
тілі мен кеңестік орыс тілі болып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: