Коммуникация



Pdf көрінісі
бет27/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова


В.В.  Воробьев.
  О статусе 
лингвокультүрологии//
IX  Международный 
Конгресс  МАПРЯЛ.  Рус­
ский язык  и  культура  на 
рубеже  веков. Т.2.  Бра­
тислава,  1999,125- 
126-66.  Нақты бул 
туралы  В.В.  Воробьев. 
Лингвокультурология. 
Теория  и  методы.
М.,  1997.
23


әлеуметтік-саяси және экономикалық күй- 
зелістер  елдердің  көшіп-қонуын,  арала- 
суын  және  шиеленістерін  адам  айтқысыз 
күшейтіп  жіберді.  Бұл,  әрине,  мәдениет- 
тер  қақтығысына  әкеп  соғары даусыз.
Сөйте  тұра,  ғылыми-техникалық  прог­
ресс  және  адамзаттың  бейбітсүйгіш,  сана- 
лы  бөлігінің куш  салуымен,  коммуникация 
бойынша  мәдени  әріптестерге  қурмет, 
төзімділік,  мәдени  диалог,  өзара  түсіністік 
тиімділігінің  басты  шарты  -   қарым-қаты- 
настың  барлық  жаңа  мүмкіндіктері  мен 
түрін,  формасын  ойлап табуда.
Осының  барлығы  -   көңілге  күдік  уяла- 
тары  да,  сенім  ұялатары  да  -   мәдениет- 
аралық 
қарым-қатынас 
мәселелеріне 
ерекше  назар  аудартуға  түрткі  болды. 
Дегенмен  де,  бұл  мәңгілік  мәселелер  адамзатты  өте  ерте  заман- 
нан  алаңдата  бастаған.  Дәлел  ретінде  бір  мақалды  еске  түсіріп 
көрелік.  Мақал-мәтелдер халық даналығының қаймағы екені тегін 
емес.  Сөйтіп,  ол  тіл  арқылы  сақталып,  ұрпақтан-урпаққа  жеткен 
халықтың мәдени тәжірибесіне  айналып  отыр.
Күні  бүгінге  дейін  мән-мағынасын  жоғалтпаған,  әлі  де  қол- 
даныстан  түспеген  «В  чужой  монастырь  со  своим  уставом  не 
ходят»  (Бөгденің  иііркеуіне  өз  заңымен  бармайды)  деген  орыс 
мақалы  бар. Оның ағылшын тіліндегі  баламасы:  When  in  Rome, do 
as  Romans  do  (Римге  келгенде,  римдіктер  сияқты  бол)  сөзбе-сөз 
болмаса  да,  сол  мағынаны  беріп  тұр.  Яғни  екі  тілде  де  халық да- 
налығы  қазір  мәдениет  қақтығысы  деген  терминмен  әдіптелген 
шиеленістерге  жол  бермеуге тырысады.
Бұл  сөз тіркесі, өкінішке  қарай, жоғарыда  айтып  өткен  әлеумет- 
тік-саяси  және  экономикалық  секілді  көңіл  қынжыларлық  себеп- 
тердің салдарынан  «сәнге» айналды.  Көптеген босқын, иммигрант- 
тар,  репатрианттар  тіпті  «бақуатты  экономикалық»  жағдайдың 
өзінде «бөтеннің ережелері»  қақтығысынан  зардап  шегуде.
Мәдениеттер қақтығысы дегеніміз не? Неге мәдениеттер соғы- 
сы  туралы  айтатын  болдық?
«Золушка»  фильміндегі  өмір  проблемалары  жайлы  барлық 
сауалға  «Кел,  билейік!»  деп  жауап  беретін  би  тәлімгері  секілді 
мен  де  филолог  ретінде,  яғни  «сөзді  жақсы  көре  отырып»,  жауап- 
ты  тілден  іздеуді ұсынамын.
Әуелі сөз болды, сөз бар, бола бермек, соңында да сөз қалады.
Мәдениеттер  қақтығысы  терминін  түсіну  үшін  орыстың
24


шетелдік (иностранный) сөзін есіңізге түсіріңіз. Оның ішкі форма- 
сы  мейлінше  айқын:  өзге елдерден. Туған,  өзге  мемлекеттер  емес, 
мәдениет  адамдарды  біріктіреді  және  оларды  өзгелерден,  бөтен 
мәдениеттен  ерекшелеп  тұрады.  Басқаша  айтқанда,  төл  мәдени- 
е т -  халықтың ұлттық  ерекшелігін  қорғаушы  қалқан  және  өзге  ха- 
лықтар  мен  мәдениеттерден  қорғап-қоршап тұратын  бітеу дуал.
Сөйтіп, бүкіл элем адамдарды тілі мен мәдениеті арқылы бірік- 
тіріп  тұратын  «өзі»  және  тіл  мен  мәдениеттен  жұрдай  «өзгелер» 
деп  бөледі.  (Алайда  әртүрлі  әлеуметтік-тарихи  себептерге  байла- 
нысты, ағылшын тілі басты халықаралық қарым-қатынас құралына 
айналды.  Сол  себепті  де,  оны  миллиондаған  адам  пайдаланады 
әрі  бұл  тілді  ана  тілім  деп  есептемейтіндер  ағылшынтілді  әлемге 
аса  зор саяси-экономикалық және  басқа да  үлесін  қосты.
Бұл  әлемдегі  халықтар  арасындағы  қалқан  жойылды:  оның 
мәдениеті  ашық  көрмеге  қойылғандай,  өзге  адамзат  үшін  қол- 
жетімді  бола түсті.  «Менің үйім -  менің қамалым»  қағидасын жақ- 
сы  көретін  ағылшындардың  улттық  жабық  махаббаты  үшін  -   бұл 
парадокс  немесе  тағдыр  тәлкегі  сияқты  көрінуі  мүмкін.  (Олардың 
улттық үйінің есігі  бүкіл  әлемге ағылшын  тілі  арқылы  ашылды).
Ежелгі  гректер  мен  римдіктер  бүкіл  әлем  халқын  және  мәде- 
ниетін  варварлар деп  атады  -   гректің barbarous  «жателдік»  деген 
сөзінен  шыққан.  Бұл  сөз  -  дыбысқа  еліктеген  және  жат тілмен  ті- 
келей  байланысты:  бөтен  тілдер  қулаққа  түсініксіз  бар-бар-бар 
деген дыбыстар  секілді  естілген  (орыстың балаболымен  салысты- 
рыңыз).
Ежелгі  орыс  тілінде  барлық  шетелдіктерді  «неміс»  деп  атады. 
XII  ғасырдағы  орыс  мақалы  ағылшындарды:  Аглинские  немцы  не 
корыстные люди,  да драться люты9 (Аглиндік немістер өзімшіл 
емес,  бірақ  сурапыл  төбелеседі)  деп  сипаттайды.  Ақырында  бул 
сөз  жателдік  терминімен  алмастырылды  да,  неміс  сөзінің  ма- 
ғынасы  Германиядан  келген  шетелдіктер  мағынасына  дейін  та- 
рылды.  Бір  қызығы,  неміс  сөзінің  түбірі  -   нем,  мылқау  (немой), 
яғни  -   сөйлей  алмайтын  адам  (біздің  тілімізді  білмейтін  адам) 
сөзінен  шыққан.  Шетелдіктің  анықтамасы  негізінде  туған  тілінде 
сөйлей  алмайтын,  нақты  бұл  жағдайда  орыс  тілінде  сөйлей  ал­
майтын,  өзін  сөз  арқылы  түсіндіре  алмайтын  (варвар  сөзімен  са- 
лыстырыңыз)  адам уғымы  жатыр.
Неміс  сөзін  алмастырған  шет  елдерден  сөзді,  тілді  білуден 
(немесе тілді  мүлдем  білмеуден)  шыққан тегіне  қарай  көбірек ак­
цент қоятын  болды:  бөтен  жерден,  өзге елдерден.  Осы  сөздердің 
мәні -туған ,  өз  сөздерімен  қарама-қарсы  қойған  кезде  айқында- 
ла  түседі:  шетелдік,  я-ғни  бөтен,  өзге  елдерде  қабылданған.  Осы 
қарама-қарсылықта  өз және бөтен  уғымдарының арасында  өзара


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет