Дана Эзоп дүрыс айтады - тілдің мәні мен маңызы әрі мүмкіндігі оны адамның қа-
лай қолданатынымен тікелей байланысты. Адам оны жақсылық пен жамандықтың да,
мейірімділік пен қатыгездіктің де қаруы ете алады. Тап қазіргідей тіл арқылы қарым-
қатынас жасау мәселесі ешуақытта өзекті болмаған еді.
Мәдениетаралық коммуникация - қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесінің ерек-
ше көкейкестілігін айқындайтын жаңа пән. Мәдениетаралық коммуникация проблема-
ларына қазір бүкіл әлемнің ынтасы ерекше ауып отыр.
Оның жақсылы-жаманды себеп-
тері көп.
Әлемнің бұған ерекше ықылас танытуының жақсы жақтары әрине, жетерлік:
Ғылыми-техникалық прогресс, интернеттің қиял-ғажайыбы, әлемнің кез келген түк-
пірінен мобильді телефон, компьютер, теле және радиобайланыс арқылы «көзді ашып-
жүмғанша жылдам хабар алдырған» коммуникацияның алғырлығы.
Бұл - XXI ғасырдың кереметі. Ұлтаралық,
мәдениетаралық, түлғааралық байланыс
миллиондаған адамға ешқандай кедергісіз жол ашты. Бірақ ғылымның ұлы жетістіктері-
нің игілігін көруге тілдер мен мәдениеттер арасындағы түсінбеушіліктің алынбас қамалы
бөгет болуда. Соның салдарынан араздықтар өршіп, шиеленістер жиі туындауда.
Осы түсініспеушіліктен мәдениетаралық коммуникацияға деген шектен тыс қызығу-
шылықтың кері ықпалын да пайымдаймыз:
Адамзаттың жаңа тарихындағы геосаяси катаклизмдер әлем халқының миллион-
дап босқынга айналуына, жер аударылуына, көиіі-қонның күшеюіне ықпал етті. Тілдік
жэне мәдени проблемалар адамдар қауымының татулығына сызат түсіріп, этника-
лық жанжалдар өршіп, оның соңы қан төгістің, соғыстың басталуына әкеп соғуда.
Бұның салдары барлық
ксенофобия мен агрессияның, адамзаттың болашағына қауіп
төндіретін, адам айтса нанғысыз әлемдік толқуларға бастайтынын естен шығармау керек.
Осы жағдайда білімнің жаңа әрі жас саласы - мәдениетаралық коммуникацияның
дамуы - ғылымның бірінші кезектегі міндетін айқындап алға шығарды. Бүл асыра баға-
лаушылық емес. Біз ғылым мен техниканың заманауи ғажайыптарына, сондай-ақ адам
факторларының да дамып, жоғары маңызға ие болғанына куә болып отырмыз. Адам-
заттың өмір сүру салтын,
дағдыларын, салт-дәстүрін, дүниетанымы мен менталитетін,
қундылықтар жүйесін, басқаша айтқанда, біздің заманымызда антропологиялық немесе
этнографиялық мағынада мәдениет деп атауға үйренген жұрттың бәріне түсінікті термин
адамның ішкі-сыртқы әлемін толығымен таныта алмайды. Буған жұрттың бәріне түсінікті
және үйреншікті жан дүние, жылы жүрек ұғымдарын қосыңыз, «жүрекке әмір жүрмей-
ді» дегендей, адамның техникалық тұрғыдан қол жеткізген жетістігіне, айналып келген-
де адамның өзі кедергі келтіруде.
ІІІындығында, осындай «үсақ-түйек нәрсе» адамзат баласының қол жеткізген ғылы-
ми-техникалық жетістігіне нүқсан келтіреді деп кім ойлаған. Ғылыми-техникалық прог-
рестің басты мақсаты - адамзат баласын жарқын болашаққа жетелеу. Бірақ ғылым мен
техниканың
жолында оған, керісінше, рөл атқаратын тілдік және мәдени кедергілер
ылғи тосқауыл болуда.
Мінеки, сондықтан да қарым-қатынас үдерісінде, ең алдымен, әртүрлі мәдениет-
ті, әртүрлі тілді адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ету мақсаты еріксіз туын-
дайды.
9
Мәдениетаралық коммуникация - күллі ғылымдар терминдерін пайдаланатын пә-
наралық ғылым. Шынында да, философ, тілші, мәдениеттанушы,
психолог, әлеуметта-
нушы, тарихшы, географ, биолог, геолог, химик, физик және т.б., бір сөзбен айтқанда,
гуманитарлық, жаратылыстану ғылымының барлық өкілі адам әлемін, оның материал-
дық, рухани өмірін, қызметін және мәдениетін жан-жақты терең зерделеп білуі үшін бір
арнаға тоғысады.
Сонымен, кім адамды зерттесе, кім адамдық қарым-қатынас байлығын молынан
пайдаланғысы келсе,
кім адамдарды мәдениетаралық, этносаралық шиеленістерден
құтқарғысы келсе, солардың барлығы да тіл тылсымына бойлайтын ғылымның жас, бі-
рақ өте қажетті, көкейкесті саласы - мәдениетаралық коммуникация пәнімен танысқаны
абзал.
Егер де бұл кітап адамдарға ортақ тіл табысуға мысқалдай да болса септігін тигізіп,
тым болмағанда бір шиеленістің алдын алған болса, онда ол бекер жазылмағаны.
Достарыңызбен бөлісу: