Инвазивті араласуды жүргізу үшін пациенттің жазбаша келісімі
Ситуациялық тапсырма: Стационардың гастроэнтерологиялық бөлімшесіне 45 жастағы науқас түсті. Фельдшер тексеру кезінде науқас туралы келесі мәліметтерді алды: ішек босатылған кезде тік ішектен аз мөлшерде қан бөлінеді. Дәрігер науқастың ауруының себебін анықтау үшін колоноскопия тағайындайды.
Тапсырма: Сіз фельдшерсіз және пациентке зерттеуден бұрын дайындықты түсіндіріп, келісімін алуыңыз керек.
Сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Бүгін қалай ұйықтадыңыз? Шағымдарыңыз бар ма?
3
Оңтайлы бейвербальды қарым-қатынас белгілерін қолданыңыз
Пациентпен көру арқылы байланыс орнатыңыз. Жымиыңыз. Дауыс тембрі жұмсақ.
4
Әдістің диагностикалық маңыздылығын түсіндіріңіз
Мақсаты: пациентті зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; пациентті ақпараттандыру және үйрету.
5
Емшараның барысын және ыңғайсыздықтың пайда болуын түсіндіріңіз
Емшараның барысы:
Пациентті зерттеу таңертең ашқарынға жүргізілетіні туралы хабардар етіңіз.
Зерттеуге 3 күн қалғанда, метеоризмнің алдын алу үшін шлаксыз диетаны тағайындаңыз.
Болмайды: ет, қара нан, жаңа піскен жемістер мен көкөністер, көк, бұршақ және ас бұршақ, саңырауқұлақтар, жидектер, шекілдеуіктер, жаңғақтар, сүйегі бар тосап, оның ішінде ұсақ (қарақат және таңқурай), жүзім, киви.
Белсендірілген көмірді қабылдамаңыз!
Болады: сорпа, қайнатылған ет, балық, тауық еті, ірімшік, ақ нан, май, печенье, компот пен кисель.
Зерттеуге дейін дәрігер тағайындаған фортранс препаратының ерітіндісін қабылдау керек. Дене салмағының 15-20 кг үшін кем дегенде 1 пакет (1 литр ерітінді) қабылдау керек.
Ішектің босауы фортранстың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң мөлдір немесе аздап боялған сұйықтықтың бөлінуімен аяқталады; фортрансты қабылдауды зерттеу басталғанға дейін 3-4 сағат бұрын аяқтау қажет;